Дайындалған бұйымды көркемдеу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Дайындалған бұйымды көркемдеу.» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің алтыншы тақырыбы. Өткен сабақта оқушылар өз бұйымдарының элементтерін өңдеп, құрастырма жұмыстарын орындаған болатын. Бүгінгі сабақта оқушылар дайын бұйымдарына көркемдеу жұмыстарын орындайтын болады. Сабақта көркемдеу техникаларының бірнеше түрлері туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер туралы оқып алу ұсынылады.

Сабақ алдыңғы білімдерін қолдану дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды талдау арқылы жаңа сабақтың мақсатын байланыстыру ұсынылады.

Сабақ барысы

Презентация:....

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылармен бірге алдыңғы сабақта орындаған бұйымдарын көркемдеу жұмыстарын жасау барысында қауіпсіз техникасы туралы (қосымша 1) нұсқама жүргізу ұсынылады. Бүгінгі сабақта оқушылармен өздері орындаған бұйымдарын қалай көркемдеуге болатынтуралы әңгімелесіңіз. Жаңа тақырыпты толығымен игеру мақсатында оқушыларға берілген бейне баянды көрсету ұсынылады.

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Бұл тапсырмада оқушылар өткен сабақта топқа бөлінген сыныптастарымен бірге тәжірбиелік жұмыстарын жалғастыратын болады.

Оқушылар бұл тапсырмада нобайларына сүйене отырып, әрбір топ өздерінің үстел үстінің беттеріне көркемдеу/ безендіру жұмыстарын жүргізетін болады. Оқушылар үстел бетінің тақтайын көркемдеу үшін алдымен ұлттық ою- өрнектердің нобайын қағазға орындап, оны қиып алады. Одан әрі дайын болған өрнектерден композиция құрады. Өрнектер композициясы дайын болғаннан кейін, үстел бетінің тақтайына қалам көмегімен орналастыруды ұсыныңыз.

Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс орындау ұсынылады.

Оқушылар өз нәтижелерін таныстырады.

Әр топтың таныстырылымына 5 мин уақыт беру ұсынылады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу