Бесік туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 15
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 81
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 5
Туындылар: 4
Әңгімелер: 6
Аңыздар: 2

Ұлбосын
Бауырсақ мұрны пұштиып,Бесікте жатты Ұлбосын.Әкесінің ойында:«Ұлбосыным пұл босын!..»Тышқан көзі сықсиып,Ойнап жүрді Ұлбосын.Әкесі енді..
©  Мағжан Жұмабаев
Жұбату
Әлди, әлди, ақ бөпем,Ақ бесікке жат, бөпем.Жылама, бөпем, жылама,Жілік шағып берейін.Байқұтанның құйрығынЖіпке тағып берейін.
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Бесік болып тербеген,Алтын қанат азат күн! 
©  Шона Смаханұлы
Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға
(М. Ю. Лермонтовтан)Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға,Алла асыраған пендесі аш бола ма?Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге,Тыныштық пен зар..
©  Абай Құнанбаев
Ертегі
Досан, Таңның бесігін тербете тұршы, мына жерді кішкене жинап алайын, - деді Гүлзира күйеуіне қарап.Досан бесіктегі баласының жанына келіп отырды...
©  Ғабиден Қожахмет
Бесікке бөленген сәби
Бала әуелде сәбилерге арналған төсекке жатқызылған еді. Сонан соң бір күні: "Осы бала тым еркінсіп бара жатыр. Бұл үлкейген сайын айтқанымызды..
©  Ғабиден Қожахмет
Бесігінде сәби жатыр бұлқынып
Болу үшін күні ертең де ұлты нық
Тани білсін бесігінен жұрты ұғып.
Ана әуенге қосып бірге уілін
Тал бесікте сәби жатыр бұлқынып.

"Көз тимесін..
©  Ғабиден Қожахмет
Ел болам десең бесігіңді түзе.
©  Мұхтар Әуезов
Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан
«Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді»,
Майданға көкең кеткенде,
Осылай бәрі деп еді.
Бөпем, бөпем, бөпем-ау,
Қай жерде қалды..
©  Мұқағали Мақатаев
Бесік басында
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ұйықта, ұлым..
©  Мұқағали Мақатаев
Сақыр-сақыр сақасы,
Ішіндегі бақасы.
Екі торсық азығы,
Діңкілдейді қазығы.

Жауабы: Бесіктегі бала
Желіні тас,
Тұяғы ағаш.

Жауабы: Бесік
Әрі төсек, әрі үй.
Иесі оның сәби.

Жауабы: Бесік
Сәбиге сәнді үй,
Әжеге ән-күй.

Жауабы: Бесік
Ауылым - алтын бесігім.
Өз елің - алтын бесік.
Ер бесіктен танылады.
Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді.
Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді.
Есік арқалағаннан, бесік арқалаған артық.
Жаман деп бесікке күлме,
Тар деп бар есікке күлме.
Бесік — ұшар ұяң,
Есік — алтын шыған.
Бесіктен түскен бөпеге
Есікке дейін ен дүние.
Бесік баласы
Бес түлейді.
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
Бір жігіт үш белбеу байланады.