Кернеу. Электр тізбектері. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Кернеу. Электр тізбектері.

Оқу мақсаттары:

8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру.

1 сурет бойынша сұрақтарға жауап бер:

  • Вольтметр тізбектің қандай бөлігінде кернеуді өлшейді?
  • Құралдың бөлік құны қандай? (0 – 1 арасында 5 штрих).
  • Вольтметр қандай шекті кернеуге есептелінген?
  • Неге вольтметр 0 көрсетіп тұр?

2 сурет бойынша сұрақтарға жауап бер:

1. Құралдың бөлік құнын табыңдар

2. Вольтметр тізбектің қандай бөлігінде кернеуді өлшейді?

3. Вольтметр көрсеткіші қандай?

4. А шамындағы кернеуді қалай өлшеуге болады?

Шартты белгілерді қолданып электр тізбегінің сұлбасын сызыңдар.

1. Электр тізбегінің сызбасын сызыңыз.

2. Сызбада (+) и (-) полюстерін көрсетіңіз. Қайсысы амперметр, қайсысы вольтметр?

3. Қандай бөлікте ток пен кернеуді өлшейді?

Өзіңді тексер

А, Б, В,Г фрагменттерден тұратын мәтінді құрастырыңыз:

А. Негізгі ерекшелігі…

1. электрофорлық машинаның… 2. термоэлементтің…

3. аккумулятордың… 4. фотоэлементтің…

5. гальвани элементінің…

Б. электр энергиясына айналуы болып табылады…

1. Жарық энергиясының. 2. химиялық энергияның.

3. ішкі энергияның. 4. механикалық энергяның

В. Егер келесі шарты орындалса:

1. құрал жарықпен сәулелендіреді,..

2. оның ұштарында температуралар айырмасы пайда болады..

3. дискілердің айналуына келтіреді..

4. зарядтардың бөлінуі бойынша химиялық реакция жүреді..

Г. онда… 1. электр тогы пайда болады

2. оның энергия қорын пайдаланған соң разрядталады және

бұл энергия қорын бастапқы күйіне келтіруге болмайды

3. оның энергия қорын пайдаланған соң разрядталады және

бұл энергия қорын бастапқы күйіне келтіруге болады

4. найзағайға ұқсас электр заряды пайда болады.

Қосымша тапсырмалар:

1. Егер тізбек бойымен 15 Кл заряд өтіп, 6кДж жұмыс атқарылатын болса, онда кернеуді анықтаңыздар.

2. 60 Кл зарядты бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезінде 12 мин ішінде 900Дж жұмыс атқарылады. Тізбектің кернеуін және ток күшін анықтаңздар.

3. 500Дж жұмыс атқарылған, 25 Кл заряд өтетін тізбектің кернеуі неге тең болады?

4. 220В кернеуге қосылған спираль қыздырғышы арқылы 15 Кл заряд өтетін болса, онда жасалатын жұмысты анықтаңыздар.

5. 240 Кл зарядты бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезінде 16 мин ішінде 1200Дж жұмыс атқарылады. Тізбектің кернеуін және ток күшін анықтаңздар.

6. Егер кернеуі 4В велосипед шамының ток күші неге тең, 1 с ішінде оның бойымен 0,8 Дж энергия жұмсалса.

Практикалық жұмыс

Тапсырма: Суретте берілген элементтерден пайдаланып тізбек кұрастырыӊдар. Шамдағы ток күшін және кернеуді өлшеӊдер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу