👈 қаріп өлшемі 👉

Ата туралы Тақпақтар ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 103
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 155
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 23
Құттықтау, тілектер: 23
Баталар: 1
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 4
Поэмалар: 3
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 6
Эсселер: 1

ӘН МЕН ЖЫРҒА БАЙ АТА
Абай ата, ай ата,Ән мен жырға бай ата.Ол – данышпан, кемеңгер,Оны жәй ата демеңдер! 
—  Олжас БЕКМҰРАТ
ТАЛАП ПЕН АТАСЫ
Шiлде келдi,АлаптаПiсiп қалды шүйгiн шөп.Атасы айтты Талапқа:– Шөп шабуға жүргiн, – деп.Бармасқа жоқ амалы,Талап бiрге кетедi.Қарындағы шалабыЕкеуiне..
—  Ескен Елубаев
МƏНIСI
Атасы үнсiз,Əжесi де үнсiз.Папасы да үнсiз,Мамасы да үнсiз.Отырады меңiреу,Адамдардай тiлсiз.Бiр-бiрiне тiл қатса,Сөйлеседi iшiнен.Бөлме iшiнде..
—  Ескен Елубаев
Ата
Менің атам ақылдыБізге бата береді,Арқасына мінгізіпАттай шауып,желеді!
—  Баянғали Әлімжанов
Немеренің әні
Атамыз бар – «Дедушка»,Әжеміз бар – «Бабушка».Дейді мені: «Внугім»,Түсінеді мұны кім?Әлім деген атымды«Алимок» деп шақырды«Алимогім, Алимок, –Дейді..
—  Абдрахман Асылбек
Ата мен әжеме
Атамыз бар – дедушка,Әжеміз бар – бабушка.Немере деп қарайды,Шашымызды тарайды.Күнде күтіп-баптайды,Кәмпит, құртын сақтайды.Жасай берсін..
—  Абдрахман Асылбек
Ата-әжеге мың алғыс!
Немересін ойнатар, Сәл нәрсені тойлатар.Ата-әжеге мың алғыс,Көңілдерді жайлатар! Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
ҚАДІРЛІ АТАМ
Ақ қылау жоқ қашаннан,Сақалында,Шашында.Торқалы той жасалған,Толды жүзге жасы да.Тəтелер мен əкелер,Қарайды да жасына.Таңғалады əжелер,Қара мақпал..
—  Кеңесжан Шалқарұлы
ЕКІ АТАМ БАР ҮЙІМДЕ
Бірінші АтамАстанадаЕлбасы.Елдің қамын ойлаған.Екінші АтамАлматыда.Ақ əжемніңжанында,Ойынымды қолдаған.Бірінші АтамҮй төрінде күледі.Екінші..
—  Кеңесжан Шалқарұлы
Түлкі
Қалың орман, ну орман,Түлкі деген қу болар.Тауықтарды жеп кетсе,Ата, үлкен шу болар.Сондықтан да дұрысы,Атып алған оң болар.Тауықтарға тыныштық,Маған..
—  Асқаржан Сәрсеков
Менің атам
Күндіз-түні жатпайды,Ешбір тыным таппайды.Кетпен алып егіндіСуарады, баптайды.Мол астықты «Асылы, –Дейді, елдің нәсібі».Ол орылып біткенше –Осы болар..
—  Жеңіс Қашқынов
Жеті ата
– Баласының баласы –Көздерінің қарасы,Атасына немене?Әжесіне немене?– НЕМЕРЕ!– Немеренің баласы –Көңілінің санасы,Атасына немене?Әжесіне немене?–..
—  Серікбай Оспанов
Ата, асқа келіңіз
Ата, асқа келіңіз,Ас мәзірін көріңіз:Балдай шырын ас ішіп,Батаңызды беріңіз. 
—  Ертай Ашықбаев
Отбасы
Атамнан басталар,әжемнен қосталарОтбасым мыналар:Ең жақын адамдар –Әкем мен анам бар,Бір туған ағам бар,Бір туған апам бар...Бәрін жаұсы..
—  Ермек Өтетілеуов
Білмейді
Атасы да әбігер,Әжесі де әбігер.Қылығына ҚасенніңҚынжылады кәрілер.Мінезі тым жаңғалақ,Ізінен тұр шаң борап.Дәптері мен қаламынТаба алмай жүр он..
—  Болат Үсенбаев
Қолғабыс
Дала ызғар, таңғы леп,Шығыстан жел тұрыпты.Қасым жатыр қар күреп,Маңдайын тер жуыпты.Шаршауды еш білмейді,Түріп тастап білекті.Әрі-бері..
—  Болат Үсенбаев
Тәтті бала
Бақ құсымын атамның,Тәттісімін апамның.Тілім тәтті болған соңТәтті бала атандым.
—  Болат Үсенбаев
Атам айтады
Қиындық көп өмірде,Үйір болма жеңілге.Қиындықтан қашпағанБолады ертең жақсы адам.
—  Болат Үсенбаев
Атасының ақылы
Басқалар да байқасын –Өсті десем Өркенім…Ауырлығын айтасың,Арқаңдағы сөмкенің.Жеу үшін де талқанды,Еңбек етіп терлейсің.Жауыр қылмай..
—  Қуат Адис
Әкеде әке бола ма?
Ішің бәрін сезеді,Ілгеріні кезеді.Томпаңдаған қызымныңТөрт жастағы кезі еді.Нәрлі сөзге тоқталдық,Әңгімеге көп қандық.Әкем келіп ауылдан,Мәре-сәре..
—  Нағашыбай Мұқатов
Кім не береді?
Әже келеді,Көже береді.Ата келеді,Бата береді.Әжем мені «Ботам» дейді,Атам мені «Жотам» дейді.Мен әжемнің ботасы болам,Мен атамның жотасы..
—  Жарасқан Әбдіраш
Жүсіп ата
Ақ сақалыЖайқалады,Жүсіп атаАқ баталы.Шөбересін,КөгеретінАқбақайғаМінгізеді.Күміс жүген,ТізгініменТаспа тіліп,Шылбыр өрген.Бақ – ұшпақ бұл,Шөбере..
—  Егеухан Мұқамәдиқызы
АТА - ӘЖЕГЕ
Аман болсын басыңыз, Ағармасын шашыңыз. Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз.
Атама тақпақ
Ата - біздің кәріміз,Қуат берер дәріміз.Әулиедей аялап,Ардақтаймыз бәріміз! 
Ата
Ата отыр кәріміз,Қуат берер дәріміз.Әулиедей аялап,Ардақтаймыз бәріміз!

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы