Ұл туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ұл" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ұл" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ұл" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ұл" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 80
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 226
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 38
Құттықтау, тілектер: 24
Баталар: 4
Әңгімелер: 27
Ертегілер: 1
Поэмалар: 2
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 4

Қызыңды құтты орынға қондырғанша күт,
Ұлыңды отау иесі болғанша күт.
Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.
Үйінде ұл-қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Ұлың үйленсе — ырысың,
Қызың орын тапса — өрісің.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Ұл туғанға —
Күн туған.
Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.
Аталы ұл — қожалы құл.
Атасыз ұлдың ауызы үлкен.
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.
Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.
Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.