Рационал теңсіздіктер. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар:

8.4 С: Теңсіздіктер

НЗМ ФМБ, Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова С.А.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рациональ теңсіздіктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.9 рациональ теңсіздіктерді шешу

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

Рационал теңсіздіктің анықтамасын тұжырымдайды;

Рационал теңсіздіктерді шешеді, интервал әдісімен қолданып шешеді.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсаттарына жетеді, егер:

рациональ теңсіздіктің анықтамасын тұжырымдаса;

интервал әдісін қолданып рационал теңсіздіктерді шеше алса.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бір айнымалысы бар теңсіздіктерді ауызша және жазбаша сипаттайды;

- айнымалының мүмкін мәндер жиынын табуда теңсіздіктерді (теңсіздіктер жүйесін) құруды түсіндіреді;

Лексика және терминология:

Рационал теңсіздік;

Теңсіздіктерді шешу;

Интервал әдісі;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- теңсіздіктер жүйесінің шешімі ... болады;

- теңсіздіктер жиынтығының шешімі ... болады;

- ... әрбір санды интервалда функцияның таңбасын анықтаймыз;

- параболаны сұлба түрінде бейнелеп ... аламыз; - таңбалардың ал

Құндылықтарды дарыту

Оқи алу дағдысы, ақпаратты дербес таба білу, жағдаятты талдау, жаңа жағдяттарға бейімделу, проблеманы қою және шешім қабылдай алу

 Пәнаралық байланыс

физикамен

 Бастапқы білім

Квадрат теңсіздіктер

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

а) Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін белгілеу.

Мұғалім оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін көрсетеді.

Оқушылар үй тапсырмасын екі оқушының жұмыс үлгісіне негіздеп бағалайды. Мұғалім оқушыларға бұл үлгілер өздерінің жұмысын жетілдіру және ауызша шолу жасау үшін берілгендігін еске салады. Жасалған жұмыстар туралы 2-3 оқушы тыңдаңыз.

Презентация

Сабақтың ортасы

4-38 мин

«Рационалды теңсіздік» тақырыбы бойынша білімді бекіту үшін «Әткеншек» дидактикалық ойын өткізіңіз.

Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топ үшін A3 пішіміндегі парақты бөліңіз, оның үстінгі жолағында екі тапсырма жазылады. Оқушылар тапсырмалар бойынша шешімдерді жазу үшін белгіленген тәртіп бойынша топтарда жұмыс істейді. Әр топқа келешекте олардың шешімдерін оңай тануы үшін басқа топқа арналған қаламның түсінен ерекшеленетін белгілі бір түсті қалам беріледі. Жұмысқа бөлінген уақыттан кейін (15 минут) оқушылар басқа тапсырмалармен келесі A3 параққа ауысады. Алдыңғы топтың шешімдерімен танысып, келісімдерді / келіспеушіліктерді талқылайды. «Әткеншек» оқушылар барлық топтардың міндеттерін шешімімен таныс болғанға дейін жалғасады. Бұдан кейін оқушылар дәптерде тапсырмаларын шешеді.

Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыс істеу қабілеттерін қадағалап, кері байланыс жүргізеді, тапсырманы шешу кезінде сұрақтарды дұрыс тұжырымдауға назар аударады, сондай-ақ тапсырмаларды шешуде қиындыққа кезіккен оқушыларға жеке көмек көрсетеді.

Алгебра.9 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ш.А.Алимов, Ю.М.Колягин,Ю.В.Сидоров и др.]- 19 изд. – М.:Просвещение, 2012. – 255с.

Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2008.

Қосымша 3

Сабақтың соңы

39-40 мин

Мұғалім үй тапсырмаларын интерактивті тақтада көрсетіп, оқушылардың сұрақтарына жауап береді және оларды өз жұмыстарына рефлексия жасауына ықпал етеді.

Үй тапсырмасы:

№1-2 презентация, слайд 5-6

Рефлексия «Идеялар қоржыны»:Оқушылар параққа сабақ туралы өз пікірін жазады, барлық қағаздар себетке (қорапқа, сөмкеге) қойылады, содан кейін оқушылардың біреуі пікірді оқып, жауаптарды талқылайды.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс кезінде оқушылар сыныптастарымен кеңесу үшін жақсы оқу дағдыларымен байланыса алады. Мұғалім тапсырмаларды шешуге қиындық тудыратын оқушыларға жеке көмек көрсетеді.

Қалыптастыру бағалау оқушылардың топтық, немесе жұптық жұмыс барысында жүзеге асады.

Сабақтың әр кезеңінде іс әрекетті алмастыру, оқушылардың шаршағандығын басады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу