Мәміле түсінігі және оның түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.
Оқу мақсаты: азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдап, жауапкершіліктерін анықтау.
Міндеттеме- құқықтық қатынастар және міндеттер. Міндеттеме заңға және шартқа сәйкес орындалуы тиісті. Егер борышкер пайдалану үшін үш бөлмелі пәтер ұсынуға міндеттенсе, ол оны беруге міндетті.
Шарт- екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімдерді шарт деп танылады. (АК 378 бап).
Борышкер- міндеттемеге сай бір адам белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға тиіс. Ол борышкер деп аталады. Мысалы, несие беруші борышкерден міндеттеме мазмұнында көрсетілген әрекеттерді жасауды талап етуге құқылы: ақшаны қайтаруды, белгілі жұмыстарды орындауды, ақша төлеуді және т.б. қамтиды.
Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері. Мәміле - бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.
Мәмілені жасау — мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.
Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.
Мәміле — арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтардан ерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік- Азаматтық құқықта көзделген жауапкершілік азаматтық-құқықтық жауапкершілік деп аталады. Көп жағдайда шарттың бұзылуы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдануға себеп болады. Оның бұзылуы салдарынан мүліктік залал (зиян) келеді. Залал (зиян) келтірген адам оның орнын толтыруға тиіс. Көп жағдайда мүліктік зиян келтіріледі. Ол мүліктің жоғалуынан немесе зақымдануынан, жәбірленушінің шығынынан, ол ала алмаған кірістерден құралады. Жауапкершілік шарасы ретінде айып төлеуге қолданылуы мүмкін.
1 тапсырма: берілген ұғымдарға мысал келтіріңіздер:
Дескриптор: оқушылар кестеде берілген ұғымдарға мысалдар келтіреді.
Ұғымдар | Мысалдар |
Міндеттеме | |
Шарт | |
Борышкер | |
Мәміле | |
Азаматтық құқықтық жауапекершілік |
2-тапсырма Шарт түрлеріне қатысты берілген «Жер учаскесін сатып алу-сату шартымен» танысып, тараптардың құқықтарын мен міндеттерін анықтаңыз.
Дескриптор: шарт түрлеріне қатысты берілген «Жер учаскесін сатып алу-сату шартымен» танысып, тараптардың құқықтарын мен міндеттерін анықтайды.
Жер учаскесін сатып алу-сату Шарты Өскемен қаласы №____ 2010 жылғы _____
Бiз, төменде қол қоюшылар, жер қатынастары саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізінде әрекет жасайтын, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Виктория Александровна Барсукова тұлғасында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының өкілетті органы бiрiншi тараптан және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын Мусагали Ауезбекович Садыковтың атынан 2010 жылғы 29 қаңтардағы сенімхаттың негізінде әрекет жасайтын Асем Талгатовна Чакпантаева екiншi тараптан 27 төмендегiдей Шарт жасадық:
1. Шарттың мәнi
1.1 Сатушы сатады, ал Сатып алушы Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 3813 қаулысының негізінде жер учаскесін шартқа қоса тіркелген жер учаскесінің жоспары бойынша (1-қосымша) сатып алады.
1.2 Жер телiмiнiң орналасқан жерi және оның деректерi:
Орналасқан жерi: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр атындағы және Новаторлар көшелерінің қиылысында, «РЕЧНИК» ГИТК, № 186 бокс
Кадастрлық нөмiрi: 05-085-073-611
Жалпы ауданы: 0,0024 га
Нысаналы мақсаты: гаражды орналастыру үшін Пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар: жоқ Бөлінуі немесе бөлінбеуі: бөлінбейді
2. Жер учаскесінің құны
2.1 Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемжерғылөнорталығының Шығыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Өскемен филиалымен анықталған және «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бекітілген жер учаскесінің бағалау құны 5812 (бес мың сегіз жүз он екі) теңге құрайды.
2.2 Жер учаскесін сатып алу бағасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысымен бекітілген жер үшін базалық төлем ставкалары бойынша, III шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3/33-III шешімімен бекітілген түзету коэффициенттерінің ескерілуімен анықталды және 5812 (бес мың сегіз жүз он екі) теңгеге тең және Сатып алушымен осы Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылатын жер учаскесінің құнын анықтау актісі (2-қосымша) бойынша төленуі тиiс.
3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
3.1 Сатып алушының: жер учаскесінің құнын толық төлеген соң және құқық куәландыру құжатын алған соң Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 25-бабы бойынша жер учаскесінің жеке меншік иесінің құқығын іске асыруға құқығы бар.
3.2 Сатушының: а) пайдаланылатын жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды және пайдаланатын жерді қорғауды бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар; б) Сатып алушы жер учаскесі үшін Шартпен белгіленген мерзімде төлем жасамаған жағдайда Сатушы сатылған жер учаскесінің төлемін төлеуді немесе жер учаскесін қайтаруды талап етуге құқығы бар.
3.3 Сатып алушы мiндет алады: а) жер учаскесінің құнын Сатушыға Шартқа қол қойылған сәттен бастап 30 күн ішінде төлемдерді мына шотқа төлеуге: Бенефициар: Өскемен қаласы бойынша салық комитетi. СТН 181600000011, ИИК 000080900, Бенефициар банкi - Астана қаласындағы Қазынашылық Комитет БИК 195301070, код 303101 б) шарт талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, Шарт жасаған сәтте белгiленген жер телiмiн пайдаланудағы құқықтардың шектелуін және олардың ауыртпалықтарын сақтауға.
3.4 Сатушы мiндет алады: а) Сатып алушыға жер учаскесін шарт жағдайына сәйкес тапсыруға; б) жер учаскесіне барлық шектеулер мен ауыртпалықтары туралы Сатып алушыны хабарландыруға. 4. Тараптардың жауапкершiлiгi
4.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Шарт талаптарының орындалмауына немесе ойдағыдай орындалмауына жауапкершiлiк артады. 28
4.2. Осы Шарттың 3.3 тармағының а) тармақшасында белгіленген мерзімде жер учаскесін сатып алу төлемi бұзылған жағдайда, «Сатып алушы» төлем төленуге тиісті күннен бастап «Сатып алушы» төлемді төлеген күнге дейін әрбiр өтiп кеткен күнге тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiмен тағайындаған қайта қаржыландыру ставкаларынан есептеледі.
5. Дауларды қарау тәртiбi Келiссөз жолымен шешiлуi мүмкiн емес шарттан туындайтын барлық келiспеушiлiктер сот тәртiбiнде қаралады.
6. Шарттың қолданылуы
6.1. Шарт оған тараптар қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және мемлекеттік тіркеуге жатады.
6.2. Осы шарт және жер учаскесін сатып алу бағасының толық төленгенін растайтын құжаттар Сатып алушыға жер учаскелеріне меншiк құқығының актiсiн ресiмдеп беруге негiз болып табылады.
6.3 Шарт бірдей заңды күші бар үш дана етiп жасалды, оның бiр данасы Сатып алушыға, екiншi данасы Сатушыға беріледі, үшіншісі жер-кадастрлық ісінде сақталады.
Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:
Сатушы Сатып алушы ШҚО, Өскемен қаласы Астана қаласы, Киров көшесi, 33 Достық көшесі, 12-2
___________________ В. Барсукова _____________ А. Чакпантаева Қабанбай батыр атындағы көше, 82-19 М.А.Садыковтың атынан 2010 жылғы М.О. 29 қаңтардағы сенімха
3 тапсырма: ҚР Азаматтық кодексін пайдалана отырып мәміле түрлеріне мысалдарды келтіріңіз.
Дескриптор: ҚР Азаматтық кодексін пайдалана отырып мәміле түрлеріне мысалдарды келтіре алады.
Мәміле түрлері | |
Қатысушылары бойынша | |
Мерзімі бойынша | |
Формасы бойынша |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?