👈 қаріп өлшемі 👉

1 наурыз туралы Тақпақтар ✍️


Тақпақтар: 21
Өлеңдер: 5
Құттықтау, тілектер: 22
Баталар: 17
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 7
Эсселер: 5

Құрбы-досқа мың алғыс!
Құрбы-құрдас, достарым, Аман болсын бастарың. Баршаңызға мың алғыс, Ашық болсын аспаның! Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Жиендерге мың алғыс!
Жат қылыққа бармайтын, Қайғы-мұңға салмайтын. Жиендерге мың алғыс, Жиендікті жалғайтын. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Нағашыға мың алғыс!
Әр уақытта қолдайтын, Үзілсе жіп — жалғайтын. Нағашыға мың алғыс, Бар жақсысын арнайтын! Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Ата-әжеге мың алғыс!
Немересін ойнатар, Сәл нәрсені тойлатар.Ата-әжеге мың алғыс,Көңілдерді жайлатар! Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Ауылдарға мың алғыс!
Топырағы тым ыстық, Қимастық біз қылыстық. Ауылдарға мың алғыс, Жол көрсеткен дұрыс қып! Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Бауырларға мың алғыс!
Жоқты бар қып жүретін, Адал өмір сүретін. Бауырларға мың алғыс, Жақсылықты білетін. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Сіңлі-әпкеге мың алғыс!
Мейіріммен үн қатар, Мұңайсаңыз жұбатар. Сіңлі-әпкеге мың алғыс, Жақындарын ұнатар! Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Аға-ініге мың алғыс!
Жаны ашып тұратын, Көңілдерін бұратын. Аға-ініге мың алғыс, Бар жақсыны қылатын. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Аналарға мың алғыс!
Жүректері мейрімді, Нұрлы етер үйімді. Аналарға мың алғыс, Түсінетін күйімді. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Әкелерге мың алғыс!
Алақанда мәпелер, «Адам бол» деп жетелер. Әкелерге мың алғыс, Әрбір сөзін елетер! Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Балаларға мың алғыс!
Өздеріне қаратар, Қуанышын таратар. Балаларға мың алғыс, Бақытына балатар. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Сәбилерге мың алғыс!
Қылығымен баурайтын, Көңілдерді аулайтын. Сәбилерге мың алғыс, Әр сөздері балдай тым. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Ән-жырыма мың алғыс!
Жүректерді тербейтін, Көңіл-күйді емдейтін. Ән-жырыма мың алғыс, Ешқашанда өлмейтін! Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Ай-жұлдызға мың алғыс!
Түннің сәнін келтірер, Көңілге күй шертілер. Ай-жұлдызға мың алғыс, Арнайы сый етілер. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Күн нұрына мың алғыс!
Арайлы таң ататын, Қызаратын, бататын. Күн нұрына мың алғыс, Күлімдеп үн қататын. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Өзге ұлтқа мың алғыс!
Елімізде тұратын, Бар көңілін бұратын. Өзге ұлтқа мың алғыс, Көңілге күй қылатын. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Өз жұртыма мың алғыс!
Сыйластықпен үн қатар, Жақсылыққа құмартар. Өз жұртыма мың алғыс, Қиын сәтте жұбатар.Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Өз ұлтыма мың алғыс!
Қанымыз бір, жанымыз, Арайлы атар таңымыз. Өз ұлтыма мың алғыс, Баға жетпес барымыз. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Отаныма мың алғыс!
Қазақ — деген аты бар, Өзгермейтін салты бар. Отаныма мың алғыс, Туғаны бар, жаты бар. Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Туған жерге мың алғыс!
Өзені бар, суы бар, Орманы бар, нуы бар. Туған жерге мың алғыс, Таңғажайып сыры бар! Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні
Алғыс айту
Түнде таңды атырған, Кешке айналып, батырған. Жаратқанға мың алғыс, Бар жақсысын шақырған! Жібек Искакова
—  Алғыс айту күні

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы