Дайындалған бұйымды көркемдеу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация.


2А Бөлім – Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Дайындалған бұйымды көркемдеу

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

• Сіздер өздеріңіздің дөңгелек үстелдеріңізді дайындауға қандай материалдар мен құралдар таңдадыңыздар?

• Үстелді қандай техникада орындадыңыздар?

• Тәжірбиелік жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті?

Сабақтың оқу мақсаты:

• Түрлі құралдар көмегімен дөңгелек үстеліне элементтеріне көркемдеу жұмыстарын орындау;

• Дөңгелек үстел бетінің тақтайын көркемдеу үшін нобай немесе суреттер дайындау.

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

• Түрлі құралдар көмегімен өздері дайындаған қазақтың дөңгелек үстеліне көркемдеу жұмыстарын орындайды;

• Көркемдеу элементтеріне ұлттық ою- өрнектердің нобайларын креативті пайдаланады.

Өзіңіздің дөңгелек үстеліңізге арналған көркемдеу жұмыстарын қалай орындайсыз?

Үстел бетін безендіруге қандай ою- өрнек немесе сурет таңдайсыз? Неліктен?

Ою- өрнектерді немесе суреттерді қандай техникада орындайсыз?

Ою- өрнек немесе суреттерді бояуға қандай түстерді таңдайсыз?

https://www.youtube.com/watch?v=jBufH3bbs-s

Қағаздан ою- өрнек қиып алу

Ою- өрнек қиып алу түрлері

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Үстел бетінің тақтайының ортаңғы бөлігіне шеңбер тәрізді және жиектеме ою- өрнек орналастырыңыз.

Безендіру жұмыстарына ою- өрнек немесе суреттерді бейнелеу барысында трафарет немесе басқа да әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы:

• Үстел бетінің тақтайына арналған ою- өрнектер нобайын қағазға сызып алыңыз;

• Оны қайшымен ұқыптылықпен қиып алыңыз;

• Үстел бетінің тақтайына симметрия заңдылықтарын сақтай отырып, өрнекті композиция құрастырыңыз;

• Барлық ою- өрнекті орналастырып болғаннан кейін, ұқыпты етіп қаламмен басып шығыңыз.

Әр топ өздерінің орындаған жұмыс нәтижелерін талқылайды. Талқылауға 5 минут уақыт берледі.

Этностильдегі ою- өрнектер үлгілері

Дискрипторлар:

Қауіпсіздік техникаларын қатаң сақтайды;

Өз жоба жұмыстарына қажетті материалдарды таңдайды;

Материалдарды көркемдеу/ безендіру жұмыстарына тиімді техникаларды қолданады;

«Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен талқылаңыз:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .

Back to AFL Tools



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу