Білім туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 214
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 112
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 222
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 8

Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ.
 
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Адамдардың бiрi игiлiктi — билiктен, екiншiлерi — бiлiмге құмарлықтан, ғылымнан, үшiншiлерi — рахаттан iздейдi. 
©  Блез Паскаль
Нағыз білім атаулыға, өздігінен білім алу арқылы ғана қол жеткізеді. 
©  Николай Рубакин
Ғылымы жоқ дене суы жоқ қалаға ұқсайды. 
©  Шәмс Тебризи
Біліктінің орны - төр.
 
©  Саиф Сараи
Білім - ердің дәулеті.
 
©  Саиф Сараи
Күндіз-түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет... Ол үшін әрбір сағат өте қымбат.
 
©  Антон Чехов
Бiлiмдар адамның жанында наданның бiр артықшылығы бар: ол әрқашан өзiне разы.
 
©  Наполеон Бонапарт
Менiңше, дүниеде надандардың бiлiмді жек көруiнен өткен жек көру жоқ. 
©  Галилео Галилей
Ғылымның қандай пайдасы - білместі жолға салмаса. 
©  Асан қайғы
Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады. 
©  Георг Гегель
Білімді үйрену үшін еңбек құмар болып, денеңді жалқаулыққа билетпеуің керек. 
©  Қабуснама
Білім— ақылдың ажар-көркі деп босқа айтылмаған. 
©  Қабуснама
Тәннің ләззаты — саулығында,Жанның ләззаты — білімінде. 
©  Фалес
Тән рақаты — денсаулықта, жан рақаты — бiлiмде. 
©  Фалес
Біліммен қаруланған адам – жеңімпаз адам.
 
©  Максим Горький
Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді.
 
©  Максим Горький
Жалған ілім надандықтан да қауіпті.
 
©  Бернард Шоу
Кітап маған тақтан да қымбат 
©  Уильям Шекспир
Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір..
©  Ғұмар Қараш
Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар. 
©  Альберт Эйнштейн