Қасқыр туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Қасқыр" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Қасқыр" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Қасқыр" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Қасқыр" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 45
Жұмбақтар: 14
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 53
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 7
Туындылар: 3
Әңгімелер: 29
Ертегілер: 19
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 3
Аңыздар: 5
Қасқыр, түлкі, бөдене
Бір қу түлкі болыпты жұртты құртқан,Тышқан аулап жейді екен ескі жұрттан.Жем таба алмай бір жылы арықтапты,Тышқан ауып кеткен соң мұқым..
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қасқыр күшігін қалай үйретеді
Жолда келе жатсам, артымнан айқай салған дауыс естілді, қарасам бақташы бала екен. Ол жазық далада айқайлап, бірдеңе деп қол бұлғап маған қарай..
© Лев Толстой
Көксерек
I
Қараадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған, тобылғы басқан.
Сай бойында..
© Мұхтар Әуезов
Қараадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған, тобылғы басқан.
Сай бойында..
Лай суға май бітпес қой өткенге
Лай суға май бітпес қой өткенге,Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.Сол қасқырша алақтап түк таппадым,Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?Берген бе тәңірім..
© Абай Құнанбаев
Аққасқа
(Аударма. А.П. Чеховтан)Аш қасқыр аңға бару үшін орнынан тұрды. Үш бөлтірігі бірдей үйме-жүйме болып, бірін-бірі жылытқан күйі қатты ұйықтап жатыр...
© Мұхтар Әуезов
Қасқырға
О, сайтан!
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?
Тұра-тұр, көрісерміз..
© Мұқағали Мақатаев
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?
Тұра-тұр, көрісерміз..
Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім,
Тамақтанар-нәсібім.
Жауабы: Қасқыр
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім,
Тамақтанар-нәсібім.
Жауабы: Қасқыр
Бөрі баласын бөркіңе салсаң, ит болмас.
Бөрі қоңсысын жемейді.
Бөріден бөлтірік қанша асырасаң да, бір күні қанға бояйды.
Бөріні шопан қылсаң,
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.
Байдың қойы желігіп қасқырға соқтықса да, аман қалады.
Қасқырдың аузы жесе де – қан,
Жемесе де – қан.
Жемесе де – қан.
Қасқыр жарып кеп салды,
Қарға қарық боп қалды.
Қарға қарық боп қалды.
Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.
Бөрі қойға тоймайды.
Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.
Қой жеген қасқыр көңілді,
Қойшысы жаннан түңілді.
Қойшысы жаннан түңілді.
Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.
Қасқырдың қарны тоймайды.
Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.
Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.
Қасқырды тартпа құнына.
Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.