Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№6 сабақ_ Туынды сөз _Әдістемелік нұсқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Сабақ тақырыбы: №6 сабақ. Туынды сөз

Оқу мақсаты: 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабақ барысы

 Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз туынды сөз деп аталады. Мысалы: ерлік, татулық, жұмысшы

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз туынды сөз деп аталады. Мысалы: ерлік, татулық, жұмысшы

(Ұ) Табайық. Қай гүлге қай көбелек қонғанда жаңа сөз жасалатынын анықта.

Қандай сөздер шықты? Осы сөздердің әрқайсысынан қандай сөздер жасау? Жауабы: көңілді, жыршы, құрылысшы, сыншы, сәнді, тәрбиелі, таулы, еңбеккер.

Алып тоспа

«Медеу» мұзайдының жоғары жағында алып тоспа тұр. Биіктігі 107 метр. Тоспаның құрылысы 1972 жылы аяқталды. Тоспа 1973 жылы 15 маусымда болған апатты селдің алдын бөгеді. Қазаншұңқырдың үштен екі бөлігі суға толды.

1980 жылы құрылыстың екінші кезегі іске қосылды. Әуелгі бөгет тағы 40 метрге биіктетілді. Бөгет тұлғасының өзі бір тау, етегінде – мұзайдын.

«Медеу» мұзайдыны 1972 жылы салынып бітті. Стадионға 12 жарым мың көрермен сияды. Коньки жарысына бейімделген үш сырғанақ жолы бар. Ені бес метрден. Айналым қашықтығы 400 метр.

(Т,Қ) Сызба бойынша туынды сөз жасау. Қатемен жұмыс.

Оқушылар топтастырылып, сызба бойынша өз сөздік қоржындарындағы сөздерді пайдаланып,түбір сөздерден туынды сөздер жасайды. Өзара бағалайды.№1                                                №2. . .                                                  . . .. . . -дық                                       . . . -тық. . .                                                  . . .

. . .                                                    . . .. . . –лық                                      . . . -лік. . .                                                  . . .

. . .                                                    . . .. . . -қыш                                       . . . -кіш. . .                                                  . . .

Оқушыларға мақалды оқып, жатқа жазу ұсынылады.

Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.

Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда.

Мақалдың мағынасын қалай түсінгеніңді айт.

Қай сөзге жұрнақ сәйкес келеді? Туынды сөз жаса. Туынды сөздер қатарын жалғастырып көр.

Әдемілік, шеберлік

Кітапхана, асхана

Жайлы, ыңғайлы

Бақытты, салмақты

Жазайық

 Мәтіннен туынды сөздерді тауып, дәптеріңе көшіріп жаз. Сөздерді құрамына қарай талда. Түбір мен жұрнақты тиісті белгімен белгіле.

Отырар – аты аңызға айналған ортағасырлық қала. Археологиялық қазбалар кезінде ежелгі қала орнынан бірқатар сәулет ескерткіштері табылды. Сәулетті сарайлардың, мешіттердің қалдықтары аршылып алынды. Олар – жұма мешіті, тұрғын үйлер, монша ғимараттары және орталық қақпа мен түрлі қабырғалар. Көне Отырар орта ғасырларда ірі сауда орталығы болған.

Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы: Мәтінді көшіріп жаз. Туынды сөздердің астын сыз. Кітапханаға барғаның жайлы әңгімеле.

Алматыдағы ең үлкен кітапхана – Ұлттық кітапхана. Кітапхананың залдары кең, жарық. Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жұмысшылар келеді. Мұнда керек кітаптың бәрі бар. Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу