Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 6 СЫНЫП, 2.1 САБАҒЫ

 

Бөлім: Рим империясының құлауы.

Сабақтың тақырыбы: Шығыста Рим империясы неліктен сақталды?

Оқыту мақсаттары: 6.3.2.3 Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу

Тарихи концепт: себеп пен салдар.

 

Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

 

  • Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен

сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. Ол үшін “Адам адамға!” дегең сергіту жаттығуды өткізуге болады. Топтағы оқушылар жұп-жұбымен бір-біріне қарама-қарсы тұру қажет. Жүргізуші дененің бір мүшесін айтқан кезде, жұптар дене мүшелерін бірін-біріне тигізу қажет. Мысалы, қол-қолға, аяқ-аяққа, арқа-арқаға, т.б. Кейін жұптар ауысады. Бұл жаттығудың мақсаты: жағымды психологиялық микроклиматты құру, көңіл-күйді жақсарту, сергіту сәті.

  • Оқушыларды жұмысқа ынталандыру мақсатында картаны пайдалана отырып, «БЫM» - «Бастапқы ынталандырушы материал» әдістемесі өткізіледі. Оқушыларға Рим империясының биік шегіне жеткен кезеңіндеге аумағын және Византия императоры I Юстиниан билік құрған кезіндегі аумақты, сонымен қатар империяның Батыс және Шығыс бөліктерге бөлінуінің орны белгіленген картаны көрсетіңіз. Оқушыларға келесі сұрақтарды қойыныз:

- Бұл карта нені көрсетеді? Бұл картаны қалай атауға болады? Оқушылардың ұсыныстарын мұқият тыңдаңыз. Бұдан кейін мұғалім жаңа тақырып бойынша түсініктеме береді. Шығыс Рим империясы немесе Византия Батыс Рим империясынан гөрі 1000 жылдай көбірек өмір сүрді (1453 жылы осман-түріктер басып алғанға дейін). Византия императорлары бұрынғы қуатты Рим империясын қалпына келтіруді армандаған. Рим империясын қалпына келтіру ісінде ең үлкен табысқа қол жеткізген Византия императоры I Юстиниан (527-565 жж.) болды.

  • Мұғалім сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттармен, сабақтың негізгі тарихи концептісімен және бағалау критерийлерімен таныстырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Сабақ мақсаттарына жету үшін алдын ала дайындаған слайдтың көмегімен оқушылар зерттеу бағдарын анықтайды. Бағдар келесі кезеңдерді қамтиды: 1) Византия қоғамының ерекшеліктерін зерттеу. 2) Шығыс Рим империясының салыстырмалы ұзақ өмір сүру себептерін зерттеу. 3) Сабақтың тақырыбы бойыншв қорытынды жасау.
  • Бұл сабақта Византияның ішкі саясатына қатысты оқу мақсаты зерделенеді. Сондықтан оқушыларды мемлекеттің әлеуметтік құрылымымен таныстырудан бастаған маңызды. Оқулық мәтінін қолдана отырып, кестені толтыруды ұсыныңыз. Оқушылар қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, жер иелері сияқты қоғамның топтары Византияда өмір сүрудің артықшылықтарын жазады.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

1) Мәтіннен қажетті ақпаратты таңдап, оны қысқаша тұжырымдайды,

2) Византия қоғамының әлеуметтік топтарын сипаттайды,

3) топтық жұмысқа белсенді қатысып, ортақ нәтижеге өз үлесін қосады.

Жұмысты аяқтағаннан кейін, ақпаратты тереңірек түсіну және қорытындылау үшін оқушылар өз ойларын «Ортағасырлық Византияның қандай әлеуметтік тобының құрамында болуды қалайсың? Неліктен?» - деген сұраққа жауапты дәптерге жазады. Кейбір оқушылардың жауаптарын талқылаңыз.

  • Шығыс Рим империсының ұзақ өмір сүру себептерін оның ішкі саясаты арқылы зерттеу үшін оқушылар жұптасып жұмыс жасайды. Оқушылар «Саяси себептер» және «Әлеуметтік-экономикалық себептер» деген екі бағыт бойынша ақпараттық парақты және оқулықты пайдаланып, тақырыптың негізгі сұрағына жауап береді.

 Дескрипторлар:

 - Византияның ұзақ өмір сүруінің саяси себептерін анықтайды;

 - Византияның ұзақ өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық себептерін анықтайды.

 Топтардың жұмыстарын қорытындылау барысында, екі мәселені талқылаңыз: анықталған ішкі себептерінің қайсысы ең маңызды және неге? Орындалған тапсырма бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

 Оқушылардын жауаптарын нұсқасы:

 Шығыстағы империяның тұрақты болуының негізгі факторлары - оның басшыларының саясаты, сондай-ақ қолайлы географиялық орналасуы мен табиғи жағдайлары.

 Оқушылардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін. Оларға өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу маңызды.

 6. Сабақта алынған ақпаратты жинақтау үшін жарнамалық постер жасауды ұсыныңыз. Оқушыларды 4 топқа бөліңіз, олардың әрқайсысы орта ғасырдағы Византиядағы саясат, экономика, қоғам және мәдениет салаларының бірін жариялауды тапсырыңыз. Оқушаларға осы тапсырманы орындау үшін қосымша ақпараттар беріңіз: ақпараттық мәтіндер, интернетке қол жеткізу мүмкіндік және т.б. Постер жасауға арналған талаптар:

  • Ақпаратты көрнекілі, креативті түрде ұсына алады.
  • Ақпараттың мазмұндылығы
  • Ақпараттың дәлелдігі және ақиқаттығы
  • Аудитория алдында сөз сөйлеу деңгейі.

 Дескрипторлар:

  • Византияның саяси даму ерекшеліктерін анықтайды.
  • Византияның экономикалық даму ерекшеліктерін анықтайды.
  • Византияның әлеуметтік даму ерекшеліктерін анықтайды.
  • Византияның мәдени даму ерекшеліктерін анықтайды.

 Топтар постерлерін сынып алдында қорғайды, мұғалімнің және басқа қатысушы топтардың сұрақтарына жауап береді.

 Сөйтіп, оқушылар өзара білімдері және түсінгедерімен алмасады.

 6. Сабақтың рефлексиясын «Плюмин» (плюс, минус, қызықты) стратегиясын пайдаланып, өткізуге болады. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушылардың жауаптарын анықтайды және толықтырады.

 7. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға осы тақырып бойынша қосымша оқу үшін әдебиеттер тізімін ұсыныңыз:

1) Джон Норидж «Византия тарихы», https://www.ozon.ru

2) Федор Успенский «Византия империясының тарихы», https://www.ozon.ru.

3) Зинаида Удальцова «Византия мәдениеті», 1988 ж.

 

 Саралап оқыту мүмкіндіктері

 

 Оқу қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 Юстинианның замандастарының бірі, әйгілі Византия тарихшысы Кесарий өз шығармасында императордың қарама-қайшылық бейнесін жариялайды: ол, бір жағынан, оны қатал тиран ретінде көрсетсе, ал екінші жағынан - ақылды саясаткер және реформатор ретінде көсеткен. Тарихи дереккөздің үзіндісін оқып, оған императорды сипаттауға Юстинианның бойында қандай әрекеттері мен мінез құлықтары болғанын анықтаңыз. Сонымен қатар, Юстиниан туралы сіздің пікіріңіз қандай болды?

 

 «Бастапқы қарапайым, мейірімді және жомарт адам болған Юстиниан, уақыт өте өзгерді. Ол күдікті, қасақана, алдамшы (саясаткер ретінде), кекшіл, ашкөз, пайда табу құралдарында ақылсыз, қарсыластар мен жауларына қатыгездікпен қарайтын және шешім қабылдау барысында өзінің жақын адамдарының өміріне кедергі жасаудан бас тартпады. Осы жағымсыз қасиеттеріне қарамастан, ол төзбеушілік пен еңбекқорлыққа да ие болды. Ол империяның гүлдену көзі деп санап, сыртқы сауданы дамытты, әкімшілік-салықтық жүйесінде, заңнамада, әскери реформалар жасап, Батыс Рим империясы жоғалтқан көптеген провинцияларын қайта жаулап алып, Константинопольді қалпына келтіріп, сәулет өнеріндегі шедевр – Әйгілі София шіркеуін құрды».

 Оқушылардың жауаптары:

 Менің жеке пікірім - бейтарап. Біріншіден, Юстинианның барлық қызметтері оның айналасындағылардың арқасында мүмкін болды, ал ақылды саясаты көбіне оның әйелінің әсерімен жүзеге асырылды. Екіншіден, Юстинианың билегеннен кейінгі кезде, Византияның экономикасы соғыстар мен шамадан тыс шығындарға байланысты әлсіреді.

 

 Оқушылардың көпшілігіне арналған тапсырма.

 Мәтіннен 6 қатені табыңыз.

 “Византия 295 жылы Рим империясын Шығыс пен Батысқа бөліну нәтижесінде тәуелсіз мемлекет ретінде пайда болды. Византия тұрғындары өз елін Грек империясы деп, ал өздерін гректер деп атады. Империя аумағы Египет, Галия, Сирия, Палестина сияқты ежелгі кезден бері ауыл шаруашылығы дамыған және жоғары мәдениетті елдерін қамтыды. Византия көптеген бай қалаларымен: Константинополь, Александрия, Рим, Антиохия, Иерусалим танымал болды. Ал бірінші орынға империясының астанасы - Рим қаласына тиесілі болды”.

 Дұрыс жауаптар:

 1. 395 жылы Рим империясы екіге бөлінді;

 2. Империя «Римдік» деп аталды (грекше, «ромей империясы»);

 3. Олар өздерін Римдіктер деп атады (грекше «ромейліктер»);

 4. Галия ешқашан Византияның құрамында болмады;

 5. Александрия, Антиохия, Иерусалим 7-ші ғасырда империяның құрамынан шықты, ал Юстинианның кезінде империяның құрамына кірген Рим 8-ші ғасырда тәуелсіздігін алды.

 6. Империяның астанасы әрдайым Константинополь болатын.

 

 Тақырыпқа қатысы қосымша теориялық материалдар.

 Мәтін: «Шығыс Рим империясы»

 

 Византия империясы, Рим империясы сияқты, қалаларға бай ел болған. Константинополь, Фессалоники, жүздеген басқа қалалар қолөнер және сауда орталықтары болған. Ерте орта ғасырларда Батыс Еуропада натуралды шаруашылық басым болды. Тіпті император мен феодалдарға салықтар мен төлемдерін ауыл шаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдары мен төленген. Византияда сауда дамыған болатын. Салық ақшалай төленген. Алтын византиялық ақша - бизант немесе номисма - Еуропада да, Азияда да саудагерлер арасында өте жоғары ақша ретінде қолданылды.

 Византияның астанасын сол кездегі адамдар «жердің көзі мен орталығы», «патша қаласы» және «әлемнің шеберханасы» деп атаған. Константинопольдің керемет ғибадатханалары мен сарайларының, мықты қамалдарының, қалаға кіруге арналған «алтын қақпасының» даңқы әлемнің барлық аумақтарына жеткен.

  (Дереккөз: http://worldofschool.ru)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу