Қан туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Қан" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Қан" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Қан" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Қан" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 18
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 68
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 10
Туындылар: 1
Әңгімелер: 10
Поэмалар: 2

Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады.
©  Тоқсары
Екі сырттан қанға батып таласса,
Қарақұсқа жем болады.
©  Бауыржан Момышұлы
Басқа жазушылар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз.
©  Бауыржан Момышұлы
Бөріден бөлтірік қанша асырасаң да, бір күні қанға бояйды.
Қасқырдың аузы жесе де – қан,
Жемесе де – қан.
Қымыз – кісінің қаны,
Ет – кісінің жаны.
Жақсыға жалынса –
Жан қалады.
Жаманға жалынса –
Бір қасық қан қалады.
Жан тартпаса,
Қан тартады.
Батылды балталасаң да,
Қан шықпайды.
Нақақ төгілген қан құмға да сіңбейді.
Қанды қанмен жуа алмайсың.
Жақсы менен жаманның жаны бірдей,
Арық пенен семіздің қаны бірдей.
Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.
Соймаса қан шықпайды,
Құр тілден май шықпайды.
Жарлының аузы аққа тисе,
Мұрны қанайды.
Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.