алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Дайындалған бұйымды көркемдеу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Дайындалған бұйымды көркемдеу.» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің алтыншы тақырыбы. Өткен сабақта оқушылар өз бұйымдарының элементтерін өңдеп, құрастырма жұмыстарын орындаған болатын. Бүгінгі сабақта оқушылар дайын бұйымдарына көркемдеу жұмыстарын орындайтын болады. Сабақты ағашты көркемдеу техникаларының бірнеше түрлері туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер туралы оқып алу ұсынылады.

Сабақ алдыңғы білімдерін қолдану дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды талдау арқылы жаңа сабақтың мақсатын байланыстыру ұсынылады.

Сабақ барысы

Презентация:....

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылармен бірге алдыңғы сабақта орындаған бұйымдарын көркемдеу жұмыстарын жасау барысында қауіпсіз техникасы туралы (қосымша 1) нұсқама жүргізу ұсынылады. Бүгінгі сабақта оқушылармен өздері орындаған бұйымдарын қалай көркемдеуге болатын туралы әңгімелесіңіз.

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Бұл тапсырмада оқушылар өткен сабақта топқа бөлінген сыныптастарымен бірге тәжірбиелік жұмыстарын жалғастыратын болады.

Оқушылар бұл тапсырмада нобайларына сүйене отырып, әрбір топ өздерінің үстел үстінің беттеріне көркемдеу/ безендіру жұмыстарын жүргізетін болады. Көркемдеу жұмысына ағашты күйдіру техникасын қолдануды ұсынуға болады. Күйдіру жиектік, сызықшалы және нүктелік әдістерді таныстырып, ұсыныңыз.

Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс орындау ұсынылады.

Оқушылар өз нәтижелерін таныстырады.

Әр топтың таныстырылымына 5 мин уақыт беру ұсынылады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

Қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқама:

 Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі

  Жұмысқа дейін:

 1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді ретте.

 2. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

 3. Электркүйдіргіш аспабын тек мұғалімнің рұқсатымен қосу қажет.

 4. Электркүйдіргіш бауында жалаңаш сым көрсеңдер, басқа да ақаулықты байқаған жағдайда бірден мұғалімді хабардар ету қажет.

  Жұмыс кезінде:

 1. Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басуға болмайды.

 2. Сызық соңында суреттен бізді бірден көтеру керек.

 3. Күйдіріп жатқан жерге жақын еңкеюге болмайды.

 4. Қызып тұрған бізді киімге, денеге тигізіп алудан сақ болу керек.

 5. Көзді демалдыру үшін, электркүйдіргішті суыту үшін әрбір 20 минут сайын үзіліс жасау керек.

 Жұмыстан кейін:

 1. Жұмыс орныңды ретке келтір.

 2. Жұмыс соңында және үзіліс кезінде электркүйдіргішті электр желісінен ажырату керек.

 3. Өзіңді ретке келтір.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы