Кернеу. Электр тізбектері. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақтың тақырыбы: Кернеу. Электр тізбектері.

Оқу мақсаттары:

8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру.

Теориялық материал

Электр кернеуі. Вольтметр.

 Тізбектіӊ берілген бөлігіндегі заряд бірлігініӊ орын ауыстыруы үшін токтыӊ атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шаманы осы бөліктіӊ электр кернеуі деп атайды.

 1 Вольт = 1 Джоуль / 1 Кулон

 1 В = 1 Дж / 1Кл

 

 Егер өткізгіш бойымен 1 Кл зарядты орын ауыстырғанда 1 Дж ге теӊ жұмыс істелсе, онда тізбек бөлігіндегі электр кернеуі 1 В қа теӊ болады.

Аналогия: Шлангадағы судыӊ қарама-қарсы жағындағы деӊгейлері бірдей болса, онда су ақпайды. Су деӊгейлерініӊ айырмашылығы ток көзініӊ кернеуі сыяқты.

 Өткізгіштіӊ ұштарындағы кернеуді өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.

 Өткізгіштіӊ қандай да бір екі нүктесініӊ арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды параллель жалғау деп атайды.

 Вольтметр - параллель жалғанады.

 Вольтметр және оныӊ шартты таӊбасы

 Электр тізбегінде амперметр тізбектей, вольтметр параллель жалғанады. Амперметрдің ішкі кедергісі кіші, ал вольтметрдің кедергісі үлкен болу керек.

 Адам үшін 12 В ға дейінгі кернеу қауіпсіз есептеледі.

 

Жұппен жұмыс. Практикалық тапсырма

Тапсырма: Суретте берілген элементтерден пайдаланып тізбек кұрастырыӊдар. Шамдағы ток күшін және кернеуді өлшеӊдер

Шешуі:

Тізбектегі ток күші 0,2 А, шамдағы кернеудіӊ мәні 4,5 В.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу