Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Византияның ішкі және сыртқы саясаты
Мемле-кеттегі барлық билік император - «василевстің» қо-лында болуы Шығыс Рим империясының байлығын сақтап қалуға зор үлес қосты. Византия империясының қуаттылығы І Юстини-ан императордың тұсында артты. Ол билік жүргізген кезде «Юстиниан кодексі» деп аталатын бірыңғай заңдар жинағы құрастырылды. Императорды хри-стиан шіркеуі қолдады. Шіркеу императорлық билік Құдайдын ісі, сондықтан ол қаситетті деп сендіретін.
Осы уақытта Византияда христиандықтың правосла-виялық, ал Батыс Еуропада - католик ағымы дамыған еді. 1054 жылы христиан шіркеуі екі ағымға біржола-та бөлінді. Бұл оқиға Ұлы Бөліну деп аталады. Юстиниан императордың тарихта қалған істерінің бірі Әулие София ғибадатханасының салынуы бола-тын. Бұл шіркеу византиялық сәулет өнерінің жарқын көрінісіне айналды. Ол өзінің әсемдігімен және сән-салтанатыменен көз тартады..Василевс бұрынғы Рим империясының шекарала-рын қайта қалпына келтіруге талпынды.. Варварлық мемлекеттердің әлсіреуін пайдаланған ол импери-яның бұрыңғы жерлерінің кейбірін қайтара алды. Олардың қатарында Оңтүстік Испания, Италия және Солтүстік Африка жерлері болған. Бырақ соғысты
жүргізу және империяның шекараларын славян-дар мен германдықтардың жорықтарынан қорғау
үшін жауынгерлер тапшы болды.
Дескрипторлар:
- Византияның гүлдену ерекшеліктерін түсіндіреді;
- Византияның саяси саладағы ерекшеліктерін анықтайды;
- Византияның байлығы мен өркендеуі туралы қорытынды жасайды.
Қосымша 2
«Византияның ұзақмерзімділігі жайлы факторлар тізімі»
№1 Рим империясының шығыс бөлігі сыртқы географиялық орналасуына байланысты сыртқы шабуылдардан төзімді болды. Константинопольді қорғау өте оңай болды, сонымен бірге Византияның Еуропамен ортақ шекара әлдеқайда қысқа болды. | №2 Б.з.330 жылы Рим императоры Константин Константинопольді Рим империясының жаңа астанасы ретінде таңдады. Бес жылдан кейін Константин Никея соборында христиан дінін, Римнің ресми діні ретінде қабылдады |
№3 Константин жалғыз Рим империясын басқарса да, бұл бірлік иллюзия болды. 337 жылы қайтыс болғаннан кейін император Валентиниан империяны батысқа және шығысқа бөліп, Батыста билік етіп, шығысында оның ағасы Валентпен билікті бөлісті. | №4 476 жылы Одоакр соңғы рим императоры Ромулус Августты жеңіп, Батыс Рим империясы құлады. |
№5 «Византия» сөзі Византиядан, ежелгі грек колониясын негізін қалаған Byzas деген адамның есімімен байланысты болды. Босфорда (Қара және Жерорта теңіздерін байланыстыратын бұғаз) орналасқан, Византия Еуропаның және Кіші Азияның транзиттік және сауда жолы ретінде қызмет ету үшін өте ыңғайлы орналасқан. | №6 Күшті әкімшілік орталық, Шығыс императорлары империяның экономикалық ресурстарына толығымен бақылау жасап, шабуылға қарсы күрес үшін жеткілікті күштер жинай алды. |
№7 Византия римдік заң мен римдік саяси институттармен басқарылып, ресми тілі латын тілі болса да, грек тілі елде кеңінен таралған. | №8 I Юстиниан Византия империясының ең күшті билеушісі болды. Империя басқарған кезінде (527-565) Жерорта теңізі айналасындағы жердің көп бөлігін басып алды, әскері бұрыңғы Батыс Рим империясының аумағын, соның ішінде Солтүстік Африка аумағының бір бөлігін басып алды. |
№9 476 жылы Батыс Рим империясы құлағанына қарамастан, шығыс бөлігі билікті 1000 жыл бойы сақтап қалды. Византия өнер, әдебиет және білімнің бай дәстүрлерін сақтап қалды. 1453 жылы Османлы әскері Константинопольді басып алғаннан кейін, Византия империясы құлады. | №10 Варвар тайпаларын бағындыру мақсатында, Византия парақорлықты кеңінен пайдаланды: тайпалық көсемдерге әртүрлі жеңілдіктер мен лауазымдар берілді. Византия дипломаттары мен православиелік миссионерлер империяның жағына варвар тайпаларының көсемдерін тартты. |
Дескрипторлар:
- Византияның ұзақмерзімділігіне әсер еткен факторларды анықтайды;
- ең маңызды факторды анықтайды;
- Византияның ұзақмерзімділік себептері туралы қорытынды жасайды.
Қосымша 3
Дерекпен жұмыс
«Құдайға деген сенушілікті нығайтып, оны бірыңғай дінге айналдыра алды. Сонымен қатар, заңдардың орынсыз көбеюі олардың түсініксіз болуына әкеліп соғатынын түсініп, дұрыс заңдарды сақтап қалуға тырысты. Юстиниан император, билікті қолға алғаннан кейін, мемлекеттің жағдайын жақсартты, оның шекараларын кеңейтіп, варварларды елден қуды... көптеген жаңа қалалардың негізін қалады».
«Юстинианның құрылыстары туралы» Кессариялық
Прокопий, византиялық жазушы
Дескрипторлар:
-Юстинианның саяси саласына тигізген әсерін анықтайды;
-Юстинианның рухани өмірге енгізген өзгерістерді анықтайды;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру