Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Газет тілін зерттеу

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Газет тілін зерттеу казакша Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Газет тілін зерттеу на казахском языке

Мазмұны

КIРIСПЕ
1. ТАРАУ.
1.1. Газет тілі лексикасының ерекшеліктері
1.2. Қазақ газеттерінің ағартушылық
бағыттағы қызметі
1.3. Қазақ газеттерiнiң ақпарат тарату, үгiт-насихат
жүргiзу саласындағы қызметi
2. ТАРАУ.
2.1. Әлеуметтiк факторлардың газет құрылымына тигiзетiн әсерi
2.2. Әлеуметтiк факторлардың газет типтерi мен
олардың лексикасын қалыптастыруға тигiзетiн ықпалы
2.3. Газеттiң iшкi құрылымына тән лексикалық ерекшелiктер
2.3.1. Газет айдарларының лексикалық, лингвостилистикалық құлылымы
2.3.2. Газет тақырыптарының лексика-семантикалық ерекшелiктер
2.3.3.Газет жанрларының тiлдiк ерекшелiктерi
2.3.4. Бас мақала және оның лексика-стилистикалық құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

КIРIСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Газет тiлiнiң қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала. Алғашқы басылымдар мен бүгiнгi күнгi газеттер тiлi әр түрлi аспектiлерде қарастырылып келедi. Сондықтан да газет лексикасының қабаттары әр қабатқа сай ерекшелiктер, газет тiлiндегi жаңа қолданыстар, сәтсiз баламалар мен ұтымды атаулар, олардың әдеби тiлдi дамытудағы рөлi мен қызметi туралы мәлiметтердiң болуы көп жылғы зерттеулердiң жемiсi болмақ.
Зерттеудiң мақсаты: Газет тiлiн зерттеу қажеттiгiн тудыратын факторлар сан алуан. Газет тiлiн зерттеу арқылы жалпы қазақ тiлiнiң даму бағытын, деңгейiн аңдауға болады. Газет тiлi құрылымы мен жүйесiне сай жиi қолданылатын тiлдiк бiрлiктердi сөзге тән өзге де ерекшелiктер аясын айқындау және олардың жасалу жолдарын сипаттау барысында сөзжасамдық амал-тәсiлдерге тоқталу қажеттiлiгi туындайды.
Зерттеудiң әдiстерi: Газет-ақпарат жеткiзiп, үгiт-насихат тарататын орган. Оның аталмыш қызметтерi бұқара, әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты. Сондықтан да газет тiлiн әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты, газет тiлiн әлеуметтiк лингвистикамен ұштастыра зерттегенде он нәтижеге қол жеткiзуге болады.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы: Бүгiнгi күнде қазақстан аумағында газет-журналдар, телеканалдардың бәрiн қоса есептегенде жалпы саны 356 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады. Соның iшiнде газеттер туралы мәлiметтерге көңiл аударғанда, олардың саны мен түрлерiнде, типтерiнде бiрқатар сапалық та, сандықта өзгешелiктер пайда болғанын аңғардық. Айталық, газеттердiң мемлекеттiк және мемлекеттiк емес түрлерi пайда болған. Бiрақ, мемлекеттiк емес қазақ газеттерi саны мен сапалық көрсеткiшi жағынан әлi де өз деңгейлерiне жете алмай жатқанын аңғару қиынға түспейдi. Әр газет типiне орай олардың айдар, тақырыптарында айырмашылығықтар болады. Бұл айырмашылықтар сөз қолданыста (арнайы лексиканы қолдануына орай, кiрме сөздер мөлшерiне қарай) айқын байқалғанымен, жалпы газет атаулының айдар, тақырып, жанрлары құрылымында аса көп өзгешелiктер жоқ.
Зерттеудiң теориялық, практикалық маңызы: Қазақ публицистикасы стилiнiң пайда болып, қалыптасып, дамуындагазет тiлiнiң, олар атқарған, әлеуметтiк-қоғамдық қызметтерi түрлерiнiң (ағартушылық, ақпараттық, әдеби тiлдi жетiлдiру) әсер-ықпалы мол екенiн бiлемiз.
Зерттеу-жұмысының құрылымы: Сонымен бiрге, газет лексикасының құрылымы мен жүйесiне тән ерекшелiктердi тану, оның құрылысына (айдар, тақырып, жанр кейбiр мәтiндiк ерекшелiктерiне) тоқталу, сондай-ақ газет лексикасының типтерiн қоғамдық-саяси лексика, бағалауыштық лексика, бейтарап сөздер қатарын анықтау, оларға тән тiлдiк қабаттарға тарихи-сементикалық талдаулар жасау.
Жұмыста, сондай-ақ, тiлдiк жүйе мен құрылым, оларға тән парадигмалық және синтагматикалық қатынастардың газет лексикалы деңгейiнде көрiнуi негiзделедi, талданады.
1. ТАРАУ.

1.1. Газет тілі лексикасының ерекшеліктері

Мәдениеттің ең маңызды жансерігі жазу арқылы өркениет жемісі саналатын газеттер сөйлейді. Газет - халықтың рухани, мәдени өмірінің айнымас бөлшегі. Газеттің жалпы адамзат тарихындағы, жекелеген халықтар мәдениеті мен тарихындағы алатын орны айрықша маңызды. Сондықтан болар қазақ тілші-ғалымдары газет тілі мәселесін назардан тыс қалдырған емес.
Лингвист-ғалымдар арасында қазақ баспасөзінің тілі жөнінде алғаш арнайы зерттеу еңбек жазған Н.Қарашева болды (1). Бұл зерттеуде "Айқап" журналы тілінің граматикалық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.
Баспасөз тілін зерттеуге арналған екінші еңбек - Б.Әбілқасымовтың кандидаттық диссертациясы (2). Әдеби тілді зерттеуге байланысты жазылған ғылыми ізденістер қатарына қосылған бұл сүбелі еңбекте газет тілінің фонетикалық-орфографиялық жүйесі, лексикасы, грамматикалық ерекшеліктері барынша жан-жақты қамтылып, талданған. Кейін аталған диссертациялық еңбек жеке кітап болып жарық көрді.
Газет тілі С.Исаев зерттеулерінің де нысаны болды (3,4). Көрнекті тілші-ғалымның зерттеулерінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы мерзімді баспасөз тілі грамматикалық тұрғыдан олардың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктері ашыла отырып талданады және тіл мәдениеті мәселелері қамтылды.
Сондай-ақ, А.Алдашева "Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар" (1991) атты кандидаттық диссертациясында 1970-1990 жж. аралығындағы мерзімді басылымдар тіліндегі жаңа қолданыстарға шолу жасайды. Газет тіліндегі жаңа қолданыстарды талдауға арналған енді бір кандидаттық диссертация зерттеуші Қ,Қадырқұловтың еңбегі екенін де айта кету керек.
Жекелеген газеттер тілі бойынша "Қазақ" газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканы жүйелеген Б.Момынованың зерттеу-еңбегі бар (5). Ал О.Бүркітовтың "Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі" (Алматы, 1996) атты кандидаттық диссертациясы осы ізденістердің қатарын толықтыра түсті. Әрине, аталған еңбектерден өзге көптеген ғылыми мақалалар арқауы да газет тілі болғанын ескере кеткен жөн.
Орыс тіл білімінде газет тілі туралы К.И.Былинский (Язык газеты. М., 1996), В.Г.Костомаров (Руский язык на газетной полосе. М., 1971), И.П.Лысакова (Тип газеты и стиль публицистики. Л.,1989), Г.Я.Солганик (Лексика газеты. М., 1981), т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Бір жарым ғасырдан астам тарихы бар қазақтың мерзімді басылымдарының алғашқы қарлығаштары (ДУГ, ТУГ) туралы ғалым С.Исаев былай дейді: "…Әуелгі кезде (революциядан бұрын) мерзімді баспасөз тілі жазба әдеби тілдің өзіндік ерекшеліктері орныққан нормалары бар, жүйелі тілдік өрнектерімен, публицистикалық мазмұнына сай сөз тігісімен сипатталатын тұрақты көрінісі ретінде бірден қалыптасып кете алмады. Біздің байқауымызша, оның басты себебі, революциядан бұрынғы газет-журнал шығару ісінің тарихы онша терең, мерзімі ұзақ болмауында ғана емес, сонымен бірге бұл мәселені, жалпы баспа ісінің қазақ қауымы үшін жаңалық болумен, баспа ісінің көршілес татар, башқұрт, өзбек халықтары өкілдерімен тығыз қарым-қатынас болумен, алғашқы газеттердің, негізінен, аударма органдар болумен және маман да сауатты журналистердің жетіспеуімен тікелей байланысты" (6, 64).
Ғалым-зерттеушіБ.Әбілқасымов алғашқы қазақ газеттерінің программасы жөнінде әңгіме қозғай келіп: "Ол программа бойынша газет жоғарғы ұлықтардың қазақ даласына қатысты бұйрық-жарлықтармен қазақтарды таныстырып тұруға, сондай-ақ олардың арасына елдің табиғаты, тұрмысы, шаруашылық жайы (мал шаруашылығы, егіншілік, айырбас сауда т.б.) туралы хабарларды таратуға" тиісті болғанын тілге тиек етеді. Патша үкіметі сөз жүзінде осылай дей тұрса да, іс жүзінде қазақ халқын ағартуды тіпті де көксеген жоқ. Шын мәнінде оның көздегені - үкімет жарлықтарын ана тілінде тарату арқылы оны сөзсіз орындаттыруды қамтамасыз ету, жергілікті халықты басқаруды жеңілдету, қазақтың артта қалған патриархалды шаруашылығын біраз ілгері көтеріп, оны патша үкіметінің шикізат жөніндегі қажетін өтейтін дәрежеге жеткізу, сондай-ақ қазақтың өз тілін дамыта отырып, сол кездің өзінде "патша үкіметінің орындастыру саясатына зиянын тигізе бастаған" шағатай, түрік, татар тілдерінің ықпалына қарсы күресу болды. Сөйтіп, өзінің отаршылдық саясатын одан әрі күшейте беру мақсатын ұстады" - дейді (7, 13).
Әйтсе де алғашқы қазақ газеттері мен кейінірек жарық көрген "Қазақ" сынды ұлттық басылымның халықтың мәдени, рухани, қоғамдық және әлеуметтік санасын қалыптастырудағы ықпал-әсері шексіз.
"Дала уәләятінің газеті" екі бөлімнен ( ресми және ресми емес) тұрды."Бұйрықтар жазылатын бөлегінде" патша үкіметінің жергілікті әкімдерінің қазақтарға қатысты бұйрық-жарықтары аударылып басылып отырды, ал "Бұйрықтан басқа сөздер жазылатын бөлегінде ": ел басқару, егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, мал тұқымын асылдандыру, сауда хабары, мәдениетке ұмтылу (мектеп ашу, дәрігерлік жәрдемді күшейту, әдебиетті, қазақтың ана тілін дамыту) мәселелері көтерілді" (7,14).
Ал "қазақ" газетіне сол тұстағы қазақ қауымының көкірек көзін ашқан материалдар жүйелі жарияланып отырды. Соның ішінде көркем әдебиет үлгілері, ағартушылық бағыттағы, салт-дәстүрге байланысты жазылған мақалалар газеттің негізгі ұстанған бағытынан хабардар етеді. Танымдық ауқымы мол материалдар халықтың көзін ашуға, оқуға, білімге үндеп, мәдениетке шақыру мақсатын көздеді. Атап айтсақ: " Қазақтың тарихы " ( Түрік баласы, Қ., 1913, N7,9); "Жазу мәселесі " (А.Б.Қ., 1913, N34,35, 36); " Школдарда ана тілімен оқыту" (Арысұғлы, Қ., 1914, N48); "Қазақ мактабы" (Қ., 1914, N116); "Школдарда ана тілімен оқыту" (Қ., 1915, N117); "Бала тәрбиесі" ( Жаңа Байбақты, Қ., 1915, N119); " Емле туралы" ( Н.Күзембаев, Қ., 1915, N116); "Жазу мәселесі", "Бастауыш мактаб"(Қ., 1914, N 61), "Қазақтың бас ақыны" (А. Б.Қ., 1913, N42,43); "Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан" (М.Д.Қ., 1914), т.б.
Жалпы қазақ газеттерінде жарияланған материалдардың маңызы мен мәнін ескере отырып, газеттің қоғамдық өмірінде алатын орны мен қызметін үш бағытта топтастыруға болады:
1) қазақ газеттерінің халық санасын ояту үшін атқарған ағартушылық бағыттағы қызметі;
2) ақпарат жеткізу мен үгіт-насихат жүргізу бағытындағы қызметі;
3) әдеби тілді, сөздік қорды сан және сапалық жағынан толықтырудағы, байытудағы қызметі.

1.2. Қазақ газеттерінің ағартушылық
бағыттағы қызметі

Жоғарыда айтып өткеніміздей, газеттің ағартушылық бағыттағы қызметінің бастау алар тұсы - алғашқы қазақ газеттерінің шыққан - "Қазақ" газетінің уақытымен тұстас келді. Өйткені, "Газет - халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетікпекші"(8, 10).
"Қазақ" газетінің осы салада айрықша көрінуі оның бас шығарушысы А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Бүгінгі күні А.Байтұрсынұлы қалдырған мұралар жан-жақты сараланып, бағасын алып жатқан кезде Ахаң ағартушылығы жеке зерттеудің үлесіне тиесілі екені даусыз. Торғайда мектепте сабақ беріп жүріп, қазақ балаларын оқыту үшін не керек, не жетіспейді, қалай оқыту тиімді деген қаптаған сауалдардың біраз жауабын газет арқылы шешуді мақсат тұтуы тар жол, тайғақ кешулерден өте отырып, "халықтың құлағы, көзі һәм үні" (өз сөзі) болған "Қазақ" газетін ашуға ұласады. Ауылда ондаған баланың сауатын ашқан "Қазақ" арқылы мыңдаған өнер-білімге сусағандардың көкірек көзін ашу қиын да болса жемісті көрінеді. 1914 жылы: "Елу-алпыс балаға арнап берген сабақтан алты миллион қазақты алаламай істеп отырған ісімді артығырақ көремін", - деуі, соның айғағы.
"Бір сөзбен айтсақ, ұстаздықты ұлттық мүддеге бағындырып, ағартушылықты планетарлық масштабта қарайды; өз халқы білім жарысына түсетін күнді жақындатты" (9, 32). Оның ағартушылық қызметінің нәтижесі М.Дулатов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин сынды ұлт зиялыларының тәрбиеленуі арқылы анық көрінді. Жалпы А.Байтұрсынұлы ағартушылық қызметінің үш қырын былайша көрсетуге болады:
Біріншіден, Абайтұрсынұлы орысшы немесе татар, ноғай молдалары оқытып жүрген мұсылманша оқу түрлерін санамалай келе, қазақ баласы үшін ең алдымен білім ана тілінде берілуі міндетті екенін айтады.
Әрі ұстаз, әрі ағартушы ретінде А.Байтұрсынұлының көңілін бөліп, қатты алаңдатқан екінші мәселе-мектептің құрылымы, оқыту жүйесінің мәселелері. Ол: "Бұл күнде қазақша оқуда кемшілік көп. Әуелі, оқу құралы, кітаптар жоқ. Ноғайша оқу құралдары қазаққа үйлеспейді. Екінші, қазақ мектебіне түзелген бағдарлама жоқ, онсыз оқу бір жөннен шықпайды. Үшінші, бала оқыту ғылымынан хабардар мұғалімдер аз", - деп, осындай оқуға ауыртпалықтар әкеліп, бөгет жасап отырған қиындықтарды шешудің нақты шараларын белгілейді.
1913 жылы Ахаң "Қазақ"-тағы "Қазақша оқу жайынан" атты мақаласында: "Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі, балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек", - дейді. Келесі бір санында "Оқу жайынан" сөз қозғағанда, сандық, статистикалық мәліметтерді тізіп бере отырып: "Бұл есептен көрінеді: Қостанай уезінде қазақша хат танитын еркек әрбір жүз кісіден алтау, орысша хат танитын әрбір мың кісіден сатау. Қазақша хат танитын әйел әрбір үш жүз кісіден біреу, орысша хат танитын әрбір төрт мыңнан біреу екен. Бұл цифрлар қазақта оқудың тіпті аздығын көрсетеді…
Қазақ халқында бұл күндегі орысша һәм қазақша оқу жайы осы. Мұнан былай оқу һәм оқыту мәселесі "Қазақта" түгел жазылып тұрмақшы", - деп бітірелі сөзін.
"Мектеп керектері" деген мақаласында осы ойын одан әрі жалғастыра түсіп, қазақ даласында оқу жүйесі қалай, қандай болу керектігін былайша көрсетеді:
"Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы, құралсыз іс істелмейді һәм құрал қандай болса істелген іс те сондай болмақшы… Үшінші, мектепке керегі - белгіленген программа. Керексіз нәрселерді үйретіп, балалардың өмірін босқа өткізбес үшін, балалардың күші жетпейтін алысқа сүйреп кетпес үшін бастауыш мектепте үйренетін нәрселердің кесім-пішімі болуға тиіс. Сол пішім программа деп аталады" - дейді (10, 252-272).
Жалпы осы тұста ағартушылық қызмет атқару сол кездегі әрбір оқыған азаматтың парызы, әрбір жарық көріп жатқан кітап пен мерзімді басылымдардың қай-қайсысының болмасын төл міндеті сынды еді. Газет арқылы бұл қызметті мыңдаған адамға, қалың бұқара қауымға көрсету мүмкіндігі туды.
"Қазақтағы оқу-білім, халық ағарту саласына қатысты атаулардың басты ерекшелігі - тілімізге ертеден еніп, әбден қалыптасып кеткен арабизмдермен қатар орысша сөздердің де жарыса қолданылуы. Бұлай болуы заңды да. Өйткені,сол кезде қазақ даласында оқудың, оқытудың екі түрі бар еді. Бірі - діни, ескіше, қазақша оқу, яғни школа, гимназия жүйесі еді. Осы екі саланың бір ізге түсіп қалған терминдеріне қоса газет тұтқасын ұстаған А.Байтұрсынұлы сынды ағартушылар қазақтың төл сөздерін көптеп енгізіп отырған.
Қазақ даласындағы оқу жүйесінің өткен ғасырлардағы тарихы күні бүгінге дейін толық зерттелген емес. Ертеректе жазылған Н.Сәбитовтың (Мектебы и медресе у казахов. Алма-ата,1950), Т.Тәжібаев (Просвищение и школы Казахстана во ІІ половине ХІХ в. Алма-Ата, 1962) кітаптарін айтпасақ, бұл салада іргелі зерттеулер жоққа тән. Осындай зерттелінуі жетімсіз тақырыпқа, яғни педагогика тарихына тiлдiк жағынан келiп, олқылықты бiршама толықтырған ғалым – профессор Р.Сыздықова болды. Ғалым Абай шығармаларының тiлiн сөз еткен монографиясында «Адамзаттық сипаттағы оқу-ағарту мен ғылым-бiлiмге қатысты сөздер» деген атау енгiзiп, көптеген атаулардың тарихи даму процестерiн талдайды. Зерттеушiнiң көрсетуiнше, тiлiмiзде күнi бүгiнге дейiн қолданылатын мектеп сөзi – ХIХ ғасырдың жемiсi. Оған дейiн бүкiл Шығыс әлемiнде барлық оқу орны медресе деп аталған. Ал татар жұрты, Орта Азия халықтары бiрте-бiрте сауат ашып, мәдениетке қол арта бастаған кезде мектеп сөзi жиi қолданысқа түсiп едi, мiне, содан берi тiлiмiздiң сөздiк қорынан берiк орын алып келдi.
Әрине, ата-бабаларымыздың ҮIII-IХ ғасырдан бастап тұтынған араб жазуы, араб оқуы, ислам дiнi халықтың сөйлеу тiлiнде терең iз қалдырды. Мектеп, кiтап, медресе сияқты сөздердi талай ғасыр бұрын-ақ екiнiң бiрi бiлiп, ұғынғаны дау туғызбайды. Мактаб – мектеп, китаб – кiтап түрiнде өзгерiп, дыбыстық түрленуi де бұл атаулардың көнелiгiн, ертеден тiлiмiзде қолданылып келе жатқанын көрсетедi.
Өзге бiр тiлдiң жүйесiн бiлмеген адам өз ана тiлiндегi бөгде, кiрме сөздердi бiрден түстеп, тани алмайды. Ол сөздердi шет тiлден енген десе, тiптi қарсылық бiлдiруi де мүмкiн. Бұл кейбiр өзге тiлдiк элементтердiң басқа тiлге әбден құлаққа сiңген көне сөздер, мәселен, мектеп пен кiтап түбiрлес, туыстас сөздер десе, екiнiң бiрi сене бермейдi. Шын мәнiнде, арабтың кәтәбә етiстiгi «жазу» деген ұғымды бiлдiредi. Ал ендi осы етiстiктен ( жазу тұлғасы) туындаған (китаб) – кiтап (яғни “жазылған”), (мактаб) – мектеп (яғни “жазатын орын”), мактуб (“жазылған хат”, “арнау хат”), осы сөздiң көпше түрi –“Мактубат” атты Ы.Алтынсариннiң кiтабы барлығы белгiлi. Өз кезегiнде, мәселен, кiтаптан – мактабатун – “кiтапхана” туындайды. Дел осындай жолмен араб тiлiнiң “оқыту”, “зерттеу” мәндi дәрәсә етiстiгiнен, әрине, араб топырағында дәрiс және медресе сөздерi туындады. Ал, олар екi дара, бiр-бiрiмен байланысы жоқ екi лексема ретiнде тiлiмiзде баяғыда-ақ орныққан.
Ал ендi “Қазақ” газетiнде оқу-ағарту, бiлiм, ғылымға қатысты орыс тiлiнен енген атауларға келсек, олардың табиғаты мүлде өзгеше екенiн көремiз. Бұлардың қазақ тiлiне ауысқанына салыстырмалы түрде алып қарағанда аз-ақ уақыт болған. Сондықтан да бұл неологизмдердiң басым көпшiлiгi халыққа түсiнiксiз болғандықтан, газет шығарушылары көп жағдайда оларға анықтама берiп, түсiндiрiп отырады. Мысалы: Қазақ iшiнде әр жерде бала оқытатын адамдардан бала оқытуға программа (жосық) көрсетiлсе екен деген өтiнiштер келедi (“Қ”., 1913, Т 1); Керексiз нәрселердi үйретiп, балалардың өмiрiн босқа өткiзбес үшiн, үйретерге тиiстi бiлiмдi кем үйретпес үшiн бастауыш мектепте үйрететiн нәрселердiң кесiм-пiшiм болуға тиiс. Сол пiшiм программа деп аталады (11, 252).
“Қазақ” газетiнде актив қолданылған оқу-ағартуға қатысты атауларды шолып өткенiмiзде, көзге түскен тағы бiр ерекшелiк-қазiргi тiлiмiзде қолданыс тауып жүрген көптеген тiркестердiң оның бетiнде алғаш пайдаланылып, орныққандығы. Оларға: халық ағарту, бастауыш мектеп, ұлт мектебi, ұлт әдебиетi, жаңа жолдың оқуы, оқу кiтабы, оқыту ғылымы т.с.с. сөз тiркестерi жатады. Мысалы: Европа мактаптарында оқыб шыққандар “ұлт адабиат мактаптарын” ашды (“Қ”.,1916, N 164); Қазақша оқу кiтабтары жаңа қана көрiнiб келедi, тәртiпбен оқытарлық мұғалiмдер аз, оқу программасы жоқ, салған мактабтар жоқ, мұғалiмдерге арналған айлық ақы жоқ, қазақша оқуды аймаққа бiрдей жеткiлiктi етерлiк жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететiн даримұғалимун жоқ (“Қ”., 1913, N 15); Жас буынды келер заманға дайарламақ үшiн ұлт мактабы негiзiн құру, елжiреген жас жүрекке биiк идеал жарығын салу үшiн ұлт адабиатын гүлдендiру iсiне, уақыты келер, бiз де талпынармыз Қарқаралы қазақ ортасында салынған 22 болос ел қарайтын бiр қала болса да, мұнда тәртiптi мактаб ашып, тәжiрибелi мұғалiм алдырыб бала оқыту жоқ едi (“Қ”., 1915, N 153).
Осы тарихи жағдаймен сол кездегi ағартушылардың еңбегi арқасында өз заманындағы жазба тiлдiң нақты көрсеткiшi болып табылатын “Қазақ” газетiнде оқу-ағарту саласына қатысты атаулар үш деңгейде, үш қабатта кездесетiндiгiн мына 1-таблицадан байқауға болады....



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Газет тілін зерттеу дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Газет тілін зерттеу дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломды, Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Газет тілін зерттеу дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін