Мұхаммед Әли

Мұхаммед Әли (толық аты Кассиюс Марселиюс Клэй; 1942 ж. Қаңтар 17 туған; Луисвилл, Кентукки, АҚШ) ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен американдық кәсіби боксшы, филантроп және қоғам қайраткері. Жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған бүгінге дейінгі жалғыз спортшы болып табылады. Бүкіл әлем мойындаған спорт иконына айналған, спорт тарихындағы ең танымал тұлға, ең ұлы боксшы. Жарқын қызыл тілді, оның көптеген цитаталары тарихта қалған[6]. АҚШ үкіметі Әлиді мансабының шарықтау кезінде әскерге шақырғанда АҚШ-тан алыс жатқан бізге тиіспеген Вьетнамға қарсы соғысқа бармаймын, армиядан бас тартамын деп мәлімдеген. Осыдан АҚШ үкіметі оны барлық атақ даңқтарынан айырып үш жылдан астам уақытқа бокстан аластайды. Спортқа қайта оралғанан кейін тарихшылар атап кеткен «бокстың алтын дәуірінің» барлық мықты боксшыларын жеңіп өзіне барлық атақ даңқтарын қайтарып алады. Ал әйгілі Джо Фрейзермен қарсыластығы спорт тарихындағы жарқын беттерге айналды.
Автор ұнаса, бөлісіңіз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы