Тас туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 59
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 128
Жаңылтпаштар: 6
Нақыл сөздер: 13
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 4
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 2

Жұмсақ сөз тасты жібітеді.
Жапалақты таспен ұрса да,
Жапалақ өледі.
Жапалақпен тасты ұрса да,
Жапалақ өледі.
Ілім басқа жұғады,
Қына тасқа шығады.
Асыңды бермесең берме,
Бірақ тасыңмен перме
Не басын тасқа соқсын,
Не тасын басқа соқсын.
Тәмам-тәмам тас тәмам,
Шылапшын мен тостаған.
Ауызы асқа тигенде,
Тұмсығы тасқа тиді.
Көп сөзді ұғынып болмайды,
Қатты тасты үгітіп болмайды.
Бір таспен екі құсты ұрып алды.
Аспанға тас атпа,
Тақияң темір емес.
Жүгіріп өтті,
Кебісін тасқа сыдырып өтті.
Домалаған тас сорлыға тиеді.
Жинау мақсат болса –
Алтын ба, тас па – бәрібір.
Тасты тасқа байламас.
Биік таудың басы болмасақ та
Баурайындағы тасымыз.
Жасыңда алған білімің,
Тасқа басқан таңбадай.
Тасты жапалаққа ұрсаң да жапалақ өледі,
Жапалақты тасқа ұрсаң да жапалақ өледі.
Құл жиылып бас болмас,
Құм жиылып тас болмас.
Тасқа егін шықпас,
Қас жаманға білім жұқпас.
Асыл тастан шығар,
Өнер жастан шығар.
Тас түскен жеріне ауыр.
Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.
Тауды, тасты жел бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
Аттың көркі
Құйрық-жалы, құлағы.
Таудың көркі
Тасы менен бұлағы.