Политология | 2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі

  Политология | 2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі

Мазмұны


КІРІСПЕ…………………………………………………………………….…3

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДУГІ ТЕОРИЯЛЫҚ – МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗ………………………………………………………..........................6

2. ҚАЗАҚСТАНДЫҒЫ КӨП ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ..................................................................……….……..22
2.1 1993 ЖЫЛҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ………………………………….30
2.2 1996 ЖЫЛҒЫ ПАРТИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢ……………..............………..32
2.3 2002 ЖЫЛҒЫ ПАРТИЯ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ……………….........................................................................................44

3. 2004 ЖЫЛҒЫ ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУҒА САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ.
3.1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ………………………………54
3.2 САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ТАНЫЛУ ДЕҢГЕЙІ….....…..........…....63
3.3 САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ САЙЛАУ КАМПАНИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..............................................................................................65

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………68

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................70

Жұмыстың өзектілігі:
Қазақстан қоғамындағы қазіргі кезеңдегі ғаламдану саясатының басты бағыты республикамыздың саяси жүйесі мен қүрылымын, қоғамдық қатынастардағы орны мен ролін, Конституциялық статусы мен функцияларын, оның барлық құрамдас бөліктерін қамтиды. Осы өзгерістердің табиғаты мен ауқымының бір ерекшелігі - олардың бүкіл мемлекеттік құбылыстағы ішкі-сыртқы саясатпен үйлестігінде, қоғам әлеуметтік қатынастардың дамуында. Қазақстан Республикасындағы серпінді өзгерістер мен пікір алуандығы жариялылық тенденцияларын үздіксіз өзгеріп отырады. Бұл қүбылыстардан қоғамымызда толық демократияның қалыптасқандығын байқаймыз. Саяси үрдістерді дамытып отыратын саяси институттар — саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, ерікті баспасөз, яғни саяси жүйені құратын әлеуметтік топтар. Қазақстан Республикасының егемендік алуы тек үлттық сананың жаңаруы ғана емес, республикамыздағы саяси жаңғырудың демократиялық жолмен дамуына зор мүмкіндіктер ашты.
Еліміз бүгінде саяси және экономикалық тұрақтану, азаматтық-қүқықтық қоғам негіздерін қалыптастыру және нығайту кезеңінде тұр. Қазақстан Республикасында саяси үрдістердің демократиялық түрғыда күннен-күнге дамып келе жатқандығын байқаймыз. Бұған дәлел — республикамызда саяси әр алуандықтың пайда болуы, қоғамдағы әлеуметтік топтар мен жіктерде саясаттану процесінің күшеюі 1991 жылғы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер туралы заңның қабылдануы. Сонымен бірге осы заң арқылы саяси партиялар қызметінің реттелуіне, олардың құқықтық өрісінің кеңеюіне сайлау жүйесінде сапалық өзгерістердің енгізілуі, сайлаудың баламалы түрде өткізілуі, сайлаушылардың таңдау қүқысының іс жүзіне асырылуы т.б. үрдістер жатыр. Қазіргі саяси түрақтану бірден пайда болған жоқ. Әр саяси үрдіс өзінің эволюциялық дамуымен дүниеге келеді.
Қоғамдағы саяси процестердің дамуына тікелей ықпал етіп отырған саяси институттар, саяси партиялар қоғамдық қозғалыстар, ерікті баспасөз, саяси жүйені құрайтын әлеуметтік-саяси топтар. Республикамыздағы саяси процестердің сапалық жағынан толық пісіп-жетілуі, әлеуметтік дамуы жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Қоғамдағы саяси процестердің дамуы ең алдымен, қазақстандықтардың демократияға жол ашуы мен оны қалыптастыруға және нығайтуға деген ұмтылыстарымен тығыз байланысты.
Демократиялық қоғамда мемлекетпен қоғамды байланыстыратын және қоғамның мүдделерін қорғайтын, қоғаммен мемлекет арасындағы конфликтерді шиелінісіп кетпеуіне жол бермейтін саяси партиялармен қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың маңызы зор. Сондықтан, бұрынғы Қеңестік Республикалардағы демократиялық процесте саяси институтардың дамуында партиялық аспектіге көбірек көңіл бөлу жөн.
Ендігі кезде негізгі мәселе саяси партиялардың институализациясымен, заңдастыру деңгейі, құрылымдық ерекшеліктерімен партиялық жүйедегі іс - әрекеттің спецификасы. Хантингтон бойынша партиялардың институализациялану процесі партиялардың тұрақтануымен мәнін, мақсаттарын айқындайды. Партиялардың саяси өмірге араласуы тек институализацияның деңгейімен анықталады.
Қазақстандағы саяси процестердің алға жылжу механизіміндегі партиялардың институализациялану процессін зерттеу өте маңызды, ол партиялық жүйенің даму тенденциясымен болашаққа демократиялық институтардың орнығуына анализ жасауға мүмкіндік береді. Қазақстанда партиялардың институализациялану процессі он төрт жылдан бері созылуда. Бұл тарихи өлшем бойынша қысқа уақыт, бірақ соған қарамастан көптеген нәрсе істелінді. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннынан кейінгі уақыт аралығында партиялар саяси жүйедегі орнын тауып, саяси шешім қабылдауда маңызды мәртебеге ие болды. Бұған мысал 1999, 2004 жылғы парламенттік сайлау, парламент мәжілісіндегі партиялық фракциялар.
Соңғы парламенттік сайлау барысындағы партиялардың сайлау додаға қатысу деңгейі, сайлау компанияларын жүргізудегі қолданылған технологиялары. Қазіргі Қазақстандағы белсенді партиялардың алға жылжу тенденциялары, билік үшін күрестегі іс - әрекеттердің қолданудағы айырмашылықтары. Партиялардың электоратты бөлудің, қаншалықты заңды өтуі және мүмкіндіктерімен ресурстары, билікке қарасты позициялары көрсетілген.
Мақсаты:
2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси патиялардың белсенділігі мен сайлау науқанының эффективтілігін көрсету.
Міндеттері:
1. Қазақстандағы партиялық жүйенің институализациялану деңгейінің теориялық және құқықтық негіздерін зерттеу.
2. Соңғы Парламенттік сайлау кезіндегі партиялардың саяси додаға түсудегі ерекшеліктерін зертеп, қазіргі саяси партиялық жүйеге анализ бен болжам жасау.
Зерттеу объектісі:
Қазақстанның демократиялық институттары, Қазақстанның саяси партиялары, қоғамдық ұйымдары мен қозғалыстары, Қзақстанның саяси жүйесі.
Зерттелу дәрежесі:
Жұмыс барысында көптеген саяси партиялардың концепцияларымен, қазіргі және классикалық ғалымдардың еңбектері қолданылған.(Р. Михельс, М. Дюверже, С. Липсет, Д. Ботелло, Ж. Блондель, Д. Помпер және т.б.) Сонымен қоса, отандық зерттеушілердің еңбектері пайдаланылған. (К.Н. Бурханов, М.М. Тажин, М.С. Машан, А.Н. Нысанбаев, С.Т. Сейдуманов, Т.Т. Исмагамбетов және т.б.) Отандық ғалымдардың саяси партиялар мәселесін зерттеудегі орны ерекше. Себебі олардың зерттеулерінде теорикалық құндылығынан басқа, Қазақстандағы партияларының анализдері бар. Бұл еңбектер менің жұмысыма үлкен көмек болды.

Зерттеу барысында бірқатар зерттеу әдістері пайдаланылды:
1. Институционалды әдіс - Қазақстанда партиялық жүйенің институционализациялануын зерттегенде қолданылды.
2. Тарихи әдіс – саяси патиялардың дамуы мен қалыптасуын зерттегенде қолданылған.
3. Контент анализ.
4. компаративтік анализ 1993ж.,1999ж, 2002ж және 2004 жылғы сайлау ерекшеліктері мен ондағы саяси партиялардың жүргізген науқандарын салыстырып, зерттеуде қолданылды.
Жұмыс:
Кіріспе, негізгі-үш бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. 1-нші бөлім Қазақстандағы саяси партияларды зерттеудегі теориялық-методологиялық негіздеріне байланысты жазылған. Бұл бөлімде саяси партияның ұғымы, мәні, мағынасы мен Дюверже бойынша класиффикациясы және Қазақстандағы саяси партиялардың түрлері, қоғамдағы атқаратын қызметі жайлы баяндалған.
Екінші бөлім - Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы жөнінде баяндап, 1993 жылғы конституция бойынша партиялық жүйенің қалыптасуы мен Қазақстандағы саяси партиялардың институционализациялану процессінің даму эволюциясына байланысты жазылған. Үшінші бөлім 2004 жылғы парламенттік сайлауға саяси партиялардың дайындығын көрсету мақсатында жазылған. Бұл бөлімде – Қазақстанның сайлау жүйесі, партиялардың танылу деңгейі мен саяси партиялардың сайлау кампанияларындағы ерекшеліктері жайлы жазылған. Жұмыстың көлемі - 75 бет.
1. ҚАЗАҚСТАНДЫҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ – МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

XVIII гасырдағы саяси партия дегеніміз не? Деген сұраққа ең алғашқылардың бірі болып жауап берген белгілі ағылшын саясаткері, философ Э. Брек.
Партия дегеніміз - адамдардың бірлескен тобы, оның басты мақсаты - ұлттық мүддені қорғау, өзіне тән ерекше принциптері мен ережелері бар саяси ұйым. Өз ұйымында бір келісімге келген ортақ мақсатты көздейтін бір-бірінің пікірімен санасатын адамдардың ерікті тобы десе, неміс саясаткері В. Хаасбах партия дегеніміз — адамдардың бір ұйымға бірігуі және саяси билікті өз пайдаларына шешуге тырысуы дейді.
Партияға неғұрлым кең таралған анықтамалардың бірін француз саясаттанушысы Р.Ж. Шварценберг берді. Ол: "Партия - ұлттық та, сондай-ақ жергілікті деңгейде де өмір сүретін, билікті алу мен беруді көздеген және осы мақсатпен халықтың қолдауға ұмтылған үздіксіз жүмыс істеуші үйым", - деп атап көрсетті. [1]. 2002 жылдың жазында кабылданған Қазақстан Республикасының "Саяси партиялар туралы" Заңында: "Азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікгі өзін-өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады", - деп, партия түсінігі ғана емес, сонымен бірге оның міндеттері де анықталады. [2].
Конституцияға сәйкес, Қазақстан өзін дамудың демократиялық жолын тандап алған мемлекет деп жариялайды. Ал демократия - барлық қауымдастыққа катысты шешімдер оның барлық мүшелерімен қабылданатын ұжымдық шешімдер саласы, бүл — жоғары мақсат-мұратты жүйе және де олардың бәрі белгілі бір шешімді қабылдауға қатысуда тең құқықтарды пайдаланады. Бұл, жоқ дегенде, екі принципті: ұжымдық Шешімдерді қоғамдық бақылауды және мүндай бақылауды жүзеге асыруды, теңдікті сақтауды білдіреді. Өйткені шешім қабылдауда бұл принциптердің қандай дәрежеде сақталуына байланысты белгілі бір кауымдастық демократиялық деп атала алады [3]. Көбіне азаматтардың шешім қабылдауға осылайша қатысуы саяси бағыттың калыптасуына және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысына ықпалды түрінде белгіленеді. Мұндай ықпал қоғамдық бірлестіктер, ең алдымен партиялар мен қозғалыстар қызметтері арқылы неғүрлым тиімді жүзеге асырылады. Елбасымыздың "Сындарлы он жыл" атты еңбегінде этносаралық келісім туралы "Қандай жасауды жамылса да, негізгі нәр алар өзегі этноұлтшылдық болып табылатын терроризм мен экстремизм көріністерінен бойды аулақ салу үшін конфессияаралық теңдестікті сақтау мен этникалық топтар арасындағы орнықсыздыққа жол бермеу шаралары негізгі кепіл болып табылады" [4]. Шындығында, азамат оқиғаларға тек басқа азматтармен одаққа елеулі ықпал ете алады. Саяси партиялар жақын көзқарастарды ұстанғандар мен ортақ мүдделері барларды ғана біріктіреді.
Қазіргі кезеңде мемлекеттерде мынандай партиялық жүйелер кездеседі: бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық (яғни бір партиядан көп). Егер сайлауларда әрқашан жеңіске жететін тек бір ғана партия өмір сүретін болса, онда мұндай елдердің көпшілігінде саяси тәртіп диктатура формасын кабылдайды. Бұл елдерде үкімет әрекетін сынауға қабілетті оппозицияның жоқтығы жағдайында, демократиялық өзгерістердің бола қоюын күту бекершілік. Көппартиялыктың болуы өз мүдделерін білдіретін және қорғайтын адамдардың саяси бірлестігінің қоғамда көп екендігін білдіреді.
Көппартиялық жүйені құру процесі қиын және сан қырлы. "Нағыз көппартиялық бірнеше тіркелген саяси партиялардың мүлде бар болуына тірелмейді. Бұл тәртіпке салынған, бірақ жүмыс істеуші жүйе, онда саяси партиялар тең құқықтық жағдайды пайдаланады, қоғамның негізгі топтары мен қабаттарына ықпал етуде адал бәсекелестікке түседі, онда сайлаушылардың айқын білдірілген еркіне байланысты өкіметте партияның ауыстыру принципі қамтамасыз етіледі". Қазақстандық ғалым Л.А. Байдельдиновтың пікірінше, "көппартиялық демократиялық қоғамның саяси дамуының нормасы, өйткені партия жөне партиялық әлеуметтік белсенді түлғаның саяси өмір сахнасында өзін көрсету мен өзін танытудың ұйымдық түрі". Елдің есебінде қаншалықты әлеуметтік-белсенді тұлғалар өздерін саясаттың субъектілері деп санаса, соншалықгы саяси партиялар бола алады. Көппартиялықгың моральдық-психологиялық негізі өзіне жетекшілік міндетін жүктеп алып, саяси өмір сахнасында көрнекті роль атқаруға үмтылу болып табылады" [5]. Саяси көзқарастар мен бағдарламалардың мол жиынтығын ұсына отырып, сайлауларда партиялар сайлаушылардың бағыт-бағдар алуына көмектеседі. Олар үкіметке тұрақты қолдауды қамтамасыз етеді, бұл оған сайлаудағы жеңісінен кейін өз бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Саяси белсенді азаматтар үшін партия — мемлекет өміріне қатысу мен мемлекеттік саясатқа ықпал етудің құралы .
Бәсекелес саяси партияларға жетекші роль бөлінген демократия туралы нормативтік түсініктердің таратылуы демократияның партиясыз мәні жоқ деген тезисті растауға ықпал етеді. Осы жағдайлар арқасында, бір жағынан, партиялық жүйе дамуын тұтасынан демократияландырудың индикаторы деп қарастыруға, екінші жағынан, демократия институттарын (ең алдымен еркін сайлаулар) бекіту партияның қалыптасуына ықпал етеді деп жорамалауға болады [6].
Партия жүйесі қабілетінің өлшемі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы біріктіруші міндетін орындау бірқатар факторларға байланысты: мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекетке қабілеттілігінен және қоғамдық даму қажеттілігі туралы оларға ақпараттың барабар түсуінен. Олардың өмір сүруінің жаңа жағдайларға бейімделуі мемлекеттік және азаматтық институттарға ақпараттардың ықпал ету күшінен белгілі. Қоғамдық өмірдің түрлі салаларында пайда болатын қарама-қайшылықтар мен жан- жалдардың соққыларын өзіне қабылдауға бұл институттардың дайындығын көреміз [7].
Партия жүйелері жоғары арман-мақсаттарында мемлекет тарапынан да, сондай-ақ оның шегінен тыс жердегі азаматтық қоғам мен қауымдастықгардың кейбір институттары тарапынан да демократиялық нормаларды бұзуына жауап беруші сезімтал барометр қызметін атқаруы тиіс. Оларға дағдарысты жағдайдан өту, ішкі кикілжіңдерді жібітуге ыкпал ету және қоғам үшін тағдыр шешерлік шешімдер қабылдауда жетекші роль атқару жатады. Бүған Елбасы Н.А. Назарбаев: "Қоғамның бірігуін нығайтуда тұрақтылық, азаматтық келісім ахуалын құру елеулі әсер етеді. Бұл тұста мемлекеттің жаңа саяси институттарымен және қоғамдық қозғалыстарымен жақсы жолға қойылған сұхбатына көп нәрсе байланысты", - деп назар аударды.
Посттоталитарлық жағдай үшін көппартиялық - бұл демократияның шешуші сәті. Халықаралық практика көзқарасынан жоғары өкімет органына сайлауларына кандидаттар ұсынуға сайма-сай өкілділік жүйесін енгізу саяси жүйені демократияландырудың айқын көрсеткіші болып табылады. Партиялық тізімдер бойынша сайлаулар - ескі мен жаңа атаулыға және мафиялық әулетке жатпайтын қоғамның саяси белсенді бөлігі үшін өкіметке тап болудың бірден-бір дерлік мүмкіндігі. Қазақстанда партиялық тізім бойынша (Орталық Азия елдерінде түңғыш рет) Парламенттің төменгі палатасына сайлау 1999 жылы өтті. Қазір өкіметтің заң шығарушы органдарына партиялык өкілдікті кеңейту туралы мәселе талқылануда. Саяси партиялар саяси қозғалыстардың ерекше түрі болып табылады. Бірақ егер саяси қозғалыстардың өмір сүргендігі туралы ежелгі уақыттардан белгілі болса, ал партиялар XIX және XX гасырлардың саяси шындығынан өсіп шыққан өзіндік жаңа құбылысты білдіреді. Л. С. Санистебанның пікірі бойынша, партиялар өздерінің тікелей және ұзақ мерзімді мүдделерін түсінетін тиісті қоғамдық топтар мен қабаттардың неғүрлым сұңғыла өкілдерінен кұрылады. Бұл белсенді азшылық олар сойылын соғатын топтың саяси көшбасшысына айналады және олардың нақгы мүдделерін қанагаттандыру күресіне басшылық жасайды. Солайша, партиялар өзара жанжалдасқан халықтың түрлі топтарының өкілдеріне айналады. Түрлі, көбіне қарама-қарсы мүдделі адамдар топтары арасындағы жанжалдарға соқтыратын жағдайларда олардың басшылары мақсаты өкімет билігі үшін күрес болып табылатын ұйымдардың артықшылықтарын пайдалана отырып, олар өз еркін қоғамға таңыта алатынын сезінеді [8].
Саясаттануда Э. Даунстың теориясы кең тараған, оған сәйкес электоралъдық нарықта партиялар сайлаушыларға өз "өнімдерін" (идеялар, бағдарламалар) және қызметтерін ұсынады, олардың дауысы үшін күресте өзара бәсекелеседі. Билікте түрған партияның басты мақсаты — оны сақтау, басқаларының мақсаты — билікке келу. Бұл мақсаттарға жетудің құралы-сайлаушылардың дауысы. Сондықтан олар да, басқалары да барынша көп дауыс алуға белсене ұмтылады.
Әдетте, шетелдік саясаттануда саяси партияларды зерттеу саяси қозғалыстардың кең аясында өтеді, бұл саяси партиялардың жалпы, сондай-ақ ерекше белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Қалыптасқан жағдайды өзгертуге немесе өкімет органдарына ыкдал ету әлде өкімет билігі үшін күресу жолымен оларды тұрақтандыруға талпынған қоғамдық күштер саяси қозғалыстың негізін құрайды. Неғұрлым жалпы түрінде саяси қозғалысты ортақ мақсатты жүзеге асыруға деген адамдардың бірлескен ұмтылысы ретінде ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!