Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар2.2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рим империясы Шығыста неліктен сақталды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.3 – Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу

 Сабақ мақсаттары

Византияның ұзақмерзімділік себептерін анықтау

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • Византияның әлеуметтік топтарының өмір ерекшеліктерін шынайы айқындайды;
  • Византияның ұзақмерзімділік себептерін анықтайды;
  • Өзінің көзқарасын түсіндіреді;
  • Тарихи терминологияны пайдаланады.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

Себеп пен салдар

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Рим империясы, Византия, ғұндар, түріктер, дипломатия, эфталиттер, Юстиниан заңдары.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени... болып табылады.

Келесі себептер/факторлар қысқа мерзімді/орта мерзімді/ұзақ мерзімді... болып табылады.

Кейбір факторлардың басқа факторларға, мысалы, .... әсері болды.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (Батыс Рим империясының аймағы), Қазақстан тарихы (Халықтардың Ұлы қоныс аударуы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда 5 сыныпта өткен Рим империясы жайлы қысқаша ақпартты біледі.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-3

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

3-10

Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс түрі

Мәтінмен жұмыс

10-20

Сыныппен талқылау

20-25

Жұптық жұмыс түрі

Факторлар тізімімен жұмыс

25-35

Мұғалімнің түсіндіруі

35-40

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б Оқушылардың назарына Батыс Рим империясы мен Шығыс Рим империясының картасы көрсетіледі. Неліктен Рим империясы Шығыста сақталған?

476 ж – 1000 жылға ұзақ сақталған.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

  • Византияның даму ерекшеліктерін қарастыру;
  • Византияның дипломатия ерекшеліктерін зерттеу;
  • Византияның ұзақмерзімділігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтау;
  • Қорытынды шығару.

Ж Мұғалім оқушыларға «Византияның ішкі және сыртқы саясаты» мәтінін оқуға тапсырма береді (Қосымша 1). Византияның бай және гүлденген екендігін дәлелдейді.

Дескрипторлар:

  • Византияның гүлдену ерекшеліктерін түсіндіреді;
  • Византияның саяси саладағы ерекшеліктерін анықтайды;
  • Византияның байлығы мен өркендеуі туралы қорытынды жасайды.

Б Византия империясы Батыс Рим империясына қарағанда 1000 жыл ұзақ өмір сүргені жайлы талқылау жүргізіледі. Оқушылардың ойларын тыңдай отыра, мұғалім Византия империясының картасына назар аударып, Юстиниан кодексінің ерекшеліктерімен таныстырады.

Талқылаудың нәтижесі ретінде сабақтың негізгі сұрағына жауап береміз: Рим империясы Шығыста неліктен сақталды?

Т Мұғалім Византияның ұзақмерзімділігі жайлы факторлар тізімін ұсынып (Қосымша 2), оқушылар карточкаларды маңыздылық бойынша орналастырады, таңдауды дәлелдейді (маңыздылығы жоғары, маңыздылығы орташа, маңыздылығы төмен).

Дескрипторлар:

  • Византияның ұзақмерзімділігіне әсер еткен факторларды анықтайды;
  • ең маңызды факторды анықтайды;
  • Византияның ұзақмерзімділік себептері туралы қорытынды жасайды.

Мұғалім берілген тапсырма бойынша кері байланыс береді, оқушылардың назарын Византияның ұзақмерзімділігінің негізгі факторларына аударады.

Оқу құралдары

Презентация

Қосымша 1 «Византияның ішкі және сыртқы саясаты»

Византия империясының картасы

Презентация

Қосымша 2 «Византияның ұзақмерзімділігі жайлы факторлар тізімі», «Сәйкестік зонасы».

Юстиниан тұсындағы Византия:

https://www.youtube.com/watch?v=DoSQaT5bcsE

Презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

Сабақ соңында мұғалім оқушыларға сұрақтарға жауап беруді ұсынады:

-Византияның географиялық жағдайы оның байлығынан әлдеқайда маңызды болды ма?

-Византияның байлығы және географиялық орналасуы өзара байланысқан ба?

- Рим империясы Шығыста неліктен сақталды?

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.3.2.3 – Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу