Іс туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 180
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 53
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 132
Әңгімелер: 9
Эсселер: 2

Қолынан келетін, істеуге тиісті ісін істей алатын адамды бақытты, әрі тамаша адам деуге болады.
©  Леонардо да Винчи
Адамдардың сөзіне емес, ісіне қара! Әркімнің сөзіне алданба.
©  Ахмет Намық Жами
Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ,
Біреудің намаздан басқан ісі жоқ.
©  Сырым Датұлы
Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.
©  Бауыржан Момышұлы
Әр іс - әрекеттің тууына түрткі болар себеп бар. Адамның әр қарекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады.
©  Бауыржан Момышұлы
Әділдікті мойындау— адал кісінің ісі.
©  Бауыржан Момышұлы
Істі жақсы бастау, жартысын істегенмен бірдей
©  Платон
Кісіні танымақ болсаң - ісіне қара.
©  Жүсіп Баласағұни
Сабыр етсең - ісің оңға асады,
Шүкір қылсаң - жамандық та қашады.
©  Жүсіп Баласағұни
Ақыл керек білім таңдап оларға,
Білім керек жақсы іске қарауға.
©  Жүсіп Баласағұни
Саулық тілеп, табыс күтсең ісіңнен,
Жарамайтын сөз шығарма ісіңнен.
©  Жүсіп Баласағұни
Қалың ағаш шыбықтан бастау алады. Көп қабатты үйлер бір кірпіштен, қанша мың шақырымдық саяхат бір қадамнан басталады. Ойларыңызға абай болыңыздар..
©  Лев Толстой
Парасаттылықты қажет етпейтін жағдай мен маңыздыдылығы аз іс болмайды.
©  Лев Толстой
Бiр нәрсенi өте iстегiң келген әрбiр жағдайда тоқта да ойлан: iстегiң келген нәрсең жақсы ма, жаман ба?!
©  Лев Толстой
Өзiңiздiң де, өзгенiң де сөзiне сенбеңiз, өзiңiздiң де, өзгенiң де iстерiне ғана сенiңiз.
©  Лев Толстой
Ұнамсыз iстердi жасыру жақсы емес, бiрақ оларды ашық iстеп, мақтан тұту одан да жаман.
©  Лев Толстой
Ұлы істерді ойланбастан жасау қажет. Себебі қауіп туралы ой сенің батылдығың мен жылдамдығыңды тежейді
©   Гай Юлий Цезарь
Сіздің қанша іс істегеніңіз маңызды емес. Маңыздысы — қаншалықты пайдалы болғандығында.
©  Конфуций
Мен сүйікті ісімнің «ауруына шалдыққан» америкалық тұрғынмын. Мұндай аурумен ауыратындар үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
©  Илон Маск
Егер ісім өнсін десең — ретін тап.
©  Абай Құнанбаев
Білімсізден де бір іс өтер,
Білімдіден де бір іс өтер.
Бүгінгісін ертеңге қалдырған ешқандай істі бітірмейді.
Бұ заманның ісін есті кісі бітірмейді,
Епті кісі бітіреді.
Бұл өмірге келген соң, жақсылық қыл,
Жаман істі жамандарға ғана қалдыр.
Болар істің біткені жақсы.