Ұят туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 95
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 40
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 53
Туындылар: 1
Әңгімелер: 22
Анекдот, әзілдер: 10
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырыла бастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық, опасыздық..
©  Ғабит Мүсірепов
Ұяты бармен-ұрыс,Ұятсызбен-ұстаспа. 
©  Махмұд Қашқари
Шынайы мақтаныш өте ұяң да, адамдардың айыптауынан қорқады. 
©  Николай Шелгунов
Ұяла алмаған - тірі өлік.
 
©  Асқар Сүлейменов
Әр сөздің өз ұяты бар.
 
©  Асқар Сүлейменов
Жақсы кітап – ұяттың антологиясы.
 
©  Асқар Сүлейменов
Қорқақтық пен әлсіздіктен туындайтын өтіріктерден қатты ұялам.
 
©  Александр Куприн
Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет біліп қой.
©  Абай Құнанбаев
Пайда ойлама, ар ойла
©  Абай Құнанбаев
Қонтайдың қалжыңы: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесе болмас».
©  Мұхтар Әуезов
Ең маңызды нәрсені сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Кейде өзіміздің сезіміміздің алдында ұялып, теріс айналып жатамыз. Себебі сезімімізді сөзбен айтып..
©  Стивен Кинг
Егер адам мені бірінші рет алдап тұрса, ол менен ұялу керек. Ал егер ол мені екінші рет алдаса, мен одан ұялуым керек.
©  Стивен Кинг
Жеңілістің өзінен де ұяты жаман.
©  Тоныкөк
Сұраған ұят емес, бiлмеген ұят.
©  Мұзафар Әлімбаев
Батырлықты ұятсыздықпен және алаңғасарлықпен шатастырмау қажет.
©  Жан-Жак Руссо
Ұялмайтын бетке,
Талмайтын жақ береді
©  Кенен Әзірбаев
Бір аяқ сусын екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан — тауып бермеген өледі.
©  Сырым Датұлы
Маңайлама ар-ұяттан безгенге,
Мыңдап алғыс инабатты сезгенге.
©  Жүсіп Баласағұни
Пәле-жала жолын ұят кеседі,
Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі.
Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп,
Жарасады қуанышқа көрік боп.
Адал ар мен ақ көңіл де..
©  Жүсіп Баласағұни
Ұят-жаман ойдың жүгені.
©  Жүсіп Баласағұни
Ұялу — жақсы сезім, ең жақсысы — өзіңнен өзің ұялу.
©  Лев Толстой
Ұят — адам өміріндегі сенімді жол басшы.
©  Лев Толстой
Ашумен басталған нәрсе ұятпен аяқталады.
©  Лев Толстой
Ұятың мақұлдамаған нәрсенiң бәрiнен сақтан.
©  Лев Толстой