![]() |
|
![]() |
Кернеу. Электр тізбектері. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Оқу мақсаты:
8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағына-сын, оның өлшем бірлігін түсіндіру
Тапсырма1
15.16. Қалта шамының түбінде «0,2А» деген жазу бар. 2с ішінде шам арқылы қанша заряд өтеді?
15.18. 43- суретте шкаласы бар амперметр көрсетілген. Амперметрдің бөлік құнын және өлшеу шегін анықтаңыз. Амперметрдің көрсетуін жазыңыз?
15.20. 45 суретте екі амперметр көрсетілген. Тізбектегі ток күшін дәлірек өлшеу үшін қай амперметрді таңдар едіңіз? Жауабыңызды негіздеңіз (дәлелдеңіз).
15.23. Электр шамының ток күшін анықтаңыз, егер электр шамының қыздыру сымы арқылы 5 минутта 150 Кл заряд өтсе.
15.24. Қалта шамының электр шамы 0,22 А ток өндіреді. 10 с ішінде шам арқылы қанша заряд өтеді?
15.25.Қанша уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 60 Кл заряд өтіп, 200 мА ток күшін береді?
Практикалық тапсырма. Суретте берілген элементтерді пайдаланып тізбек кұрастырыӊдар. Шамдағы ток күшін және кернеуді өлшеӊдер.
Сабақты бекітуге арналған тапсырма 2
№1.Тізбектің бір учаскесі арқылы 10Кл электр өрісі өткен кезде 10Дж жұмыс істейді. Тізбектің осы учаскедегі кернеуін анықта.
№2.Электр шамының қылсымынан 5 мин сайын 540Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай болады?
№3.Тізбектің біручаскесіарқылы 1Кл электр өрісі өткенде сол учаскеде 5Дж жұмыс істеледі. Осы учаскедегі кернеу қандай?.
Қосымша тапсырма «Қатесін тап»
Электрлік сызба нұсқалар көрсетіледі. Қатесін тауып, дұрыс сызылған сызбанұсқаны көрсетеді.Ойын жеткізу үшін уақыт.
А | |||||||||||||||||
К | |||||||||||||||||
| |||||||||||||||||
М | |||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||
| Т | ||||||||||||||||
|
|
- Ток күшінің өлшем бірлігі?
- Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ... де атайды?
- Амперметрді тізбекке қалай жалғаймыз?
- Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы
- Ерітінділерге болатын тоқтың әрекеті?
- Өткізгіш бойымен ток өтсе ол қызады. Осы әрекет қалай аталады?
- Тұрақты ток көзін тапқан ғалым
- Атом құрылысы
- Тоқ көзі
- Кедергіге вольтметр қалай жалғанады?
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023