Дос туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 204
Тақпақтар: 25
Өлеңдер: 592
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 156
Құттықтау, тілектер: 22
Туындылар: 2
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 10
Поэмалар: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 8
Аңыздар: 4
Эсселер: 2

Мың досты көп демегейсің,Бір дұшпанды аз демегейсің.
©  Иүгінеки Ахмед
Жақсы жолдас - бауырың.
©  Иүгінеки Ахмед
Кімнің досы жақсы болса, өзі де жақсы болады.
©  Иүгінеки Ахмед
Ақылсыз достан,Ақылды дұшпан артық-ты 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Бір жақсымен дос болсаң – азбас-тозбас мүлкі етер,Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Досың- екінші өзің!
©  Белгісіз
Достарыңызды өзіңізге жақын ұстаңыз, ал жауларыңызды одан да жақын.
©  Сұн Зы
Досын оққа қиған жанға,Елін қию сөз боп па?Дос көңілін ұсынғанның бәрінен,Достық шыға бермейтінін ұмытпа! 
©  Мұхтар Шаханов
Достардан қол үзбе
Әлеуметтік желілер – виртуалды достасу ғана емес, сол достықты шынайы түрде  жалғастыру үшін қажет.
©  Марк Цукерберг
Егер мен уақытты кері қайтара алсам, Стив Джобс осында болар еді. Ол маған жақын дос болды, тек бастықтан гөрі. Бірақ мен Apple CEO болғанды ұнатамын.
©  Тим Кук
Көтерілген кезде достар сіздің кім екеніңізді біледі. Сіз құлаған кезде достарыңыздың кім екенін білесіз.
©  Майк Тайсон
Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ОЙЫ ғана. 
©  Оралхан Бөкей
Көптеген достар тапқанымен мақтанатын адамның ешқашан досы болған емес.
©  Сэмюэл Тейлор
Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.
 
©  Саиф Сараи
Дос - зынданда жатқанда керек,Дастархан үстінде - дұшпан да дос.
 
©  Саиф Сараи
Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос,Жайшылықта доспын деген - жай сөз.
 
©  Саиф Сараи
Алдында тұрсаң - жуас қойдай: сені «дос» деп біледі,Артында тұрсаң - аш бөрідей теріңді тіледі.
 
©  Саиф Сараи
Жаманмен жолдас болма.
 
©  Саиф Сараи
Қиын күнде қол үшін берген — нағыз дос,Жайшылықта "доспын" деген жай сөз.
 
©  Саиф Сараи
Сенің басты арманың қандай?- Ата-анамның аман болуы, достарымның адал болуы, махаббатымның жауапты болуы.
Адал дос көмектеседі, оның бақытсыздығынан Қорықпайды. Ол жүректі жүрекке береді, ал махаббат жолда жұлдыз болады.
©  Шота Руставели
Өзіне дос іздемейтін адам өзіне өзі дұшпан. 
©  Шота Руставели
Сіз өз достарыңыздың қандай екенін білгіңіз келе ме? Ол үшін бақытсыздыққа ұшыраудың өзі жетіп жатыр.
 
©  Наполеон Бонапарт