Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Византияның гүлденуі
Империяның аумағы Эгей және Жерорта теңіз-дерінің аралдарымен қоса, екі материктің жерін-де: Еуразияда және Африкада орналасқан. Импе-рияның астанасы Константинополь шығыс және батыс елдерін байланыстыратын «Алтын көпір» деп аталды..Византиялықтар өздерін «ромейлер» деп атаған, грек тілінде бұл «римдіктер» деген мағынаны білдіреді. Гректер халық құрамында басым болғандықтан, уақыт өте келе грек тілі ла-тын тілін ығыстырып, мемлекеттік тілге айналды.Тиімді географиялық орналасудың нәтижесінде өзге елдермен сауда-саттық жасауға мүмкіншілік көп болды. Ал византиялық алтын ақша «номисма» ха-лықаралық валюта дәрежесінде жүрді.. Жан-жақтан келген саудагерлер византиялық бұйымдарға қы-зығатын.Қолнершілерге қажетті шикізат әртүрлі жерлерден әкелінетін. Қажет болғанда олар Кавказдан темір, күміс және мыс кендерін, Египеттен жазу үшін па-пирус алғызатын. Қызылкүрең бояуды жасау мақса-тында, қолөнершілер финикиялықтар өндірген теңіз қабыршақтардан алынатын шикізатты пайдаланған.Жақсы климат пен бай жерлер де елдің дамуы-на ықпалын тигізді. Батыс Рим империясына қа-рағанда, құлдар еңбегі азырақ пайдаланылды. Ауыл шаруашылығында еркін шаруалар мен егіншілер қауымдастықтары басым болды. Бір жылда олар түрлі азықтардың бірнеше өнімін алатын. Импе-рия астықты Египет пен Фракиядан алдыртқан. Ал жайылымдардың молшылығы болса мал шару-ашылығын дамытуға мүмкіндік берді.
Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
Тұжырымдар | Византияда жақсы өмір сүргендер | |||
Әлеуметтік топтар | Көлөнершілер | Көпестер | Шаруалар | Жер иленушілер |
Өмір сүру жағдайлары | ||||
Дескрипторлар:
-қолөнершілердің өмір сүру жағдайларын сипаттайды.
- көпестердің өмір сүру жағдайларын сипаттайды.
- шаруалардың өмір сүру жағдайларын сипаттайды.
-жер иеленушілердің өмір сүру жағдайларын сипаттайды.
Қосымша 2
Византияның ұзақмерзімді себептері
Тапсырма. Мәтінді оқып, Византияның ұзақмерзімдік себептерін топтастыру (саяси, экономикалық, әлеуметтік)
Саяси | Әлеуметтік-экономикалық |
1. Император күшті армияны және ірі флотты қамтамасыз ете алады. 2. Мемлекеттің орталықтандырылған басқару жүйесі. | 1. Құлдықтың қарқынды дамуы. 2. Жоғары өнімділік 3. қала мен ауыл арасындағы айырбастау. 4. Қолөнер және сауданың дамуы. 5.Император алым- салықтардан көп табыс алды. |
Дескрипторлар:
- Византияның ұзақмерзімді саяси себептерді анықтайды;
- Византияның ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық себептерін анықтайды;
- ең маңызды факторды айқындайды;
- қорытынды шығарады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру