Мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.
Сабақтың мақсаты:
Мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Шарт
Мәміле
Сатып алу-сату
Сыйға беру
Айырбас
Тарап
Шарт еркіндігі
Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады.
Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері.
Мәміле — бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс-әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді.
Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.
Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы.
шартты жасау еркіндігі;
шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.
Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:
Шарт/мәміле дегеніміз (...)
Шарт жасау қажет, себебі (...)
Ауызша және Екі жақты және көп жақты мәміле үлгісі (ауызша, нотариус арқылы құқықтық реттеу немесе жазбаша келісім шарт т.б.)
Мәміле/Шарт түрлері (сатып алу сату, кепіл хат, және т.б.)
Топтастыру
І-топ Сату-сатып алу шарты
ІІ-топ Айырбас шарты
ІІІ-топ Сыйға беру шарты
ІV-топ Кепіл хат
Мәміле/шарт түрлерін қарастырып, жағдаяттарды талдау
Үй тапсырмасы:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI (Ерекше бөлім)
2-бөлiмше. Шарт туралы жалпы ережелер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?