Дайындалған бұйымды көркемдеу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А Бөлім – Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дайындалған бұйымды көркемдеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.1

Қол, механикалық құрал-жабдықтарын қолдана отырып, бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану.

8.2.3.3

Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.

 Сабақ мақсаттары

  • Түрлі құралдар көмегімен дөңгелек үстеліне элементтеріне көркемдеу жұмыстарын орындау;
  • Дөңгелек үстел бетінің тақтайын көркемдеу үшін нобай немесе суреттер дайындау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Түрлі құралдар көмегімен өздері дайындаған қазақтың дөңгелек үстеліне көркемдеу жұмыстарын орындайды;
  • Көркемдеу элементтеріне ұлттық ою- өрнектердің нобайларын креативті пайдаланады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Көркемдеу құралдарына мысал келтіреді;
  • Көркемдеу құралдарының міндетіне қарай ерекшеліктерін түсіндіреді;
  • Тұрмыстық заттарды көркемдеуге арналған түрлі материалдарды анықтайды және атайды.

Пәндік лексика және терминология:

Ұлттық тұрмыстық заттар, ою- өрнектер, технолгиялық құжаттар.

  • Мен бұл ою- өрнектерді таңдаған себебім...
  • ... техника арқылы бұйымды безендіру ... болды.
  • Мен бұл материалдарды қолданған себебім ...
  • Техногиялық карта ........үшін керек.

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, технология, математика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерртеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Сіздер өздеріңіздің дөңгелек үстелдеріңізді дайындауға қандай материалдар мен құралдар таңдадыңыздар?
  • Үстелді қандай техникада орындадыңыздар?
  • Тәжірбиелік жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті?

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ

Сабақтың ортасы

5 мин.

25 мин.

.

Оқушылармен үстел үсті тақтайы мен аяқтарын қандай әдіс арқылы көркемдейтіндері туралы талқылайды. Сұрақтар:

  • Үстел бетін безендіруге қандай ою- өрнек немесе сурет таңдадыңыз? Неліктен?
  • Ою- өрнектерді немесе суреттерді қандай техникада орындайсыз?
  • Ою- өрнек немесе суреттерді бояуға қандай түстерді таңдадыңыз?

Алдыңғы білімдерінде оқушылар техникалармен және көркемдеу тәсілдерімен, лак және бояу түрлерімен таныс болатын.

Тәжірбиелік жұмыс жасар алдыңда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы оқушылардың есіңе салу керек.

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Оқушылар орындалған нобайларына сүйене отырып, әрбір топ өздерінің үстел үстінің беттеріне көркемдеу/ безендіру жұмыстарын жүргізеді. Үстел бетінің тақтайының ортаңғы бөлігіне шеңбер тәрізді және жиектеме ою- өрнек орналастыруға болады. Безендіру жұмыстарына ою- өрнек немесе суреттерді бейнелеу барысында трафарет немесе басқа да әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы:

  • Үстел бетінің тақтайына арналған ою- өрнектер нобайын қағазға сызып алыңыз;
  • Оны қайшымен ұқыптылықпен қиып алыңыз;
  • Үстел бетінің тақтайына симметрия заңдылықтарын сақтай отырып, өрнекті композиция құрастырыңыз;
  • Барлық ою- өрнекті орналастырып болғаннан кейін, ұқыпты етіп қаламмен басып шығыңыз.

Әр топ өздерінің орындаған жұмыс нәтижелерін талқылайды. Талқылауға 5 минут уақыт берледі.

Дискрипторлар:

  • Қауіпсіздік техникаларын қатаң сақтайды;
  • Өз жоба жұмыстарына қажетті материалдарды таңдайды;
  • Материалдарды көркемдеу/ безендіру жұмыстарына тиімді техникаларды қолданады;

Дөңгелек үстелге арналған ою- өрнек:

http://www.liveinternet.ru/users/3361560/post361964428/

https://www.youtube.com/watch?v=jBufH3bbs-s

Қағаздан ою- өрнек қию.

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия: «Талқылаудағы әріптестер»

Сабақтың басында өткен сабақта не месе сабақтың аяғында жаңа сабақ бойынша не талқылағандығы туралы анықтау үшін қолданылады..

Серіктеспен талқылаңыз:

  • Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:
  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу