Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 6 СЫНЫП, 2.2 САБАҒЫ

 

 Бөлім: Рим империясының құлауы.

 Сабақтың тақырыбы: Шығыста Рим империясы неліктен сақталды?

 Оқыту мақсаттары: 6.3.2.3 Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу

Тарихи концепт: себеп пен салдар.

Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

 

1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. Қажет болған жағдайда «Жел соғады соған, кімде...», - дегең сергіту жаттығуды өткізуге болады. Оқушылар топтарға бөлінеді. Бір жүргізуші таңдап алынып, ол ортада тұрып: Жел соғады, кімде ..., (кез-келгенің киіміне немесе сыртқы белгісіне қарап, айтады) мысалы: Кімнің аяқ киімі қара, т.б. Аталған белгіге байланысты оқушылар орындарын ауыстырады. Қалған оқушылар орындарында отырады. Ал «құйын» деген кезде, бәрі орындарын ауыстыру керек. Жүргізушінің мақсаты: оқушыларды көбірек топтарын ауытыруға жағдай жасау. Бұл жаттығудың мақсаты: сабақта позитивті микроклимат құру, сыныпты топтарға бөліп, коллаборативті ортаны құру.

2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға «476 жыл» және «1000 жылға ұзағырақ» деген сөздер жазылған екі карта көрсетіңіз. Карталар мен белгіленген даталар нені білдіретінін оқушылардан сұраңыз. Жауаптарын талқылау барысында, мұғалім сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, сабақтың негізгі тарихи концептісімен және бағалау критерийлерімен таныстырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Сабақ мақсаттарына жету үшін алдын ала дайындаған слайдты пайдаланып, оқушылар сабақта орындалатын зерттеу жұмысының кезеңдерін анықтайды. Зерттеу кезеңдері мынадай болуы мүмкін: 1) Византияның дипломатия саясатының ерекшеліктерін зерттеу. 2) Шығыс Рим империясының ұзақ өмір сүруіне бұдан бұрын қарастырылған себептерді зерттеу және толықтыру. 3) Сабақтың тақырыбына қорытынды жасау.

3. Сабақта “6.3.2.3 Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу” оқыту мақсаты бойынша жұмыс жүргізіледі. Византияның күш-жігерінің маңызды себебінің бірі - империяның барлық тұрғындарына ортақ заңдардың болуы. 529 жылы Византияда 12 кітап пен 756 баптан тұратын заң жинағы күшіне енгені туралы айтыңыз. Оқушыларға Юстиниан кодексінің бейімделген баптарынан үзінділерді таратыңыз. Мысалы, «Адамдардың ахуалы туралы» V тараудан алынған үзінділерді ұсыныңыз және оларды қазіргі заңдармен байланыстыруды сұраңыз.

 Баптардың мысалы:

1) Бостандық - билік тарапынан тыйым салынбаған және заңдарға қарама қайшы келмесе, әрбір адамның өзі қалаған іс-әрекет жасауына табиғи құқығы бар.

2) Біздің құлдарымыз - тұтқындалған жаулар. Императорлар тұтқындарды өлтірмей, оларды сатқан, сол себепті олар құлдар деп аталған.

3) Рим империясының құрамындағы барлық тұрғындар император Антонийдің Конституциясының негізінде Рим азаматтарына айналған.

4) Рим билігінің қол астындағы құлдарға қарсы шамадан тыс және себепсіз мейірімсіздік жасауға жол берілмейді, егер де біреу себепсіз құлын өлтірген болса, біреудің құлын өлтірген секілді жазаланатын болған. Құлдардың қожайындардын қатыгездігі Конституцияға сәйкес жазаланады.

5) Рим азаматтарының кейбіреулері отбасының әкелері, ал кейбіреулері отбасының ұлдары, кейбіреулері отбасының аналары, кейбіреулері отбасының қыздары. Отбасының әкелері олар ересек немесе кәмелетке толмаған болса да, өз отбасында билік иелері болып саналады; отбасының анасы, отбасының ұлдары және отбасының қызы - әрқашанда біреудін билігінде. Менен және менім әйелімнен туылғандар - менің билігімнін қол астында болу тиіс.

6) Кейбір заттар табиғи заңға байланысты бәріне ортақ, кейбіреулері жеке адамдардың меншігі болып табылады, ал кейбіреулері ешкімге тиесілі емес. Меншіктің көпшілігі жеке тұлғаларға тиесілі, және олар түрлі жолдармен пайда болады.

7) Қаланың префектісі көпестердің өз істерін адал жүргізіп және тыйым салынған нәрселерден аулақ болуларын бақылау керек.

Дескрипторлар:

 - заңдардың мазмұнын өз сөзімен түсіндіре алады;

 - ортағасырлық заңдарды қазіргі замандармен салыстырады;

 - Юстинианын заңдарына өз көзқарасын білдірді.

 Бұл жұмысты қорытындылау үшін оқушыларға: Барлық мемлекет тұрғындарына ортақ заңдардың болуы ның маңызы неде? - деген сұрақ қойыңыз.

 Оқушылардың жауаптары:

 Елдің бірыңғай заңдардың болуы мемлекетте тұрақтылықты, әділеттілікті және тәртіптілікті қалыптастырады.

 8. Келесі тапсырма кескін картаны толтыру:

 Византияның көрші аумақтары көрсетілген кескін карта, «Византияның сыртқы саясатының жетістіктері мен сәтсіздіктері» атты кестені пайдаланып, оқушылар жұптық жұмыс жасайды. Византияның көрші елдермен қарым-қатынасын көрсету үшін оқушыларға түрлі -түсті қарындаштар үлестіріңіз. Византияның сыртқы жауларымен күресі туралы тақтада немесе проектор экранында картаны көрсетіңіз, сондай-ақ Византияның сыртқы саясатының оқиғаларын сипаттайтын кестені үлестіріңіз. Сұраңыз: VI - IX ғасырларда Византияға қандай сыртқы жауларымен күресуге тура келді?

 Тапсырманың мән-мағынасына қысқаша түсіндірме бергеннен кейін, оқушылар жұптық жұмысты орындайды.

 Дескрипторлар:

  •  Кескін картаға кестедегі ақпаратты дұрыс белгілейді;
  •  Византияның өз тәуелсіздігі үшін күресіндегі табыстар мен сәтсіздік сәттерді айқындайды;
  •  Оқушылар жұпта өзара келісілген шешімге келіп, сыныптастарымен бөлісе алады.

Кестенің мазмұны:

Ғасыр

Византияның қарсыластары

Соқтығыстары немен аяқталды?

VI ғасыр

Варварлық патшалықтар, ломбардтар, парсылар, славяндыктар, аварлар, ғұндар

Империяның жер көлемінің азаюы. Византияға Италия, Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің бөлігі (Испания), және Арменияның қосылуы.

VII ғасыр

Парсы, араб, аварлар, болгарлар

Осы тайпалардың шабуылын Византия тоқтата алды. Екі қарсылар жақтардың әлсіреуі. Солтүстік Африкада, Мысырда, Сирия мен Палестина аумақтарында Византия өз билігінен айырылды.

VIII ғасыр

Арабтар, болгарлар және басқа да славян халықтары

Византияның Балқан түбегіндегі провинцияларын айырыруы.

Арабтардың жеңіліске ұшырауы.

IX ғасыр

Арабтар, болгарлар

Византия, Сирия және Месопотамиядағы провинцияларды өз бақылауына қайтарды, бірақ Сицилиядан айырылды.

Оқушыларға империяның ұзақ өмір сүрген факторлардың тізімін ұсыныңыз. Оқушылар бұл себептерді оларды өздері таңдап алған белгілі бір тәртіппен сәйкестендірулері қажет.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

1) Византияның ұзақ өмір сүрген факторларды белгілі бір тәртіпке келтіріп, реттейді,

2) ең маңызды және ең маңызды емес факторларды анықтайды,

3) топтық жұмысқа үлес қосып, белсенді қатысады.

Топтық жұмыс аяқталғаннан кейін, ақпаратты тереңірек түсіну және қорытындылау мақсатында оқушылар дәптерге: “Византияның ұзақ өмір сүруінің басты себебі ... болды, өйткені ...”, - деген мәлімдемені жазуды ұсыныныз. Оқушылардын жауаптарын тындаңыз.

Себептерді реттеу нұсқауы:

  • Византия орталықтандырылған мемлекет болды, оны монарх басқарды.
  • Византияның ішкі саяси тұрақтылығы.
  • Византияны сыртқы жаулардан қорғайтын тиімді географиялық орналасуы.
  • Қарулы күшті мықты болғандықтан, көтерілістер мен тәртіпсіздіктер тез арада тоқтатылды.
  • Сауда жолдарының қиылысында орналасқан Византия экономикалық тұрғыдан мықты болды, елде экономикалық дағдарыс болған емес.
  • Византия тиімді сыртқы саясат жүргізді.
  • Византияда империяның ортақ заңдары - Юстинианның кодексі болған.

 6. Сабақтың рефлексиясы «Жетістік ағашы» әдістемесін қолдану арқылы жүзеге асуы мүмкін.

 Плакатта ағаштың суреті бейнеленген, оқушылар оған түрлі-түсті алмалар бейнеленген стикерлерді орналастыру керек: қызыл алма – сабақта барлығы түсінікті болды; қызғылт-сары түсті гүлдер - сұрақтарым бар; сары бүйрек - тақырыпты жақсы түсіндім.

 Оқушылардын жауаптарын қорытындылап, кейбір оқушыларға тақырып бойынша білім деңгейін жақсартуға ұсыныс беріңіз.

 7. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға тақырып бойынша әдебиеттер тізімін ұсынуға болады:

 1) Татьяна Степанова «Қош бол, Византия», https://www.ozon.ru

 2) К.Рыжов «Әлемнің барлық монархтары. Ежелгі Греция, Ежелгі Рим, Византия», https://www.ozon.ru .

 

 Саралап оқыту мүмкіндіктері

 

 Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 Орыс тарихшы П.Г. Виноградовтың сөзінің мағынасын қалай түсінесіз: “Византия үшін қауіп-қатер болған адамдар мен табылардың өзіндік ерік-жігерінде емес, керісінше, азаматтардын арасында өзін-өзі дамыту және энергия болмағаны”.

 Оқушының жауабы:

 Мемлекеттің заңдары болғанына қарамастан, Византияда императордың билігі шексіз болды. Тарихшының ойынша, Византияның тұрғындарының белсенді еместіктерін, мемлекеттік биліктен қашқақтауы болғандықтары туралы мәлімдейді. Бұл сөзінде автор қаншалықты дамыған болса да, ортағасырлық мемлекетте демократияның болмағанын білдіреді.

 

 Көпшілік оқушыларға арналған тапсырма:

 Қазымыр (дотошный) оқушы.

 Византия тарихына қатысты термин сөздерінің тізімін жасауды сұраңыз. Оқушылар жазған сөздерді оқыңыз. Кімнің тізімі ең ұзын, сол ең қазымыр оқушы болып саналады.

 

 Тақырыпқа қатысты қосымша теориялық материалдар

 

 Византия империясы тарихының ең маңызды оқиғалары:

 

 330 жылы - Рим империясының астанасы Константинополь қаласына ауыстырылды.

 395 жылы - Рим империясы Шығыс пен Батысқа бөлінді.

 537 жылы – Юстинианың бұйрығымен Әулие София ғибадатханасының құрылысы аяқталды.

 626 жылы - Константинопольді аварлар мен славяндар қоршауға алды

 642 жылы – Византия Египеттен айырылды: оны арабтар жаулап алды

 1018 жыл – Византия Болгар патшалығын жаулап алды

 1204 жыл - Константинопольді кресшілер жаулап алды

 1261 жылы – Константинополь кіресшілерден босатылды

 1453 жылы - Византия империясының құлауы

 

 «Византияның құлауы» мәтіні

 

 Византияның соңғы императоры Константин XI Палеолог Осман мемлекетінен төнген қауіпті жоюға сәтсіз әрекеттер жасады. 1450 жылдардың басында Византия Константинопольдің маңындағы шағын аймақты сақтап қалды, ал Анатолияның және Балканың көп бөлігі османдардың бақылауына ауысты. Өзіне әскери одақтастарды іздеу барысында император Венецияға, Арагонаға, Венгрияға, генуэздіктерге, Рим Папасына көмек сұрап жүгінді, бірақ оларға нақты көмек тек венециандықтар мен Рим ұсынды. 1453 жылдың көктемінде қала үшін шайқас басталды. 29 мамырда Константинополь құлады. Константин XI шайқаста қаза тапты. Оның өлімі туралы ғалымдарға белгісіз қалды, бірақ бұл оқиғаның мән-жайлары туралы көптеген аңыздар жазылған. Көптеген ғасырлар бойы грек халқының мәдениетінде Византияның соңғы патшасы періштеге айналғаны туралы, Алтын қақпаның бойында құпия үңгірде жатып және кейін оянып османдарды Византия жерінен қуып шығарғаны туралы аңыздар таралды.

 Сұлтан II Мехмед Жеңімпаз Рим императорының атауын алды, ол өзін сұлтан емес, византиялық мәнері бойынша – василевс деп атады. Ол грек шіркеуін, грек мәдениетінің дамуын қолдады. Оның билік еткен кезеңі ислам мен христиан діндерінің бір дінге біріктуруге бағытталған жобаларымен ерекшеленеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу