👈 қаріп өлшемі 👉

Аспап жасау | Цифрлық бейне бақылауыш жүйесін әзірлеу және микроконттроллер көмегімен қадағалау

 Аспап жасау | Цифрлық бейне бақылауыш жүйесін әзірлеу және микроконттроллер көмегімен қадағалау

Мазмұны

Кіріспе
Есептеуіш құрылымының сипаты
Есептеуіштің құрамдас бөліктері
Негізгі электронды үлгі
Есептеуіштің интерфейстері
Сұйық кристалл индикаторы (СКИ)
Құрылғының құрылымын әзірлеу
Электр жүктемелерінің графиктері
Санауыштарды орнату және оларға қосылатын электр сымдары
Программалық қамтамасыз ету
Құрылғының электрлік сұлбасы
Жұмыстың орындалуы
Техника-экономикалық бөлім
Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы
Өндірістер бағдарламасы
Маркетингтік жоспар
Нарық дамуының болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер
Маркетинг стратегиясы
Техникалық жоспарлау
Жобаны жүзеге асыру
Пайдаланушылық шығындар
Жалпы және әкімшілік шығындар
Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
Өміртіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбекті қорғау бойынша заңдық және нормативтік актілер
Теориялық бөлім
Табиғи және жасанды жарықтандырушы шаралар
Тапсырманы есептеу
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
А Қосымша

Кіріспе
Қазіргі таңда бірде бір жаңа құрылыс электр қуатынсыз жұмыс істей алмайды, оған қоса,
өз пәтерлеріндегі электр есептеуіштерін жаңа
есептеуіштерге ауыстырғысы келетін адамдар саны күн санап артып келеді.
Электр есептеуіштері туралы алғаш болып он тоғызыншы ғасырдың
соңында итальяндықтар сөз қозғады. 1885 жылы италияндық Галилео
Феррарис (1847-1897) ауыспалы тоқтың фаза бойынша бір-біріне сәйкес
келмейтін өрістерінің ықпалымен металл дискісі немесе цилиндр түріндегі
ротордың тұтастай айналатындығын байқаған болатын. Бұл жаңалық
индукциялық қозғалтқыш жасау идеясын туыдатты және сонымен бір уақытта
индукциялық есептеуіш жасап шығаруға мүмкіндік берді.
Осындай типті алғашқы есептеуішті 1889 жылы Будапешт, Венгриядағы
"Ганц" (Ganz) зауытында жұмыс істейтін венгрлік азамат Отто Титуций Блати
жасап шығарды. Ол ауыспалы тоқтарға арналған электрлік есептеуіш идеясын
патенттеп алған (Германияда берілген № 52.793, АҚШ-та алынған № 423.210 патент)
Бұндай құрылғы арқылы Блати іс жүзінде фазалардың 90°-қа ішкі
қозғалысына қол жеткізді, бұл өз кезегінде есептеуіштің ватт-сағаттарды
барынша дәлме-дәл көретуіне жол ашты. Аталған үлгідегі электр
есептеуішінде тұтынылатын энергия мөлшерін өлшеудің кең ауқымын
қамтамасыз ететін тұрақты тежегіш магниті қолданылатын болған және
циклометрлік типті тіркеуіш қолданылған болатын.
Бұдан кейінгі жылдар прибордың салмағы мен көлемдерінің азаюы,
рұқсат етілетін күштер ауқымының кеңеюі, қысым, қысым мәні мен
температура көлемдерінің өзгеру белгілері түрінде көрініс берген көптеген
жаңалықтарға толы болды. Өкшеліктерді мойынтіректермен ауыстырудың
көмегімен есептеуіштің айналмалы роторының тіректеріндегі үйкеліс біршама
азайды, уақыт өте келе екі қабатты тастар мен магниттік мойынтіректер
қолданыла бастаған. Тежеуіш электромагниттік жүйенің техникалық
сипаттамаларын арттыру және ротордың тіректері мен есептеу механизмінде
майды қолданбау есебінен есептеуішті тұрақты түрде тасымалдау мерзімі
біршама ұлғайды. Бұдан кейінгі уақытта өнеркәсіптік тұтынушылар үшін үш
фазалы индукциялық есептеуіш құрылды, онда бір, екі немесе тіпті үш
жекелеген дискіде орнатылған екі немесе үш өлшеу жүйесінің жиынтығы
қолданылған. Қазіргі уақытта электр есептеуіштерін өндірушілерде дайындау
тиімсіздігі туралы мәселе тіпті туындамайды да, себебі оларға деген сұраныс
өте жоғары әрі жақын арада сұраныстың төмендеуіне қатысты болжам жоқ.
Электр есептеуіштерін шығаратын алғашқы фабрика құрылған уақыттан
бастап электр есептеуіштерінің өндірісі тек дамып және жетіліп келеді. Және
бүгінде ол жиырмасыншы ғасырдың ортасымен салыстырғанда өзгеше
сипатқа ие......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға келген шетелдіктерге ескерту жасалды 06.10.2022
» Бизнесті дамытуға 1,2 млн теңге мемлекеттік грант беріледі – шарттары 30.09.2022
» Қазақстандықтар 2023 жылдан бастап қосымша зейнетақы төлемдерін ала алады 30.09.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы