Әке туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 55
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 58
Өлеңдер: 420
Нақыл сөздер: 31
Құттықтау, тілектер: 54
Туындылар: 1
Әңгімелер: 98
Ертегілер: 4
Поэмалар: 6
Шығармалар: 6
Анекдот, әзілдер: 10
Аңыздар: 7
Эсселер: 15

Сіз бар кезде...
Сіз бар кезде әкешім, Арайлы боп таң атар. Күн күлімдеп біздерге, Қуанышпен үн қатар. Ортамызда жүрші аман, Әніміз боп жырлатар! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім-ау, әкешім!
Әкешім-ау, әкешім, Алла жар боп болшы аман. Жүрегің мәңгі соқсын деп, Жаратқаннан сұранам. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жанұяның жүрегі
Жанұяның жүрегі, Әкетайым өзіңіз. Маңызды әке, қашанда, Әрбір айтар сөзіңіз.
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаршамаңыз, талмаңыз!
Шаршамаңыз, талмаңыз, Әкетайым, асылым. Балаларын, отбасын, Ойлап жүрер жасырын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаттығымыз сіз — Әке!
Шаттығымыз сіз — Әке, Бақ гүліміз сіз — Әке. Әрбір жылы саулықта, Жасаңыз сіз — жүз, Әке! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Асқар таудай Әкелер
Асқар таудай Әкелер, Ұл-қыздарын мәпелер. Тәрбиесін көрсетіп, «Адам бол» деп жетелер.Жібек Искакова 
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Өзің барда Әкешім
Өзің барда Әкешім, Бақыттымыз біздер тек. Амандықта жан Әке, Жүріңізші күлімдеп! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жүрегіміз сіз әке
Жүрегіміз сіз — Әке, Тірегіміз сіз— Әке. «Аман бол» деп қашанда, Тілейміз тек біз Әке! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім сен
Әкешім сен — асылсың, Көз тартатын маржандай. Әр сөзіңе біз әке, Тұра алмаймыз таңданбай. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкем менің
Әкем менің — жан ізгі, Бар жақсысын арнайтын. Ұл-қызына әдемі, Өмір жолын таңдайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әке деген...
Әке деген — Асқар тау, Таудай биік талабы. Ұл-қызына қарайтын, Мейіріммен жанары. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әке
Менің әкем еңбекқорАсқар таудай тұлғасы,Балалардың тірегіЖақсылардың жолдасы!
©  Баянғали Әлімжанов
Әке қолы
Қырларына гүл тұнып,Кетті дала құлпырып.Жайнар ма құм жондары?Құстар әнін төгіп бір,Ашпас еді өрік гүл.Арықтар да аңырап,Қалар еді қаңырап.Бақыт..
©  Абдрахман Асылбек
Әкешім
Аялайды әкешім,Аямайды мәпесін.Әке деген – асқар тау,Әке деген – шат есім.Жаса, жаса, әкешім,Әке деген – шат есім.Әкемді мен сүйемін,Алдында бас..
©  Абдрахман Асылбек
Мәдемі
Айналайын Мәдемі,Атың қандай әдемі!Айтулы қыз болсын деп,Ата-анаң дәмелі.Жайма-шуақ жаны бар,Жарасымды сәні бар.Аты-дағы ерекше,Анаң сенің –..
©  Абдрахман Асылбек
Әкеме
Айналайын жан әке,Арайлап атқан таң әке.Асқар таудай панамыз,Ақылшымыз – данамыз.Сен болсаң, әке, біз бармыз –Ұлдармыз, ерке қыздармыз.Жасай бер..
©  Абдрахман Асылбек
Әкелерге мың алғыс!
Алақанда мәпелер, «Адам бол» деп жетелер. Әкелерге мың алғыс, Әрбір сөзін елетер! Жібек Искакова
©  Алғыс айту күні
Арман
1Арман қойдым атыңды,Арманы көп болсын деп.Алыс пенен жақындыАсқар оймен шолсын деп.Арман қойдым атыңды,Арманы көп болсын деп.Қыран құстай..
©  Абдрахман Асылбек
Автобус
Бара жатқан тізіліп,Автобусқа қызығып,Дейді тұрып баласы:– Әке, әке, қарашы,Бірін сатып алайық,Ауылға алып барайық.Қайран қалсын балалар,Үлкен-кіші..
©  Абдрахман Асылбек
Әдепті бала
Ана тілін аламын,Әке тілін аламын:Қартқа қамқор боламын,Мен – әдепті баламын.
©  Ертай Ашықбаев
Әкем
Жаз келісімен, күн қызып,Машинасын жүргізіп,Барлық көрші баланыМаған қоса мінгізіп,Аралайтын даланы,Қыдыртатын қаланы –Әкем менің қандай-ды»
©  Ермек Өтетілеуов
Отбасы
Атамнан басталар,әжемнен қосталарОтбасым мыналар:Ең жақын адамдар –Әкем мен анам бар,Бір туған ағам бар,Бір туған апам бар...Бәрін жаұсы..
©  Ермек Өтетілеуов
Әкем — асқар тауым
Төбесінде бұлт аунар,Жер бетінде тұр таулар.Бірақ, мына мен үшін,Бәрінен биік бір тау бар.Кім десе егер сенерің,Әкем менің дер едім.Сол биікке күн..
©  Қуат Адис
Әкеде әке бола ма?
Ішің бәрін сезеді,Ілгеріні кезеді.Томпаңдаған қызымныңТөрт жастағы кезі еді.Нәрлі сөзге тоқталдық,Әңгімеге көп қандық.Әкем келіп ауылдан,Мәре-сәре..
©  Нағашыбай Мұқатов
Туған күніңіз құтты болсын, әке!
Жеке меншік мерекең, Құтты болсын әкетай. Арта берсін берекең, Амандық боп әкетай!
©  Жібек Ысқақова