Кернеу. Электр тізбектері. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Кернеу.

Электр тізбектері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

  • Электр тізбегінің шартты белгілерін білу және оларды графикалық бейнелеуде қолдану;
  • Электр кернеуінің физикалық мағынасын білу және формуласын есептер шығаруда қолдану

 Бағалау критерийлері

  • Кернеудің физикалық мағынасын түсіндіреді;
  • Кернеудің формуласын есептер шығаруда қолданады;
  • Электр тізбектерінің шартты белгілеулерін біледі;
  • Жиналған электр тізбектердің негізінде электр сұлбаларын графикалық бейнелейді.

 Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қазақша

русский

english

Электр тогы

Электрический ток

Electric current

Кернеу

Напряжение

Voltage

Өткізгіш

Проводник

Conductor

Потенциал айырымы

Разность потенциалов

Potential difference

Өткізгіш арқылы заряд өткен кезде...

При прохождении заряда через проводник...

As charge flows (passes) through the conductor…

Потенциал айырымы негізінде...

На основании разности потенциалов...

According to potential difference…

Оң полюсынан теріс полюсына қарай...

От положительного полюса к отрицательному полюсу...

From the plus pole to the minus pole

Вольтметр

Вольтметр

Voltmeter

Параллель

Параллельное

Parallel

Оқушылар электр кернеуі ұғымын ауызша түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Электр кернеуі деп........

Өткізгіш арқылы заряд өткен кезде...

Потенциал айырымы негізінде...

Вольтметр тізбекке ..................жалғанады.

 Құндылықтарды дарыту

Ұқыптылыққа мен адамгершілікке баулу

Пәнаралық байланыстар

Формулаларды түрлендіру және оларды есептер шығару барысында қолдану, математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

ХБЖ; электр заряды; электр өрісі; электр тогы; ток күші, Амперметр

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8 мин

8-10 мин

1) Оқушылардың теориялық материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін ауызша сұрақтар қойылады.

1. Электр тогы дегеніміз не?

2. Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарды ата.

3. Вольт бағанасы туралы не білесің?

4. “Электр қозғаушы күші” дегеніміз не?

(өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз)

5. Өткізгіштегі электр тогын оның өткізгішке тигізетін әрекеттерін ата.

6. Қандай ток көздерін білесің және олардың шартты белгісін сыз.

7. Зарядтардың бөлінуі дегеніміз не?

8. “Электр тогы” түсінігін алғаш рет кім енгізді?

2) Ой қозғау. Бұл белгі туралы не білесіздер?

Оқушылар жұпта талқылайды. Талқылау барысында бұл белгі қауіпсіздік шарасы екенін түсінулері тиіс.

3) Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге талқыланады

- Кернеудің физикалық мағынасын және оның өлшем бірлігін түсіндіру

Презентация

Сабақтың ортасы

10-20 мин

20-35 мин

35-37 мин

4) Түсіндіру. Мұғалім «Кернеу» мағынасын және кернеуді өлшеу мен өлшеуіш құралды қалай қолдануды түсіндіреді

5) Сабақты бекіту. Оқушылар теориялық білімдерін қолдану үшін әр түрлі тапсырмалар орындайды

1. Электр тізбегінің сызбасын сызыңыз.

2. Сызбада (+) и (-) полюстерін көрсетіңіз. Қайсысы амперметр?Вольтметр?

3. Қандай бөлікте ток пен кернеуді өлшейді?

2. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.

3. Кернеу формуласын қолданып есептерді шығарыңдар.

Өзіңді тексер!

А, Б, В,Г фрагменттерден тұратын мәтінді құрастырыңыз:

А. Негізгі ерекшелігі

1. электрофорлық машинаның… 2. термоэлементтің…

3. аккумулятордың… 4. фотоэлементтің…

5. гальвани элементінің…

Б. электр энергиясына айналуы болып табылады

1. Жарық энергиясының. 2. химиялық энергияның.

3. ішкі энергияның. 4. механикалық энергяның

В. Егер келесі шарты орындалса:

1. құрал жарықпен сәулелендіреді,..

2. оның ұштарында температуралар айырмасы пайда болады..

3. дискілердің айналуына келтіреді..

4. зарядтардың бөлінуі бойынша химиялық реакция жүреді..

Г. онда

1. электр тогы пайда болады

2. оның энергия қорын пайдаланған соң разрядталады және

бұл энергия қорын бастапқы күйіне келтіруге болмайды

3. оның энергия қорын пайдаланған соң разрядталады және

бұл энергия қорын бастапқы күйіне келтіруге болады

4. найзағайға ұқсас электр заряды пайда болады.

Жауаптар: А1Б4В3Г4; А2Б3В2Г1; А3Б2В4Г3; А4Б1В1Г1; А5Б2В4Г2

Дрыс жауаптарды пайдаланып оқушылар өзін-өзі тексереді.

Презентация

Таратпа материал

Сабақтың соңы

37-40 мин

6) Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін

7) Үй жұмысы. Электр кернеуі тақырыбын оқу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар үйренуі тиіс:

Электр тізбегінің шартты белгілерін;

Электр кернеудің формуласын;

Электр кернеуіне негізделген есептер шығаруын

Оқушылардың көпшілігі үйренуі тиіс:

Электр тізбегінің сұлбасын жасауын;

Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс:

Кернеу мен ток күшін өзара байланыстыратын деңгейлік тапсырмаларын шығаруды.

Мұғалім бағалауы мен оқушылардың өзін- өзі бағалауы

Физика кабинеттіндегі қауіпсіздік техника сақтау ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу