Рационал теңсіздіктер. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар: 8.4 С: Теңсіздіктер | НЗМ ФМБ, Астана қаласы | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова С.А. | ||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | Рациональ теңсіздіктер | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу | ||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар: Бөлшек-рационал теңсіздіктердің анықтамасын тұжырымдай алады; Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шеше алады; | ||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар оқу мақсаттарына жетеді, егер: Бөлшек-рационал теңсіздіктің анықтамасын тұжырымдаса; Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шеше алса. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - бір айнымалысы бар теңсіздіктерді ауызша және жазбаша сипаттайды; - айнымалының мүмкін мәндер жиынын табуда теңсіздіктерді (теңсіздіктер жүйесін) құруды түсіндіреді; Лексика және терминология: Рационал теңсіздік; Теңсіздіктерді шешу; Интервал әдісі; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - теңсіздіктер жүйесінің шешімі ... болады; - теңсіздіктер жиынтығының шешімі ... болады; - ... әрбір санды интервалда функцияның таңбасын анықтаймыз; - параболаны сұлба түрінде бейнелеп ... аламыз; - таңбалардың ал | ||||
Құндылықтарды дарыту | Уақытын тиімді қолдана білу, жұмысының сапасына жауап беру; | ||||
Пәнаралық байланыс | физикамен | ||||
Бастапқы білім | Рациональ теңсіздікті анықтамасы, интервал әдісімен рациональ теңсіздіктерді шешу алгоритмі; | ||||
Сабақтың барысы: | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-3 мин | а) Сабақ әрбір оқушының көңіл-күйіне сәйкес «символ-cмайлдарды» біреуін көрсетуімен басталады. Мұнда оқушының өз көңіл күйін жақсы жақсы түсініп және оны мұғаліммен бөлісуге дайындығы маңызды, ол баланың көңіл күйін басқаруды арттырады. Оқушылар өзіне назар аударады , ал мұғалім оқушыларың көңіл-күйін бірнеше фразалармен түзетуге, жұмысқа бейімделуіне ықпал етеді. б) Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін белгілеу. в) Үй тапсырмасын тексеру. | Презентация | |||
Сабақтың ортасы 4-38 мин | Рационалды теңсіздік» тақырыбы бойынша білімді бекіту үшін «Әткеншек» дидактикалық ойын өткізіңіз. Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топ үшін A3 пішіміндегі парақты бөліңіз, оның үстінгі жолағында екі тапсырма жазылады. Оқушылар тапсырмалар бойынша шешімдерді жазу үшін белгіленген тәртіп бойынша топтарда жұмыс істейді. Әр топқа келешекте олардың шешімдерін оңай тануы үшін басқа топқа арналған қаламның түсінен ерекшеленетін белгілі бір түсті қалам беріледі. Жұмысқа бөлінген уақыттан кейін (15 минут) оқушылар басқа тапсырмалармен келесі A3 параққа ауысады. Алдыңғы топтың шешімдерімен танысып, келісімдерді / келіспеушіліктерді талқылайды. «Әткеншек» оқушылар барлық топтардың міндеттерін шешімімен таныс болғанға дейін жалғасады. Бұдан кейін оқушылар дәптерде тапсырманың шешімін жазады. | Алгебра.9 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2008. | |||
Сабақтың соңы 39-40мин | Мұғалім үй тапсырмаларын интерактивті тақтада көрсетіп, оқушылардың сұрақтарына жауап береді және оларды өз жұмыстарына рефлексия жасауына ықпал етеді. Үй тапсырмасы Рефлексия: «Смайлдар» «Смайлдарды» көрсетумен сабақты аяқтауға болады. Егер қуаныш смайлдары көп болса, онда сабақ сәтті өті дегенді білдіреді. | Презентация Қосымша 3 | |||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Топтық жұмыс кезінде оқушылар сыныптастарымен кеңесу үшін жақсы оқу дағдыларымен байланыса алады. Мұғалім тапсырмаларды шешуге қиындық тудыратын оқушыларға жеке дара көмек көрсетеді. | Қалыптастыру бағалау оқушылардың топтық, немесе жұптық жұмыс барысында жүзеге асады. | Сабақтың әр кезеңінде іс әрекетті алмастыру, оқушылардың шаршағандығын басады. | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру