Дүние туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Дүние" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Дүние" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Дүние" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Дүние" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 44
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 516
Нақыл сөздер: 134
Әңгімелер: 35
Поэмалар: 2
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 3

Адам - таңғажайып құбылыс! Оның жан дүниесі, ақыл-ойы, жан-жақты талант-қабілеті — құдіреттілік табиғатының, мүлдем беймәлім әрі ешқашан да..
©  Шоқан Уәлиханов
Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.
©  Мұхаммед Әли
Қорқақтықтың белгiсi,
Арықты да жар дейдi.
Кертартпаның белгiсi,
Кең дүниенi тар дейдi.
©  Дулат Бабатайұлы
Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын..
©  Әбділда Тәжібаев
Ой-хой, дүние серуен,
Адам бір көшкен керуен.
©  Жамбыл Жабаев
Патша дана тұлға болғанда дүние шырайлана түс­пек.
©  Платон
Бұ дүние көлеңкедей ойнайды: қусаң — қашар, қашсаң — сенен қалмайды.
©  Жүсіп Баласағұни
Бұл дүниеде екі-ақ есік бар: бірі - өмірге қарай ашылады, екіншісі - өлімге қарай ашады. Бірінші есікке енген адам — екінші есікке де енеді.
©  Жүсіп Баласағұни
Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.
©  Жүсіп Баласағұни
Бұ жалған бергенін — алар, жиғаныңды — шешер.
©  Жүсіп Баласағұни
Дүние — сарай, адам — керуен.
©  Жүсіп Баласағұни
Бұл жалған бергенін алар, жиғаныңды шашар.
©  Жүсіп Баласағұни
Енжарлық жан дүниенің сұмпайылығы.
©  Лев Толстой
Бiлмеуден қорықпа, жалған бiлiмнен сақтан. Дүниедегi бар жамандық осыдан басталады.
©  Лев Толстой
Біз өзіміз жақсы көретін дүниеге қалай қол жеткізуге болатынын ойлауымыз керек. Сол арқылы әлемді жаңартамыз.
©  Илон Маск
Дүниесi аз кiсi жарлы емес, тойымсыз кiсi жарлы.
Бүгін бар дүние ертең жоқ,
«Өзімдікі» дегенің өзгеге кетеді.
Бүгін күлерсің, ертең жыларсың,
Бүгін дүниенің үсті, ертең асты.
Бұл дүние — момындардың зынданы.
Бұл дүние уақытша әуре, далбаса,
Бір тоймайды айдаһардай жалмаса.
Бұл дүниені ұстап тұрған — махаббат,
Егер сүю болмаса, адам да болмас еді.
Бұл жалғанды бұзатын — арсыз адам.
Бұ дүние байлығы — шашылған жем.
Әр айып сайын бас кесілсе,
Дүниеде тірі жан қалмас.
Ашкөзге дүниенің асы жетпес.