алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№15 сабақ_ Түбір сөздегі-ы,-і өзгерісі _ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Турсынова Л.Д

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

15 сабақ Түбір сөздегі –ы,-і өзгерісі

Орын-орны

Мойын- мойны.

Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
  • сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

Оқушылардың кейбірі:

  • сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

Бағалау критерийлері

  • түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Түбір, қосымша, жалғау

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Қосымша жалғанғанда түбір сөздер өзгере ме? Мысалдар келтір

Жалғау жалғанғанда түбір сөздің мағынасы өзгере ме?

Құндылықтар

Адамгершілікке, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбір сөздер мен туынды сөздер

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал орнату.

Күндей нұрланып

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастайық

-Көңіл- күйлерің қандай?

-Бүгін қай күн?

-Ауа райы қандай?.....

Үй тапсырмасын тексеру.

Бірінші жолдағы сөздерге -жуан, екінші жолдағы сөздерге жіңішке қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жаз.

Өнерпаз, ұста, жұлдыз, шолпы, орақ.

Зергер, киіз, күміс, шегіртке, білезік

Сөздерді көшіріп, жаз.

Халық-халқы, ерік-еркі, құлып-құлпы, орын-орны, бөрік-бөркі.

  • Сөздерді салыстыр, олардың бір-бірінен өзгешелігін тап.
  • Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны ата.
  • Сөздердің жазылуын есте сақта.

Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут

5-7 минут

1минут

10 минут

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

(ЖЖ) Мақалды оқып, жатқа жаз.

Ел көркі-мал,

Өзен көркі – тал.

  • Қарамен жазылған сөздің түбірін тап.
  • Түбір сөздің жазылуындағы өзгерістің себебін түсіндір.

Жұмбақтардың шешуін тап.

1. Мойны тұтасқан,

Аузы апан.

Жоны жалпақ,

Бұты талтақ. (сусиыр)

2. Жалтыраған бөркі бар,

Жарқыраған көркі бар.

(шам)

  • Қарамен жазылған сөздерді мойын, ауыз, бөрік, көрік сөздерімен салыстырып, олардың жазылуындағы өзгешеліктің себебін түсіндір.

(МК,Т) Берілген сөздерді қатыстыру арқылы сөйлемдер құрап жаз.

Сеуіп, кеуіп, тауып.

  • Осы сөздердің түбірін тап. Олар қандай

өзгеріске ұшырағанын айт.

Мәтінді көшіріп жаз.

Асыл мен Асан жасырынбақ ойнады. Асан Асылды тез тауып алды. Ал Асыл Асанды таба алмады. Өйткені Асан қорадағы ескі сандықтың ішіне кіріп жасырынған еді.

  • Қарамен жазылған сөздердің түбірі қай сөз?
  • Мәтінді сөз құрамына талда.
  • Мәтінге ат қой.
  • Мәтінді өзің әрі қарай жалғастыр.

(ЖЖ) Мәтінге оқып, оған ат қой.

Құлақты кірпі шөлді жерлерді мекендейді. Оның денесі ебедейсіз, арқа жағын тікенекті, бүйір, бауыр, бас, мойын жағын қылшық жүн басқан. Құлағы үлкен, жақсы естиді. Соның арқасында жауынан түнде жақсы сақтанады. Кірпі жемін түнде аулайды. Ол қауіп төнгенде мойнын ішінде тығып алып, домалана қалады.

  • Өзіңнің зер салғыштығыңды тексер: мәтінді көшіріп

жазып, оны жұбыңмен тексеріп шық.

  •  Қарамен жазылған сөздердің ішінен қосымшалы сөзді тауып, астын сыз.

Қима қағаздар

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту.

Өзінөзі бағалау

  • Бармақты жоғары көтеруі – жақсы.
  • Бармақты көлденең ұстаса -тәжірибені қажет етеді
  • Бармақтар төменге бағытталса - әлі де жақсартуды қажет етеді.

Үйге тапсырма: Орын-орны, мойын- мойны, дауыс-даусы сөздеріне сөйлем құрап жаз.

Қосымша ақпарат

Саралау -оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қиюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау, сұраулы сөйлемдерді топтастыру барысында;
  • Үй тапсырмасы бойынша мүмкіндігіне қарай таңдау
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Жазба жұмысын «Бағалау бағдаршамы» негізінде ұйымдастыру
  • Өзін-өзі бағалау кестесі

Белсенді қимыл іс-әрекеттер, сергіту сәтін ұйымдастыру.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы