Серік жетпісқалиев туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 147

Түсін-түстеп берер ме шебер ақын
Түсін-түстеп берер ме шебер ақынЖылмаң қағып жағымпаз келе жатыр.Жаңа ғана сайланған ірі әкімніңСарайына жол тауып енеді ақыр.Бір-ақ сәтте наданға..
©  Серік Жетпісқалиев
Бәрі кенет, бәрі де аяқасты...
Бәрі кенет, бәрі де аяқасты,Мәз боп ішкен жандаймын даяр асты.Тәубәсі бар пендеге зардабы аз,Шалқайғанды шіркін-ай, аямас-ты!
©  Серік Жетпісқалиев
Сүрініп талай түрегелермін...
Сүрініп талай түрегелермін,Сүйсініп өмір сүре берермін.Жалғанда мынау кім кімге қарар,Жырымды жазып жүре беремін!..
©  Серік Жетпісқалиев
Несіне өкпелейін, несіне қиналайын...
Несіне өкпелейін, несіне қиналайын,Түбіне жүрегімнің бір кіршік жинамайын.Қажиын несіне енді, несіне мүжілейін,Күтейін алдан ылғи адамның бірегейін!
©  Серік Жетпісқалиев
Көктемгі жаңбыр
Көктемгі жаңбырКөңілдің кірін айғыздап,Қуарған сезімгеҚайта жапырақ жайғызбақ.Найзағай сарт-сұрт ойнайды көкте, шамасы,Қайғымды тақтан тайдырмақ.
©  Серік Жетпісқалиев
Бұлтқа сіңіп, барады Ай тасаланып....
Бұлтқа сіңіп, барады Ай тасаланып,Тұрмын жәй, қимай қарап, қапаланып.Жарығымды жанымнан бүркеді аспан,Жарым ес жел сырымды қашады алып.
©  Серік Жетпісқалиев
Пышақтай өтпес, баспаған...
Пышақтай өтпес, баспаған,Қажытады екен хас надан.Серейген бойдан не пайда,Қарыстан ойы аспаған...Ақ Жайықтың ақ толқыны Ай сүйген,Қоңырауы сияқтысың..
©  Серік Жетпісқалиев
Бар күнде де, жоқ күнде де сыналып....
Бар күнде де, жоқ күнде де сыналып,Ойдан-қырдан, әр қиырдан құралып.Беу, ағайын, тағы келдім алдыңа,Жарқыраған тот баспайтын жыр алып!
©  Серік Жетпісқалиев
Бақытымның өзім жаптым есігін....
Бақытымның өзім жаптым есігін,Өтті уақыт, қылмас көмек кешірім.Тек жүректің түкпірінде сәуледей,Сақтаулы тұр сенің әсем есімің!
©  Серік Жетпісқалиев
Көп, сірә, өмірде жалғандық...
Көп, сірә, өмірде жалғандық,Өтірік, алдау мен арбау көп.Адалдық- емес ол аңғалдық,Білемін ит болып қалмау деп.
©  Серік Жетпісқалиев
Пасық пейіл алдында айлаң кеміп...
Пасық пейіл алдында айлаң кеміп,Ай-Күннің аманында ойран келіп.Білгеніңді бүрсізге ұқтыра алмай,Осылай өтермісің, қайран Серік!..
©  Серік Жетпісқалиев
Көне алмай мына өмірдің илеуіне...
Көне алмай мына өмірдің илеуіне,Қараймын көлге, қайың билеріне.Аңсаған сұлулық пен адалдықтыӨмірден маған үлес тимеді ме?Салмағы қу тірліктің жаншыр..
©  Серік Жетпісқалиев
Сағымды сындырдың-ау...
Сағымды сындырдың-ау,Жігерді құм қылдың-ау.Таусылып болмады ғой,Өмір де құрғыр мынау!Туымды тулақ еттің,Қырқылды қайран екпін.Жүрегім қырық..
©  Серік Жетпісқалиев
Өресізді өрге сүйреп, ...сосын оңбай сорлаймын...
Өресізді өрге сүйреп, ...сосын оңбай сорлаймын,Көңілдерге жылынам да , аяздарға тоңбаймын.Жырларымнан жасырмаймын сезім, сырым, мұңымды,Әнімді сап..
©  Серік Жетпісқалиев
Аяқасты болады-ау, сынағы ердің...
Аяқасты болады-ау, сынағы ердің,Сен жолығып...Сілкініп шыға келдім!..Жастық деген теңіздің толқынында,Жалт-жұлт етіп желкенім тұра бердім!..Сен..
©  Серік Жетпісқалиев
Жоқ, жоқ! Енді қайтып алданбайын!
Жоқ, жоқ! Енді қайтып алданбайын!Бірер күндік мансапқа малданбайын.Жақсылық жасаудан еш жалықпайын,Үйреніскен жауым ғой қалған уайым...
©  Серік Жетпісқалиев
Қауызыңды аш, қонайын көбелек боп...
Қауызыңды аш, қонайын көбелек боп,Жатайын құшағыңда денем от боп!Білемін, жалған дүние – мына өмірдеӨзіңнен басқа ешбір керемет жоқ!Қамбаспын ғұмыр..
©  Серік Жетпісқалиев
Айтар, айтар...
Айтар, айтар,Не демес көз көрмеген,Ескек желдейЕседі сөздер деген.Өзің ғана жүректің түкпірінде,Байқасам... әлі ештеңе өзгермеген.Кімге еліктеп..
©  Серік Жетпісқалиев
Алла да сүйген құлына...
Алла да сүйген құлына,Артады дейді жүкті көп.Бөлену арман нұрына,Айта алман бар іс бітті деп.
©  Серік Жетпісқалиев
Ең қиыны өмірде...
Ең қиыны өмірде,Жақсы боп өту, шамасы.Жаманның сөзі көңілде,Шаң қауып үнсіз қаласың!
©  Серік Жетпісқалиев
Ей,тіршілік, маған бұлай бұлданба...
Ей,тіршілік, маған бұлай бұлданба,Жықтым деме алдан қақпан құрғанға.Қалай ғана бас иермін саған мен,Өлтірмейтін өр өлеңім тұрғанда?!
©  Серік Жетпісқалиев
Өлеңімнен өткірлер сырымды алар....
Өлеңімнен өткірлер сырымды алар,Көре алмаған кейбіреу қырын қарар.Толқынында өнердің жүзгенімде,Жандаймын немерем де, ұлым да бар.Бағындырған биігім..
©  Серік Жетпісқалиев
Шықсам деп ем, шексіз бір сапарларға...
Шықсам деп ем, шексіз бір сапарларға,Ақын көңіл бұйығып жата алған ба?Аттанармын алқынып, алып-ұшып,Ақ таңынан арманның хат алғанда!..
©  Серік Жетпісқалиев
Жүрмін әзір,болсын деп өлең аман...
Жүрмін әзір,болсын деп өлең аман,Естілердің сөзінен қорек алам.Қаламымды арқалап кетем бір күн,Күтпеген сәт іңірде елең-алаң...
©  Серік Жетпісқалиев
ҚАРА ҚҰЛЫП
Шынымды жұрт көрсетті жала қылып,Кеудемнен сезім көшіп, барады ұлып.Келсемде ақ көңілмен алып-ұшып,Қарсы алды жабулы есік, қара құлып.Жүректі..
©  Серік Жетпісқалиев