Мәміле түсінігі және оның түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Мәміле түсінігі және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
10.3.1.6 құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Мәміле
Шарт
Сенімхат
Сату- сатып алу
Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:
Мәміле дегеніміз (...)
Ауызша және жазбаша мәмілелер
Екі жақты және көп жақты
Шарт жасау қажет, себебі (...)
Шарт түрлері (сатып алу сату, кепіл хат, және т.б.)
Мәміле ұғымы
АК-тің 147-бабында мәміле азаматтар мен заңды түлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген.
Мәміле – бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс-әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.
Мәмілелердің түрлері:
бір жақты және екі жақты, көпжақты
биржалық
ақылы және ақысыз
шартпен нақты жасалған
Біржақты мәміле дегеніміз заңдарға немесе талаптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәмілелердің анағүрлым жиі кездесетін түрі — өсиет қалдыру. Әдетте біржақты мәмілелер тым көп бола бермейді.
Шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне
бір нәрсе беруі керек болса, бүл ақылы мәміле болып табылады (мәселен,
оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы
алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле
ақысыз болып есептеледі
АК-тің (156-бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты қүқықтары мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға
қатысу-шылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасалады.
1 топ: Сенімхат
2 топ: Сату- сатып алу
3 топ: Мұрагерлік
4 топ: Айырбас
Критерий:
1. Мәміле жасау тәртібінің сақталуы.
2. Құжатты жасау сауаттылығы.
3. Нормативтік құқықтық актілерге сүйену
Топтық жұмыс
Рефлексия
«Бес саусақ» әдісі
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімге риза болдым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5. «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?