Дайындалған бұйымды көркемдеу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация.


2А Бөлім – Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Дайындалған бұйымды көркемдеу.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

Үстелді қандай техникада орындадыңыздар?

• Тәжірбиелік жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті? Қандай жолмен шешуге болады?

• Сіздің таңдаған ою- өрнегіңіз қандай?

• Неліктен бұл өрнекті таңдадыңыз?

Сабақтың мақсаты:

• Қажетті құралдар көмегімен дөңгелек үстел элементтеріне күйдіру әдісі арқылы көркемдеу жұмыстарын орындау.

• Дайын болған үстел элементтерін ою- өрнектермен безендіру.

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

• Құралдар көмегімен өздері дайындаған қазақтың дөңгелек үстелініне күйдіру әдісін тиімді орындайды;

• Көркемдеу элементтеріне ұлттық ою- өрнектерден эстетикалық композиция құрады.

Өзіңіздің дөңгелек үстеліңіздің соңғы өңдеу жұмыстарын қалай орындайсыз?

Үстел бетінің тақтайын қандай әдіспен көркемдейсіз?

Күйдіру әдісі тиімді ме? Неге?

Бояу әдісі тиімді ме? Неге?

Күйдіру жиектік, сызықшалы және нүктелік әдістер деп үш топқа бөлінеді:

Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады. Жұмыс қара-пайым электркүйдіргіш бізімен ағаш шетін айналдыра күйдіру арқылы орындалады.

Күйдіргіш біз әр түрлі пішінді (иілген, түзу) болуы мүмкін: мысалы, сегіз тәрізді, Z тәрізді немесе V әрпі тәрізді. Осындай пішіндерді пайдалану арқылы өрнектер жасауға болады. Көбіне дайын бұйымдарды осылай әшекейлейді

Сызықшалы әдісте сурет бетіне электркүйдіргішпен жылдам қозғалыстар жасау арқылы сызықшалар түсіреді (сызықшалар қаншалықты қысқа болса, түсі де қанық болады).

Солғын түс беру үшін ағаш бетіне электркүйдіргіштің бізін сәл ғана тигізіп өтеді.

Негізінен, барлық күйдіру жұмыстары осы әдіспен орындалады

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Орындалған нобайлары мен техникалық құжаттарына сүйене отырып, әрбір топ өздерінің үстел үстінің беттеріне көркемдеу/ безендіру жұмыстарын жүргізіңіздер.

Әр топ өздерінің орындаған жұмыс нәтижелерін талқылайды. Талқылауға 5 минут уақыт берледі.

Дискрипторлар:

Қауіпсіздік техникаларын қатаң сақтайды;

Электркүйдіргіш құралдарының қолдану мақсаттарын біледі;

Өз жоба жұмыстарына қажетті материалдарды таңдайды;

Материалдарды көркемдеу/ безендіру жұмыстарына тиімді технологияларды қолданады;

«Талқылаудағы әріптестер»

Сабақтың басында өткен сабақта не месе сабақтың аяғында жаңа сабақ бойынша не талқылағандығы туралы анықтау үшін қолданылады..

Серіктеспен талқылаңыз:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .

Back to AFL Tools



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу