Ұйқы туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 32
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 123
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 22
Әңгімелер: 10
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 3

Еңбекқор
Ұйқыдан ширап тұрады.
Ерiншек
Ұйқыдан қирап тұрады.
Жаманның жан рақаты – ұйқы.
Шын ұнатсаң,
Басқасын қаламассың.
Шын ұйықтасаң,
Тасқа да қарамассың.
Өзіңді құштарлық билесе, көзіңнен ұйқы қашар.
Жер жүзін топан су алса,
Ұйқысын үзер ол емес.
Еріншек түске дейін ұйықтайды,
Кешке дейін есінейді.
Ұйықтаған адам ұйқыдағы жанды оята алмайды.
Ұйқы — ажал ағайыны.
Ұйқы жастық сұрамайды.
Ұйқы өліммен тең.
Ұйқыда ұят жоқ.
Дарақының күлкісі қанбас,
Жалқаудың ұйқысы қанбас.
Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.
Жасық кісі жасқа тоймас,
Пасық кісі ұйқы мен асқа тоймас.
Жалқаудың жаны ұйқыда.
Ұйқы — тынықтырады,
Жұмыс — шынықтырады.
Ұйқы арыстанды да жығады.
Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.
Ұйқымен үйір болсаң,
Ұйқы бағарсың.
Ұйқымен араз болсаң,
Жылқы бағарсың.
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.