Батыр туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Батыр" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Батыр" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Батыр" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Батыр" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 154
Тақпақтар: 13
Өлеңдер: 218
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 21
Баталар: 1
Туындылар: 4
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 4
Поэмалар: 12
Шығармалар: 14
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 40
Батырлыққа дауа жоқ.
Маңдайы құтты – батыр,
Таңдайы құтты – шешен.
Таңдайы құтты – шешен.
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз.
Әркім өзін батырмын деп ойлайды.
Жау қашқанда батыр көбейеді.
Қорқақты қорқытпа,
Батыр болады.
Батыр болады.
Батырды ренжітіп, зәбір қылма.
Ұшқыр аттың арқасын жауыр қылма.
Ұшқыр аттың арқасын жауыр қылма.
Батыр жауда сыналады,
Дана дауда сыналады.
Дана дауда сыналады.
Батырды өлтірерсің,
Ал даңқын қайтерсің?
Ал даңқын қайтерсің?
Батырдың өзегі үзілгенімен, өзі өлмейді.
Батырды жылан шақса,
Пақырды қоңыз тістейді.
Пақырды қоңыз тістейді.
Қорқақтың қатыны болғанша,
Батырдың жесірі бол.
Батырдың жесірі бол.
Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.
Қорқақтың көзі өлімге түседі.
Батыр түсінде жау көреді,
Балықшы түсінде ау көреді.
Балықшы түсінде ау көреді.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Батылға жау жоламайды.
Екі батыр елде жатыр,
Жеке батыр - жерде жатыр.
Жеке батыр - жерде жатыр.
Жауды қара қашырды,
Батыр атақ Барақта қалды.
Батыр атақ Барақта қалды.
Айға шапқан арыстан,
Ашуына болайын;
Жауға шапқан батырдың,
Тасуына болайын.
Үйде қалған қорқақтың
Сасуына болайын.
Ашуына болайын;
Жауға шапқан батырдың,
Тасуына болайын.
Үйде қалған қорқақтың
Сасуына болайын.
Батыр мың қол бастайды.
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Түзде жүріп,
Жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп,
Құрт қайнатқан батырмын.
Жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп,
Құрт қайнатқан батырмын.
Есерсоқ батырдан, есті қорқақ артық.
Жомарт жоқты білмейді, батыр көпті білмейді.
Батыр аңқау келер,
Балуан өктем келер.
Балуан өктем келер.
Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.
Бай мақтанса бір жұттық.
Жетесіз батыр тез өлер.