![]() |
|
![]() |
Дайындалған бұйымды көркемдеу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.
Ағашты күйдіріп өрнектеу әдісі
Алдымен біз ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен танысайық. Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы құрылысы тұрғысынан:
1-негізі;
2-ток күшін үнемдеуші;
3-күйдіргіштің тұтқасы,
4-шиыршық (спираль) немесе электрод;
5-ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады.
Ағашты күйдіріп өрнектеу электр бізбен жасалады. Ондай біздер арнаулы дүкендерде сатылады. Тіпті оны қолдан жасап алуға болады. Біздің бөлшектеріне 127В-тан 2В-қа дейін төмендетілетін тарнсформатор кіреді. Тұтыну қуаты 20 Вт шамасында. Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл электрод атқарады.
Күйдіріп өрнек салуға үшқатты немесе ағаштың жұмсақ түрлері (жөке, терек және қандыағаш) пайдаланылады. Күйдіріп өңдеген кезде пайдалану үшін суреттері бар арнаулы альбомдар, сызба үлгілері қолданылады. Бастапқы кезде суреттері қиылатын альбомдарды, кітап, журналдарды да пайдалануға болады. Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды. Ол үшін таңдап алынған суретті жылтыр қағазға немесе папирус қағазына көшіріп, көшірмесін көшіргі қағазбен кіршіксіз тазаланған ағаштың бетіне түсіреді. Оюлары бір нұсқадағы өрнектерді күйдіріп түсіргенде, қатты қағаздар мен үшқаттан кесілген дайын үлгілер мен трафареттерді пайдалануға болады. Оларды ұқыптап тазаланған ағаштың бетіне қойып, қарындашпен сызып шығады.
Күйдіру әдісінде алғашқы суреттерді нүкте-нүкте етіп күйдіріп байқау керек. Нүктелерді үлкенді-кішілі, терең-саяз етіп күйдіріп, ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып, бейнелейтін заттың көлемін анықтап қолды үйретеміз. Күйдіріп сурет салатын ағаштың бір шетін көтеріңкіреп, көз алдынан 30-25 см қашықтықта ұстаған жөн. Күйдіріп өңделген ағашты бояуға немесе лактауға болады.
Пайдаланылған ресурстар:
https://sabaqtar.kz/technologiya/10065-aashty-kydrp-rnekteu.html
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023