Политология | Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары

 Политология | Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары

Мазмұны


КІРІСПЕ..........................................................................................................

І-бөлім. ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ....................................

ІІ –бөлім. ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ПРОЦЕСІ. ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ – ҰЗАҚ ТА ЖАУАПТЫ ПРОЦЕСС..........................................................................................................

ІІІ-бөлім. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.........................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:.......................................

Тақырыптың өзектiлiгi.
Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған.
Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты.
Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде.
Саяси даму – кез-келген қоғам өмiрiнiң барлық салаларымен тығыз байланыста дамитын және оның iшкi саяси тұрақтылығына тiкелей әсер ететiн аса маңызды саяси-әлеуметтiк фактор ретiнде қоғамдық ғылымдар, оның iшiнде саясаттану ғылымындағы өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады. Республика Президентi Н,Ә. Назарбаев өзiнiң Қазақстан халқына Жолдауында.. “қоғамның бекем тұстарының бiрi оның саяси тұрақтылығы мен бiрлiгiнде жатыр ”, - деп атап көрсеттi.
Тақырыптың зерттелу деңгейi.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың ”Қазақстан-2030” Жолдауы халқымыздың өсiп-өркендеуiн, қауiпсiздiгiн және әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған, ел дамуының үлкен бiр кезеңiне арналған мемлекеттiк бағдарлама болып табылады.
Қазақстан Республикасының саяси дамуы мәселесiн қарастыру жолында ”Қазақстан-2030” даму стратегиясын басшылыққа алдық. Елбасы онда атқарылған iстерге баға берiп, алдағы жылдағы атқарылар iстiң нақты нысаналарын көрсетiп бердi.
Қоғамдағы демократияландыру – ұзақ та күрделi процесс. Демократияны дамыту – меншiк қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту, яғни экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттiң қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егемен мемлекеттi қуатты президенттiк республика етiп қалыптастыру. Қазақстандық қоғамды демократияландыру үрдiсi, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мәселелерi Ө.Байгелдiнiң, М.А. Биекеновтiң, Ж.Х .Жүнісованың, Т.Омарбектiң және Әбiш Кекiлбаевтің және т.б ғалымдардың еңбектерiнде жан-жақты қарастырылған.
Өтпелi кезендегi экономикалық саясаттың ерекшелiгiн, оның бүгiнгi деңгейiн, елiмiздiң нарықтық экономикалық жүйеге көшуiнiң проблемалары мен перспективасын, жалпы мемлекеттiк экономикалық саясаттың стратегиясын қарастыру мәселелерi Р.Ю.Қуатовтың, А.Е. Болғанбаевтың, К.А. Берденованың және т.б. еңбектерiнде барынша ауқымды зерттелген.
Қазақстан – 2030 стратегиясы бойынша иновациялық экономика құру бойынша ғылыми шикiзаттық емес факторды дамыту мәселелерiн талдауда, бiлiм беру, мәдени – рухани қызметтi ашып көрсетуде, олардың бүгiнгi проблемалық мәселелерiне арналған конференция материалдары, Конституция және т.б. елеулi рөл атқарады.
Қазақстан Республикасын демократияландыру, оның қоғамдық – саяси, әлеуметтiк – экономикалық және рухани дамуы мәселелерiн жан-жақты зерттеуде төмендегi газет – журналдардың материалдары қамтылды: «Ақиқат», «Саясат», «Азия», «Егемен Қазақстан» , «Казахстанская правда», «Полис», «Түркiстан» .
Диплом жұмысымның мақсаты мен мiндеттерi.
Жұмыстың негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтiк және рухани дамуының алғышартьтарын ашып көрсету және елдегi ахуалды терең таразылау, дамуымыздың әлемдiк тәжiрибе тұрғысынан талдау және реформаларды іске асыру мен жаңа институттардың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру болып табылады.
Осы алдымызға қойған мақсаттан мынадай мiндеттер туындайды:
- Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық саяси ахуалды анықтап,
оның даму үрдiстерiн айқындау;
- қазақстандық қоғамды демократияландыру процесiнiң ерекшелiктерiн саралау, оның басым бағыттары мен негiзгi принциптерiн зерттеу;
- қазіргі кезендегi экономикалық саясатты жүзеге асырудың
қазiргi жай – күйi мен оның ерекшелiктерiн талдап көрсету;
- республикадағы демократиялық өзгерiстердiң қоғамның бiлiм
және мәдениет мәселелерiне ықпалын ашып көрсету;
Дипломдық жұмыс құрылымы.
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, төрт бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi анықталып, оның зерттелу дәрежесi сипатталады. Сонымен бiрге жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi көрсетiледi.
“Президент Жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары” атты бiрiншi бөлiмде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан – 2030 Ел халқына Жолдауы туралы, ондағы елiмiздiң iшкi және сыртқы саясатына, саяси экономикалық және әлеуметтiк дамуына байланысты мақсат – мiндеттер айқындалады. Сонымен қатар Президенттiң ”ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары”, 1998-2000 жылдарға арналған неғұрлым маңызды мiндеттерге талдау жасалынады.
”Қоғамды демократияландыру процесi” – деп аталатын екiншi бөлiмде Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдiсiнiң қалыптасуы, оның жүзеге асырылу ерекшелiктерiне тоқтала келiп, мәселенiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк салалардағы негiзгi принциптерi мен мiндет – мақсаттары анықталады.
”Өтпелi кезеңдегi экономикалық саясаттың ерекшелiгi” деген үшiншi бөлiмде елiмiздiң салауатты экономикалық өрлеу стратегиясының басты мiндеттерi көрсетiлiп, нарықтық экономиканың қалыптасу ерекшелiктерiне, меншiк институттары, кәсiпорындарды жекешелендiру, шетел инвестицияларын қорғау және алу және т.б. мәселелер талданған.
“2030 – стратегиясы : бiлiм және мемлекет мәдениет мәселелерi” атты төртiншi бөлімінде Қазақстан Республикасындағы бiлiм және мәдениет проблемаларының бүгiнгi таңдағы даму ерекшелiктерi, елiмiздегі жаңаша бiлiм беру жүйелерiнiң құрылып жатқандығы туралы, демократиялық саяси мәдениет және басқа да мәселелер қарастырылды.

I. бөлім. Президент жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, Елбасымыз жылма – жыл халықты iшкi және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етедi. 1998 жылғы 30 қыркүйекте Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ”Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл– ауқатының артуы” атты 2030-шы жылға дейiнгi дамуын байыптайтын ұзақ мерзiмдi Стратегия ұсынды. Онда Президент аталмыш Стратегияны жүзеге асыруда ағымдағы жылы атқарылған iстерге баға берiп, алдағы жылдарда атқарылар iстiң нақты нысаналарын көрсетiп бердi . Бұны өз отандастарымыз құптап қарсы алды.
Президенттiң Қазақстан халқына арналған Жолдауы алыс және таяу шетелдердегi баспасөз беттерiнде кейiнен жазылып, оқырмандар назарын өзiне қатты аударып отыр. ”Қазақстан-2030” бағдарламасы әлдебiр дерексiз абстрактты идеология емес, ол – ең алдымен , нақты iс-қимылдың айқын жоспары. Ал, ол жоспары өзiнiң кезең-кезеңiмен жүзеге асырылуы тиiс. Ол үшiн нақты iс-қимыл мен жұрттың бәрiне айдай айқын нәтиже керек.
Елбасы өзiнiң Жолдауының кiрiспесiн: ”Мен сiздерге, Қазақстан халқына қоғамымыздың болашағы мен мемлекетiмiздiң мұраты хақындағы өзiмнiң пайымдауымды жолдап отырын. Мен сiздермен келер ғасырға жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзiмнiң ой толғаныстарыммен бөлiскiм келедi. Бiздiң өзiмiздiң болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргiмiз келедi, осыны айқындап алатын уақыт жеттi ”,- деп басталды.
Алға қойған мақсат та нақты: ”Осынау болашаққа қол жеткiзiп, өз мұратымызды iске асыруға жәрдемдесе алады-ау” деген сенiм ұялату. Бүгiнгi қиындықтар бiздi күш – қуатымыз бен ертеңге деген үмiтiмiзден айырмауға тиiс. Сенiмдiлiктiң бiрден – бiр көзi – қазақстандықтардың төзiмдiлiгi мен түсiнушiлiгi, бiздiң қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жолындағы бiртұтастығы және халықтың барлық жiктерi мен топтарының ортақ мiндеттерiн шешуге бағытталған стратегия айналасындағы топтасуы, саяси және экономикалық реформалар жүргiзуi жөнiнде жинақталған тәжiрибе, әлемдiк даму процесi туралы бiлiмдiлiгiмiздiң молая түскендiгi.
Жолдауда Қазақстанның тәуелсiздiк жағдайында дамуының алғашқы екi кезеңi айқындалған . Алдыңғы кезеңнiң мәнi “Басталып кеткен аласапыран өтпелi кезеңнiң буырқанған жағдайына дербес мемлекет ретiнде табан тiреп қалуға” келiп сайса,” қазiр бiз тұрақтану кезеңiне өтудемiз”.
Аса маңызды құжаттың негiзгi тараулары: «Бiз бүгiн қай жерде тұрмыз?» , «Қазақстан мұраты», «ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары», «Күн тәртiбiнде: 1998-2000 жылдар», Үкiметке 1998 жылға 8 нақты тапсырма деп аталуының өзi көп президент жәйдi аңғартса керек .
Президент өз жолдауының ”Күн тәртiбiнде: 1998-2000 жылдар” деген тарауында былай деп атап көрсеткен болатын: ”Егер бiз ХХI жүзжылдықтың басына дейiн келесi үш жылға арналған мiндеттерiмiздi белгiлеп, оларды орындай алмасақ, осы айтқанымыздың бәрi де құрғақ қиял, жел сөз болып қалу қаупi бар.
Бiздiң көптеген азаматтарымызды дәл бүгiн келешектiң онша алаңдатып отырмағаны аян, өйткенi қазiр проблемалар еңсе көтертпей тұр. Адамдардың көпшiлiгi таяу уақытта аздап болса да нақтылы нәтижелердi сезбейiнше, олардың ұзақ мерзiмдi мақсаттар мен жақсы деген уағдалардың өзiне сенiмсiздiкпен қарары анық. Шынында да ол адамдардың басым көпшiлiгiн бүгiнгi күннiң проблемалары қатты толғандырады. Олардың бәрiне де өмiр бiрақ рет берiлген. Сондықтан да тым алыстағы ең жақсы деген болашақтың оларды қызықтыра қоймайтыны белгiлi. Алайда, ең таяудағы уақыттың iшiнде тұрмыс едәуiр жақсара бастаса, көз алдымызда экономикалық өрлеу күшейе түссе, онда әлгi алыстағы болашақтың өзiне-өзi жақындап, адамдардың көпшiлiгiне түсiнiктi бола түсетiнi сөзсiз .
Қоғамымызда Президент Жолдауы өте зор мүдделiкпен талқыланылуда. Бұған мысал ретiнде елiмiздiң әртүрлi аймақтарында тұратын адамдардың 1998-2000 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi басыңқы мiндеттердi басқаша ретпен белгiлеудi ұсынғанын айтсақ та жеткiлiктi. Ал, бұл жылдарға арналған неғұрлым маңызды мiндеттердiң Жолдауда мынандай ретпен түзелгенi мәлiм.
- iргелi елдермен белсендi қарым-қатынас жасау.
Қазақстанның энергетикалық секторына капитал тарту және елiмiздiң әскери доктринасын әзiрлеу арқылы ұлтық қауiпсiздiктi нығайту;
- ауылдың неғұрлым өткiр проблемасын шешу;
- кедейшiлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрес;
- iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның бiрлiгiн нығайту жолымен экономикалық өркендеуге жету;
- барлық әлеуметтiк – экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен, бюджет саласындағы реформаларды аяқтау, соның нәтижесiнде зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтiк жәрдемақыларды толық көлемiнде уақтылы төлеу;
- қолайлы инвестициялық ахуал туғызу;
- үкiмет пен мемлекеттiк қызмет реформаларын жеделдету, сыбайлас жемқорлық пен қиянатқа қарсы күрестi күшейту”.

Ал, адамдар бiрінші кезектегi орынға үкiмет пен мемлекеттiк қызмет реформаларын қоюды ұсынады. Өйткенi, үкiмет дегенiмiз нақты орталық орган ғана емес, тұтас алғанда мемлекеттi басқару. Мемлекеттiк басқару жүйесiн реформалап, жетiлдiре түсу керек. Әкiмшiлiктерге реформа қажет. Жаңа бағдарламаны жаңа адамдар жүзеге асыруы тиiс. Бағдарламаны жүзеге асырушы практиктердiң командалары Президенттiң жанындағы орталықта ғана емес, сонымен қатар әрбiр ауданда, әрбiр қалада, әрбiр облыста болуы керек. Әрбiр кәсiпорынның, әрбiр ауданның, әрбiр ауыл мен селоның, рентабельдi шаруашылық жүргiзетiн қандай да болсын кез-келген әрбiр субъектiнiң таяудағы үш жылға арналған даму жоспары болуы шарт. Ол жоспар Президент Жолдауында көрсетiлген нақты мiндеттер сөзсiз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған болуы тиiс. Олардың барлығы да жергiлiктi үкiмет билiгi тарапынан елеулi қолдау тауып отырғаны жөн.
Шынында да, өкiмет билiгiн реформалап алмай тұрып, өкiмет билiгiнiң өз менталитетiн, оның қалыптасып қалған әдеттерiн, дәстүрлерiн жалпы өмiр сүру салтын түбiрiмен өзгертпей тұрып, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi нығайту, ел экономикасына сырттан капитал тарту, ауылдың проблемасын шешу, инвистициялық ахуал туғызудың мүмкiндiгi жоқ. Олай ету реформалаудан өткiзiлген жаңа өкiмет билiгiнiң ғана қолынан келедi.
Стратегияның ”Бiз бүгiн қай жерде тұрмыз”, ”Қазақстанның мұраты ” деп аталатын тараулары қазақстандықтардың реформаға артып отырған мүдделерi мен үмiттерiн, көздейтiн мақсаттарын саралап көрсетуге арналған. Егер олар басым маңыздылығы жағынан саты-сатыға, кезек-кезекке бөлiнiп, тәртiпке келтiрiлiп, егжей-тегжейлi жүйеленбесе, бұл құжат күллi ұлттың күш жiгерiн ортақ мақсатқа жұмылдыра алатын стратегия мен тактика қызметiн атқара алмас едi. Үшiншi негiзгi тарау, мiне, осыған арналыпты. Онда 1998-2000 жылдарда атқарылар жетi ұзақ мерзiмдi басымдық жеке-жеке талданады. Сол арқылы ұзақ бағдарламаны кезең – кезеңге бөлiп iске асырудың ұғынықты әдiстемесi жасалынған.
Ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары Жолдауда мынадай ретпен түзелген:
1. ұлттық қауiпсiздiк;
2. Iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
3. Экономикалық өсу;
4. Қазақстан азаматарының денсаулығы, бiлiмi мен әл-аухаты;
5. Энергетика ресурстары;
6. Инфрақұрылым, әсiресе көлiк және байланыс;
7. Кәсiби мемлекет.
Алғашқы кезекке ұлттық қауiпсiздiктi сақтауды жүзеге асыру қойылған. Ұлттық қауiпсiздiк, яғни бұл елiмiздiң аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсiз егемен мемлекет ретiнде дамуын қамтамасыз ету болып саналады. Тәуелсiз жас мемлекетiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгi – азаматтарымыздың көркеюi мен жүргiзiлiп жатқан реформалардың табысқа жетуiнiң басты кепiлi болып табылады. Оны қамтамасыз етудiң алғышарты қоғамның ынтымағы мен iшкi саяси тұрақтылығы. Бұл оңай мiндет емес. Алайда Жолдауда атап көрсетiлгендей Қазақстан: ”ең жақын және тарихи достас Ресеймен арадағы сенiм мен тең құқылы қарым-қатынасымызды дамытып нығайта бередi.
ҚХР-мен өзара тиiмдi негiздегi осындай сенiммен тату көршiлiк қатынастарымызды жалғастырады ”. Сонымен қатар бiз Орталық Азия мемлекеттерiмен, Орта Шығыс елдерiмен байланыстарымыз бен интеграциялық процестердi күшейте беремiз. Бүгiнде Қазақстан Республикасы АҚШ және басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттер мен ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!