Әке туралы тақпақ туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 20

Жетеледің біздерді
Асқар тауым, әкешім, Біздерге дем беретін. Еркелетіп әрқашан, Маржан сөзін теретін.Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Тәрбиелеп өсірдің
Тәрбиелеп өсірдің, Әкетайым, асқарым. Атып таңың арайлы, Ашық болсын аспаның. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Отбасының жүрегі
Отбасының жүрегі, Бір өзіңіз әкешім. Қорғаны сіз, тірегі, Ардақты жан әкешім! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешімсіз қолдайтын
Әкешімсіз қолдайтын, Жамандықтан қорғайтын. Ұл-қызына әспеттеп, Бар жақсысын жолдайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Көңіліміз сізбенен
Көңіліміз сізбенен, Шаттық әуен орнайды. Басымызға жүздеген, Жақсылықтар орнайды. Асқар таудай әкешім, Сізбенен күн балдайды. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Көңілге шаттық беретін
Көңілге шаттық беретін, Қуанышын себетін. Асыл әкем, жан әкем, Сөз маржанын теретін. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Арайлы атар таңымыз
Арайлы атар таңымыз, Жайқалып өсер бағымыз. Әкешім сіз өзіңіз, Жүрегіміз, жанымыз. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ай, күнімсіз, жұлдызым
Жүзіңіз күліп тұратын, Шаттығымыз сіз әке. Жанымызды ұғатын, Шад күніміз сіз әке! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім деп....
«Әкешім» деп— ән саламыз, «Әкешім» деп — жыр жазамыз. Сізге қарап бойды түзеп, Өзіңізбен мақтанамыз. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Күніміз сіз сөнбейтін
Күніміз сіз сөнбейтін, Көкжиектен шығатын. Әніміз сіз тербейтін, Жанымызды ұғатын. Әкетайым, асылым, Біздерді ойлап тұратын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Сіз бар кезде...
Сіз бар кезде әкешім, Арайлы боп таң атар. Күн күлімдеп біздерге, Қуанышпен үн қатар. Ортамызда жүрші аман, Әніміз боп жырлатар! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім-ау, әкешім!
Әкешім-ау, әкешім, Алла жар боп болшы аман. Жүрегің мәңгі соқсын деп, Жаратқаннан сұранам. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жанұяның жүрегі
Жанұяның жүрегі, Әкетайым өзіңіз. Маңызды әке, қашанда, Әрбір айтар сөзіңіз.
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаршамаңыз, талмаңыз!
Шаршамаңыз, талмаңыз, Әкетайым, асылым. Балаларын, отбасын, Ойлап жүрер жасырын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаттығымыз сіз — Әке!
Шаттығымыз сіз — Әке, Бақ гүліміз сіз — Әке. Әрбір жылы саулықта, Жасаңыз сіз — жүз, Әке! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Асқар таудай Әкелер
Асқар таудай Әкелер, Ұл-қыздарын мәпелер. Тәрбиесін көрсетіп, «Адам бол» деп жетелер.Жібек Искакова 
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жүрегіміз сіз әке
Жүрегіміз сіз — Әке, Тірегіміз сіз— Әке. «Аман бол» деп қашанда, Тілейміз тек біз Әке! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім сен
Әкешім сен — асылсың, Көз тартатын маржандай. Әр сөзіңе біз әке, Тұра алмаймыз таңданбай. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкем менің
Әкем менің — жан ізгі, Бар жақсысын арнайтын. Ұл-қызына әдемі, Өмір жолын таңдайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әке деген...
Әке деген — Асқар тау, Таудай биік талабы. Ұл-қызына қарайтын, Мейіріммен жанары. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар