Үлгерімі нашар оқушымен жұмыс жоспары


Мақсаты: Үлгерімі нашар оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, жеке тұрлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік стандартты меңгерту. 

Міндеттері:1.Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау. 

2.Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау.

3.Мұғалімдер білімі мен кәсіби сапасын арттыру.4.Оқушының жеке даму диагностикасы.

5.Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын   

   қадағалау.

Үлгерімі нашар оқушылардың үш тобы бар:

1 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен. (танымдық процестердің төмендегі ойлау, қабылдау, зейін, есте сақтау)

2 – топ: Ақыл – ой қызметі жоғары, бірақ оқуды игеру деңгейі төмен

3 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен,оқуды игеру деңгейі орта ауытқылардың

жүйке жүйесінің бұзылуынын себептерін анықтау ата -аналармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен жұмыс бірлесіп жүргізу. Әр бір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілеттерін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізу

оқушылардың психологиялық ауытқушылықтарын анықтау.

Үлгермейтін оқушыларға арналған ереже

1.Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды. 

2. Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру

3.Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы

4.Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.

5.Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек.

6.Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек.

7. Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру.

 

 

Үлгерімі нашар оқушылардың мықты жақтары да болады: 

- үйде олар оқшауланбай жұмыс жүргізе береді;

- олардың белсенділігі кеш пайда болады, әрі көпке дейін сақталады;

- олар бірізділік жұмысқа бейімделуі байқалады;

- Олар өздері жеке өз жұмысын ұсынуға мүмкіндігі бар, тапсырмаларды орындау қабілеттері бар.

 

Үлгерімі нашар оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспар

р\

Іс -шара

Мерзімі

1

Сынып оқушыларының психологиялық- физиологиялық даму деңгейін диагностикалау

қыркүйек

2

Оқушының үлгере алмау себептерін ата-анамен

кездесу арқылы, мектеп мамандарымен әңгімелесу: психологпен, дәрігермен, логопедпен және оқушының өзімен бірге анықтау.

қыркүйек

3

Үлгерімі нашар оқушының білімдегі ақаулықты жою бойынша жеке жұмыс жоспары оқу жылына құрылады.

қыркүйек

4

Сабақ барысында өзіндік жұмыстарды жасауда жеке қатынас ұйымдастыру. Оқушының қабілеті жететін жұмыстар құрастыру, оны бірізді күрделендіру арқылы қабілеттілігін арттыру.

Жыл бойы

5

Оқушының білімінің тақырыптық есебін жүргізу.

Жыл бойы

6

Пән бойынша жеке жұмысын ұйымдастыру.

Жыл бойы

7

Оқушыға ауызша, жазбаша тапсырмаларды алмастыра отырып орындату

Жыл бойы

8

Оқушыны мәтінді түсініп оқуға, оны мазмұндауға, ерекшеліктерін естеріне сақтауға үйрету

Жыл бойы

9

Тарих сабағына байланысты презентациялар жасау арқылы оқушының есте сақтау қабілетін дамыту

Жыл бойы

10

Пәнді оқытуда жергілікті жердегі мұражайларда танымдық сабақтарын ұйымдастыру

Жыл бойы

11

Тоқсанына бір рет мониторинг оқыту процесі бойынша білімді меңгеруіне қатысты мониторинг жүргізу

Оқы жылы ішінде тоқсан сайын

12

Жылдың аяғында үлгерімі нашар қушылармен жүргізілген жұмыстар бойынша есеп жүргізу

Оқу жылының аяғында

Үлгерімі нашар оқушылардың тізімі

 

р\

Оқушының аты жөні

Сыныбы

Келу уақыты

1

Серікқан Ержігіт Русланұлы

5 "А"

Дүйсенбі, бейсенбі

Сағат: 12.40.

2

Жакашев Әлінұр Арманұлы

5 "А"

Дүйсенбі, бейсенбі

Сағат: 12.40.

3

Қайрат Бексұлтан Қуанышұлы

5 "А"

Дүйсенбі, бейсенбі

Сағат: 12.40.

Пән мұғалімі: Жарылгасинова Ж. Г.

Оқушының жеке даму картасы

1

Оқушы аты-жөні

Серікқан Ержігіт Русланұлы

2

Сынып

5 "А"

3

Қай пән бойынша үлгерімі төмен?

Негізгі пәндер: қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы

4

Оқушының тәртібі

"қанағаттанарлық"

5

Үлгермеу себебі

1) Оқушының қатардан қалып қоюы әуелде ұсақ-түйектен басталуы мүмкін. Өтілген материалдың біраз жерін не тұтасымен бәрін түсіне алмай қалады. Осының салдарынан оқушы сабақты меңгере алмайды. Жаңа сабақ өткен тақырыпқа негізделіп жүргізілетіндіктен, оны да шала түсінеді. Сонымен біртіндеп оқушы бағдарламаның бір бөлігін шала түсінген немесе мүлде түсінбеген болып шығады.

2) Мұғалім оқушының білімін жиі-жиі тексеріп, есепке алмағандықтан. Оқушының нақты білімін саралап анықтамайды. Ережелер құрғақ жатталынады. Уақыт жетпейді деген сылтаумен жаттығу жұмысы  аз орындалады. Содан барып оқушылар білгенін, үйренгенін іс жүзінде қолдануға қиналады. Үйге тапсырма беру мен оны тексеру әдістемесінің дұрыс болмауы оқушылардың сабақты үлгермеуінің бір себебі.

6

Оқушымен жұмыста қандай жұмыстар жүргізіледі?

Үй тапсырмасының орындалуын қадағалау;

Сыныптан тыс уақытта жекелей қосымша жұмыс жүргізу;

Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыстарына қосымша тапсырмалар беру, олардың орындалуы бойынша нұсқаулар беру, орындалуын қадағалау. Бақылау, жазба жұмыстарын, тесттерін талдау, қатемен жұмысты ұйымдастыру;

7

Оқушының үлгере алмауын жоюда кімдермен бірлесе жұмыс жасалады?

Ата – анасы мен сынып жетекшісімен байланыста болу;

Танымдық қиыншылықты жеңуге байланысты сыныптан достарының көмегін ұйымдастыру;

8

Қанша уақыт жұмыс атқарылуда

5 ай

9

Өзгерістер байқалды ма?

Әрине. Баланың сөйлеу мәнерінде, ойында, пікірінде, көзқарасында ілгерілеушілік байқалды. Бала тақырыпқа қатысты тың деректерді іздеп, жинақтауға дағдыланды.

10

Жұмыс нәтижесі қандай?

Бала пәнге қатысты сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларға қатыса бастады, әдеби шығармаларға баланың зейіні бөліне бастады.

Үлгерімі нашар оқушылардың білім деңгейінің өсу дәрежесін бағалау параметрлері

Пәні: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Жарылгасинова Ж. Г.

Оқушының аты-жөні: Серікқан Ержігіт Русланұлы

I-тоқсан

II-тоқсан

III-тоқсан

IV-тоқсан

Тақырыбы

5.1. Қазақстан

дағы ежелгі адамдардың өмірі

5.2.

Ежелгі көшпелілер өмірі

5.3.

Үйсіндер мен қаңлылар

Қорытынды

1

Оқу материалын меңгеруі, теориялық білімі

40%

49%

56%

2

Мәтінді түсініп оқуы, талдауы

45%

50%

58%

3

Дұрыс жазуы, дәптермен жасалған жұмыстары

48%

52%

55%

4

Түсінік айтуы

45%

50%

52%

5

Сөздік қоры

45%

49%

54%

6

Оқулықпен жұмыс істеу икемділігі, мәтінді өз бетімен меңгеруі

45%

50%

53%

7

Терминдік қоры жеткіліксіз, пікірін толық дәлелдеуі

45%

48%

52%

8

Мұғалім тарапынан берілген шығармашылық

жұмыстарды орындау

47%

49%

52%

9

Сыныптағы белсенділігі

48%

50%

52%

10

Білімінің көтерілу деңгейі

45%

49%

52%

Ескерту: (Үлгерімі нашар оқушылардың білім деңгейінің өсу дәрежесін бағалау параметрлері, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, 1 - ден 10 - ға дейінгі балмен өлшенді)

- 1 - 3 (30%) "2-лік" баға

-3 - 3 (40 - 60%) "3-тік" баға

-4 - 4 (70 - 80% ) "4- тік" баға

-5 - 5 (90 -100 %) "5 - тік" баға

2021- 2022 оқу жылы бойынша Үлгерімі нашар оқушылардың білім деңгейінің мониторингі

Сараптама: 2021 -2022 оқу жылы бойынша 5 "А" сыныбында үлгерімі нашар бірнеше оқушымен жұмыс жүргізілуде. Тарих пәні бойынша оқу материалын меңгеруі, теориялық білімі, мәтінді түсініп оқуы, талдауы, дұрыс жазуы, дәптермен жасалған жұмыстары, оқулықпен жұмыс істеу икемділігі, мәтінді өз бетімен меңгеруі сияқты критерийлермен жұмыстар жасалуда. Оқу жылының 3 тоқсаны бойынша салыстырмалы түрде ілгерілеушілік біршама бар( ол жоғарыдағы мониторингте көрсетілген). Мысалы: Серікқанұлы Е - 3 тоқсан бойынша 7 пайызға, Жақашев Ә - 3 тоқсан бойынша 8 пайызға, Қайратұлы Б - 3 тоқсан бойынша 9 пайызға біршама көрсеткішке қол жеткізді. Ары қарай аталған оқушылармен терминдік қорлары мен пікірін толық дәлелдеуі бағытындағы да жұмыстар жасалып отыр.

Пән мұғалімі: Жарылгасинова Ж. Г.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу