Облегация, Вексаль - қаржы сауаттылығы


Мектеп атауы

М.Әуезов жббм

Бөлім:

Банк жүйесі

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тлесова Г

Күні: 13.11.24

Сынып: саны: 10 Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Облегация, Вексаль

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Сабақтың мақсаты

Құндылықтар

Әділдік және жауапкершілік айы;

Апта дәйексөзі:

Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру

Ұйымдастыру кезеңі

Ой шақыру

-Құқықтық реттеу – қоғамдық пікір және мемлекеттік аппарат мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілетін міндетті түрде орындалуы тиіс деп санайсыз ба?

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Мұғалімнің кері байланысы

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Оқушылар көшпелілердің баспанасы туралы ИНСЕРТ стратегиясын толтырады.

Инсерт әдісі

бұрыннан білемін

+ жаңа тың мәлімет

- келіспеймін

? тағы білгім келеді

«Төрт шаршы»-мәтінмен жұмыс

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз.

Иеленушісінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады және шығарылым шарттарында басқа жәйттер көзделмесе‚ қарызгердің иеленушіге тіркелген пайызбен қоса осы бағалы қағаздың атаулы құнын күні бұрын көрсетілген мерзімде өтелуін міндеттейді.

Облигация қатаң түрде ерікті негізде таратылады және ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздар; кәсіпорындардың облигациялары түрлерінде шығарылады. Атаулы‚ ұсынушыға арналған‚ пайыздық‚ пайызсыз‚ еркін айналымды немесе шектеулі облигация болуы мүмкін.

Олар болашақта нақты тауар өндіру (қызметтер көрсету‚ жұмыстарды орындау) кепілдігімен пайызсыз мақсатты облигация түрінде де шығарылады. Мұндай облигация кәсіпорындар мен халықтың арасында таратылады‚ олардың иесі осы облигация кепілдікпен шығарылған тауарларды сатып алуға‚ қызметтерді пайдалануға басым құқық алады.

Анықтамасы]

Облигация дегеніміз белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компания) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент облигация йемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге міндетті. Әдетте, облигацияларды мемлекет, жергілікті билік органдары немесе компаниялар қаржы тарту мақсатында шығарады.

Шығу тарихы

Облигациялардың шығу тарихы және әлемге таралуы XVI-XVII ғасырлардан басталады. Бірінші облигациялар қарыз алушының (эминент) белгілі бір уақыт кезеңінде қарызын өтеуде, сондай-ақ ақшаны пайдаланғаны үшін қосымша сыйақы төлеуде қолданылатын. Облигациялар алғашында табысы төмен және бүкіл шарттары алдын ала белгіленген қаржы құралдың бір түрі болып саналатын.

XIX ғасырда Ориентал Банк қолданған вексель түрі

Тарихи деректер бойынша, облигациялардың халықаралық қаржы сахнасында пайда болуы шіркеудің өсімқорлыққа қарсы күресімен байланысты. XVI ғасырдың ортасында Францияда шіркеу қудалауынан құтылу мақсатында кредиторлар ақшаны қарызға облигация жүзінде беріп, өз іс-әрекеттерін табыс ағынын сатып алу/сату деген атпен ақтаған. Ал XVI ғасырда Голландияда пайда болған облигациялар, өсімқорлықпен айналысатын адамдарға альтернатива ретінде қолданылған.  Облигация шығаратын бизнес иелерінің пайымдауынша, олар облигация йемденушілеріне «кредиттік пайызды» емес, «пайданың пайызын» төлейтін. Сонымен қатар, алғашында облигациялар, вексельге ұқсас рөл атқаратын болған. Шығарылған бір нысан облигацияларға бір ғана бланк толтырылатын. Бланкта облигацияның тұрақты құны, өтеу мерзімі және пайыздық пайдасы анық көрсетілетін. Бір қызығы, көптеген елдерде облигациялардың бланкілерінде мәтін француз тілінде жазылатын. Бұл дәстүр XX ғасырдың басында дейін сақталған.[1]

Ерекшеліктері

Облигацияның йемденушіге әкелетін пайыздық пайдасы акцияға қарағанда төмен. Алайда, нарықтың өзгеруіне байланысты акцияның құнсызданып кету қаупі жоғары, ал облигация секілді құнды қағаздар мұндай өзгерістерге шыдамды болып келеді. Сонымен қатар, егер кенеттен компания банкротқа ұшыраса, онда облигация ұстаушылар бәрі-бірде өз ақшаларын және де қосымша пайыздық пайдаларын қайтарып ала алады, ал сол компанияның акция ұстаушылары компания қарыздарын төлемейінше, өз ақшаларын қайтара алмайды. Сондай-ақ акцияны сатып алған адам келесі жылы компанияның табысы қаншалықты болатындығын, дивиденттер көлемі қаншалықты өзгеретіндігін нақты айта алмайды. Ал, облигацияның табысы оның үстіндегі пайыздық мөлшерлемесі болғандықтан, алдын-ала жазылып қойылады. Мысалы: $1 долларлық немесе $1,000,000 долларлық облигацияның да пайыздары бірдей.[2]

Облигациялар инвестициялар қоржынын (портфель) диверсификациялау үшін өте жақсы. Облигациялардың пайыздық пайдасы және құнсыздану қаупі өте төмен болғандықтан, ол инвестициялар қоржынының құнсыздану қаупін азайтады. Сондықтан, облигациялармен көбінесе акциялардың волатильділігін ұнатпайтын консервативті инвесторлар мен трейдерлер жұмыс істейді. [3]

Облигациялар ұзақ мерзімді инвестицияларға бағытталған. Облигацияларды бір айға немесе бір жылға сатып алу тиімсіз. Тіпті бес жылдың өзі облигация үшін аз мерзім болып саналады. Мысалы: АҚШ үкіметінің облигациялары он жылдық мерзіммен шығарылады және облигация йемденушісіне шамамен 3,5% жылына пайда әкеледі. Мұндай төмен пайда үшін қысқа мерзімді инвестиция жасау тиімсіз.  [4]

Түрлері

Облигациялар қолданыс мерзіміне, пайыздық пайдасына, және шығу тегіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Инвесторға әкелетін пайыздық пайдасына байланысты  облигация екі түрлі болады:

Тұрақты пайызды облигациялар – алдын ала қойылған мерзім ішінде пайыздық пайда өзгермейтін облигация түрі. Бұл жағдайда, инвестор табысы екі компоненттен тұруы мүмкін: біріншіден, облигациялар шығарушы компания жылдық пайыздық мөлшер көлемі бойынша жылына бір немесе екі рет төлемдер жасауға келіседі. Бұл табыс купон немесе купондық пайда деп аталады. Екіншіден, инвестордың табысы облигацияны сатып алған баға мен оның номиналды құны арасындағы айырымнан жиналуы мүмкін. Бұл баға айырымын дисконт деп, ал әкелетін табысты дисконтты деп атайды.

Өзгермелі пайызды облигациялар - пайыздық табыс түрлі макроэкономикалық факторларға байланысты өзгеретін облигация түрі. Әдетте, облигацияның бұл түрі инвесторлар мен компания-қарыз алушыларға нарықтық жағдайлар өзгерген кезде пайда болуы мүмкін қаржылық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер корпоративтік облигациялар мөлшерлемесі Лондондық банкаралық ұсыныс ставкасына байланған болса, онда облигациялардың өзгермелі пайыздық табысы LIBOR бойынша есептеледі, яғни Лондонда орналасқан 16 бірінші дәрежелі банктердің орташа пайыздық мөлшерлемесімен анықталады. [5]

Ал шығу тегіне байланысты облигациялар екі түрлі болуы мүмкін:

Корпоративтік облигациялар – акционерлік қоғамдармен шығарылатын тәуекелі жоғары облигация түрі. Корпоративтік облигациялардың пайыздық табыс әкелу мөлшері эмитенттің облигациялар сенімділігіне байланысты 8-ден 18% -ға дейін өзгереді.  Нарықтықта табыстылығы мен тәуекелдіктің деңгейі әртүрлі  облигациялар кездеседі және солардың ішінен инвестор өзіне қалайтынын сатып ала алады. Мысалы, ірі компаниялардың облигацияларының купондық төлемдер өте төмен бірақ олардың сенімділігі жоғары болады. Ал жоғары пайыздық төлемдермен шығарылатын облигациялар әдетте кішігірім сенімсіз компаниялармен сатылады. Алайда нарыққа бағалы қағаздарын енді шығарып жатқан жаңа компаниялар да пайыздық табысты жоғары қылып қояды.

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушылар өз жұмыстарының қорытынды

ларын сынып алдында қорғайды.

Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін анықтайды;

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Ең үздік жауап»

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»

Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

Тірек-сызбалар

Кесте

«ЕНАРА» стратегиясы

ҚБ парағы

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Облегацияның түрлері мен ерекшеліктері

Кері байланыс

Не білдім?

Не көрдім?

Не түсіндім?

Нені жетілдіруім керек?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект

Тексерілді: Исаев Қ.

Мектеп атауы

М.Әуезов жббм

Бөлім:

Банк жүйесі

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тлесова Г

Күні:

20.11.24

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сынып: саны:

10 Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ининвестициялау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру

Ұйымдастыру кезеңі

Ой шақыру

-Құқықтық реттеу – қоғамдық пікір және мемлекеттік аппарат мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілетін міндетті түрде орындалуы тиіс деп санайсыз ба?

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Мұғалімнің кері байланысы

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Оқушылар көшпелілердің баспанасы туралы ИНСЕРТ стратегиясын толтырады.

Инсерт әдісі

бұрыннан білемін

+ жаңа тың мәлімет

- келіспеймін

? тағы білгім келеді

«Төрт шаршы»-мәтінмен жұмыс

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау.

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестициялық қызмет - пайда табу және (немесе) басқа тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін инвестициялау және практикалық әрекеттерді орындау.[1]

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шетел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушылар өз жұмыстарының қорытынды

ларын сынып алдында қорғайды.

Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Ең үздік жауап»

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»

Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

Тірек-сызбалар

Кесте

«ЕНАРА» стратегиясы

ҚБ парағы

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Инвестицияның мәні, қызметі

Кері байланыс

Не білдім?

Не көрдім?

Не түсіндім?

Нені жетілдіруім керек?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект

Тексерілді: Исаев Қ.

Мектеп атауы

М.Әуезов жббм

Бөлім:

Банк жүйесі

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тлесова Г

Күні: 25.11.24

27.11.24

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сынып: 11 А

11 Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ининвестициялау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру

Ұйымдастыру кезеңі

Ой шақыру

-Құқықтық реттеу – қоғамдық пікір және мемлекеттік аппарат мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілетін міндетті түрде орындалуы тиіс деп санайсыз ба?

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Мұғалімнің кері байланысы

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Оқушылар көшпелілердің баспанасы туралы ИНСЕРТ стратегиясын толтырады.

Инсерт әдісі

бұрыннан білемін

+ жаңа тың мәлімет

- келіспеймін

? тағы білгім келеді

«Төрт шаршы»-мәтінмен жұмыс

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау.

Инвестициялық қор – компаниялардың құнды қағаздарды сатып алуға жұмсайтын қаржысы. Инвестициялық қор ашық және жабық нысанда болады. Ашық инвестициялық қорда компания жаңа акцияларды ұдайы сатады да, ескілерін сатып алады, одан түскен табыстарын басқа компаниялардың құнды қағаздарына сатып алуға жұмсайды. Жабық инвестициялық қорда компания дәл белгіленген мөлшерде капиталданады, тек ескі акциялардың негізінде ғана жұмыс істейді. Инвестициялық қордың жұмысына мемлекет лицензия береді.

Инвестициялық қорлар туралы

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлiк инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу ерекшелiктерiн, қызметiн, қайта ұйымдастырылуын және таратылуын, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуін тоқтату шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн айқындайды.

2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар              туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.      3. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлiк қоғамдар туралы заңдары инвестициялық қорларға қолданылады.

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушылар өз жұмыстарының қорытынды

ларын сынып алдында қорғайды.

Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Ең үздік жауап»

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»

Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

Тірек-сызбалар

Кесте

«ЕНАРА» стратегиясы

ҚБ парағы

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Инвестицияның мәні, қызметі

Кері байланыс

Не білдім?

Не көрдім?

Не түсіндім?

Нені жетілдіруім керек?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект

Тексерілді: Исаев Қ.

Мектеп атауы

М.Әуезов жббм

Бөлім:

Банк жүйесі

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тлесова Г

Күні:

04.12.24

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сынып:

10 Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қаржы нарығы жəне инвестициялар (практикалық сабақ)

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру

Ұйымдастыру кезеңі

Ой шақыру

-Қаржы нарығы туралы түсінік, инвестицияның түрлері

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Мұғалімнің кері байланысы

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Сабақтың мазмұны:

1. Қаржы нарығы.

2. Қаржы нарығын реттеу

3. Инвестиция жəне олардың түрлері

4. Актив таңдау.

5. Əр түрлі активтерден түсетін табыс.

6. Инвестициялау кезінде тəуекелдерді басқару

7. Қаржы делдалдары.

8. Қаржы делдалдарын таңдау

9. Инвестициялық стратегиялар

3. Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

«Қаржы нарығы» түсінігімен жəне оның субъектілерімен таныстыру, қаржы нарығын реттеу бойынша білім мен тəжірибелік дағдылар жүйесін қалыптастыру; инвестицияның əртүрлі түрлерін жəне бизнеске инвестиция салу ережелерін оқып білу; қаржылық активтер жəне оларды сауатты басқару, сондай-ақ ықтимал тəуекелдер жəне оларды азайту туралы білімді дамыту; инвестициялық тұрғыдан қаржылық делдалдардың түрлері мен қызметтері туралы білімдерін дамыту; ақшаны инфляциядан қорғайтын жəне табыс əкелетін негізгі қаржы құралдары туралы білім алу.

5. Сабақтарды өткiзу тəртібі: - Үйге берілген тапсырманы тексеру

- Тақырып бойынша теориялық білімді тексеру - Пысықтау есептері - Тақырып бойынша тест тапсырмасы (google формада) Есеп-1: Облигацияның номиналы 1000 теңгені құрайды. Купон жылдық 10% құрайды. Өтеу мерзімі – 1 жыл. Инвестор облигацияны 990 теңгеге сатып алды. Инвестициядан түскен пайда қанша пайызбен есептеледі?

Есеп-2: Инвестициялық компания клиенті 25 облигация сатып алды. Облигацияның номиналы 1000 теңге, ал жеңілдік 12%. Оның инвестициясының қайтарымы қандай?

Қосымша ақпарат. Дисконттық (нөлдік купонды) облигациялар бойынша купон төленбейді.

Бұл облигациялар номиналды бағадан төмен бағамен, яғни дисконтпен (дисконт) шығарылады. Инвестордың табысы сатып алу бағасы мен оған белгілі бір мерзімнен кейін төленетін номиналды құн арасындағы айырмашылық нəтижесінде қалыптасады.

Есеп-3. Инвестор 2022 жылдың 7 тамызында 18000 теңгеге акция сатып алып, оны 2022 жылдың 7 қарашасында 19800 теңгеге сатты. Бұл акция бойынша инвестордың жылдық табысы қандай? Бір жылда 365 күн санаңыз. Сатып алу күні есепке алынбайды.

Есеп-4: «Инвестициялық қызмет» пай қорының активтерінің құны 600 миллион теңгені құрайды. Қорда 600 мың акция бар. Комиссия белгілі бір кезеңдегі активтердің орташа құнының 3% құрайды. Сыйақы алынбайды жəне 365 күннен аз уақытта өтеуге ұсынылған кезде жеңілдік 0,25% құрайды. Бір жылдан кейін (бір жылды 365 күн деп есептейміз) үлестің құны 11520 теңгеге дейін өсті. 13% табыс салығын төлеп, 10 акция сатып алған инвестордың бір жылдан кейін өз үлесін сатуға бел байлаған пайдасы (пайызбен) қанша болады?

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушылар өз жұмыстарының қорытынды

ларын сынып алдында қорғайды.

Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Ең үздік жауап»

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»

Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

4. Техникалық (оның ішінде оқытудың да) жəне инструментальдық құралдар: слайдтар, презентациялар, электрондық оқулық, есептер

Суреттер

Тірек-сызбалар

Кесте

«ЕНАРА» стратегиясы

ҚБ парағы

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Инвестицияның мәні, қызметі

Кері байланыс

Не білдім?

Не көрдім?

Не түсіндім?

Нені жетілдіруім керек?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект

Тексерілді: Исаев Қ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу