Соқыр туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 35
Өлеңдер: 30
Нақыл сөздер: 13
Әңгімелер: 7
Ертегілер: 2
Аңыздар: 1

Соқыр ат соғысқа қатысқан ба?
(әңгіме)- Саған осы атты лайық көрдік, Жолдыбай. Өзгелерден бойың да, жасың да кіші екен. Алас ұрып тұрған асау атқа ие бола алмассың. Жолдыбай..
©  Сүлеймен Баязитов
Соқыр үміт
Наташа тағы да Саяхат автобекетіне бет алды.Сергей, өзінің сүйікті Сергейі, Серёгасы бүгін келуі тиіс. Ол сөзсіз сүйіктісіне оралады. Оны Алматыға..
©  Қанат Әбілқайыр
Соқыр
Тыпырлап туғанына ол анадан,Алпыстай асып кеткен жылдар одан.Толтырып көз жанарын табиғатқа,Туғанда тұңғыш, ақтық бір қараған.Күн көзі енді оған..
©  Сырбай Мәуленов
Соқыр мен ақсақ хикаясы
Бағдатта патша өткен Рашид-һарун,Бақ орнап бағындырған жанның бәрін.Шарттарын шариғаттың айлап бажай,Сұлтан боп саясаттың құрған дарын,Данышпан..
©  Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
Аңшының көзі мерген, көңілі соқыр.
©  Эльмира Омарбекова
«БИПЫЛ – ВЫПИЛ» НЕМЕСЕ «ҚОТЫР АТҚА – СОҚЫР АТ»
(Сатиралық әңгіме)
       – Әлгі, түрің құрғыр Егеуәлі дегенді білетін шығарсыздар. Сол бар ғой, әлгі..
©  Әбдінағым Көшер
Соқыр тауық та сепкенді тауып жейді.
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.
©  Әлихан Бөкейханов
Соқыр күйші
 Баяғы өткен заманда бір соқыр күйші болыпты. Ол халық арасында қобыз тартып күнелтіпті. Бір күні ел көп жиналған жерде күй тартып..
©  Балаларға арналған ертегісі
Ол және мен
– Сен емес,- деді Ол маған,– Мен емес,- дедім, иілдім.– Иеңмін,- деді Ол маған,– Нем сен,- дедім сиындым.– Көзің жоқ..
©  Әбділда Тәжібаев
Соқыр, саңырау және жалаңаш
Жалғанда таппай бiр жар жалғыз жүрдім,Кез болмай мен иеме далаға үрдім.Айтқанмен көп соқырға кім нанады,Дегенмен жұрт көрмеген бiр iс..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Соқыр ағаш
(Альбомнан)
Мен көрдім соқыр ағаш басын иген,Жаһаннамға* кетеді оған тиген.Зәһәр деп жас алманы дұспан тұтып,Мисыздар ол ұжмақ деп барып..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Мысал
Бір жерде бір бас қосқан жиын, топыр,Ішінде бір бишара көзі соқыр.Алдар деп көзі бардың соңына ермей,Жоқ болған жарға құлап байғұс соқыр.
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Жарқынбай
Жарқынбай дәулетімен «қадірлі» адам,Болса да көрдей соқыр, нағыз надан.Мал мақтатпай қоя ма өтірік-ақ,Ақыл, ойсыз болса да малдан..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Соқыр көретіндей, саңырау еститіндей етіп жаз. 
©  Ғабит Мүсірепов
Жақсылық — бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі. 
©  Марк Твен
Көркем өнер соқырлардың шұғылданатын жұмысы.
©  Пабло Пикассо
Аштық — үрейлi нәрсе, соқыр немесе керең болу жаман, бiрақ жалғыздық одан да ауыр.
©  Расул Ғамзатов
Жарықты соқыр көрмегеннен, ол жарық болмай қалмайды.
©  Лев Толстой
Білмеген (надан) көзі болса да — соқыр,
Тірі жүрсе де — өлік.
Әкіміңнің көзі соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.
Алыс болса да жол жақсы,
Соқыр болса да қыз жақсы.
Соқырдың көзі – тілегі,
Екеу берсең – жарылмайды жүрегі.
Су сайды сағаласа,
Соқыр соқырды жағалайды.
Жүз басқа бір бөрік,
Жүз соқырға бір серік.