Данышпан туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 6
Өлеңдер: 27
Нақыл сөздер: 28
Әңгімелер: 6
Аңыздар: 1

Данышпандар мен ғалымдар — біз қарайтын өмірге басқаша қарайды. Олар ерекше ойлау қабілетіне ие. 
©  Нарша Булгакбаев
Данышпанның ақымақтықты ақтап алғанынан гөрі ақымақтың данышпанды жұрт алдында бар абыройынан жұрдай етуі əлдеқайда жеңілірек.
©  Лев Шестов
Данышпан дегеніміз – ең рабайсыз, сондықтан да ең мазасыз жан иесі. Трагедиядан лəззат алу үшін оны тек сахнадан көру керек.
©  Лев Шестов
Адам данышпан болуы мүмкін немесе барлық қажетті дағдыларға ие болуы мүмкін, бірақ егер ол өзіне сенбесе, ол толық жұмыс істемейді.
©  Марк Цукерберг
Данышпан адам табиғаттың өзіндей етіп келістіріп жасайды.
©  Александр Лосев
Данышпан адам өмір бойы сəби күйінде қалады.
©  Элиас Канетти
Данышпанның асқақтатқаннан гөрі төмендетілуі басым.
©  Жорж Батай
Данышпан адам табиғатынан жайсыз келеді: ал халық болса – тыныштықты қалайды.
©  Роберт Вальзер
Алға қарай ұмтыл: өмірде табандылықтың орнын ештеңе баса алмайды. Талантты болса да, жолы болмағандар көп. Данышпан болса да, ойлары жүзеге..
©  Рэй Крок
Ешкiм өзiнiң қандай екенiн көрсетпейдi, әркiм бетперде тағып, өзiнiң рөлiн ойнайды. Жалпы, барлық қоғамдық өмiр комедиялық қойылым сияқты. Бұл ойлы..
©  Артур Шопенгауэр
Мен өмірімде бір ғана адамды «данышпан» ретінде амалсыз мойындап, солай атадым. Өйткені, оның аты Данышпан болатын.
©  Аслан Қаженов
"Данышпан қателік жасамайды. Оның қателіктері қасақана.“
©  Джеймс Джойс
Шенеуніктің орнына еріксіз байланған данышпан не өлуі не ақылдан айрылу мүмкін. 
©  Михаил Лермонтов
Кітап адамның серігі ғой. Ақымақты ақылды, ақылдыны данышпан етеді.
©  Әселхан Қалыбекова
Алаш көсемдері рухани сұраныстарға жауап іздеген данышпандар, олар материялдық қажеттен жоғары тұрған заңғарлар. Сосын да жердегі ит өмірден биік..
©  Нұрхалық Абдырақын
Темірлан – ежелден сал-серілердің мекені.«Өлең – сөздің патшасы». Бұл сөзді данышпан Абай айтқан. Өлеңді бүкіл сөз өнерінің..
©  Аймақ Әбілда
Данышпан болу өнерің сыры – нені назарға алмау керегін білу. 
©  Уильям Джеймс
Өзіңе сен
 Адам асқан данышпан немесе түрлі қасиет пен қабілеттің иесі болып туылуы мүмін. Бірақ ол өзіне сенбесе, барлық қарым-қабілетін..
©  Марк Цукерберг
Өзендер мен көлдердiң жүздеген тау бұлақтарынан су жинайтын себебi, олар бұлақтардан төмен орналасқан. Осының арқасында олар барлық тау бұлақтарын..
©  Лао-цзы
Данышпандықты танып, білген де - данышпан. 
©  Ғабит Мүсірепов
Данышпандықтың құпиясы қарапайым — еңбек, табандылық және парасаттылық. 
©  Томас Эдисон
Дүниеге шын данышпанның келгенiн бар ақымақтың оған қарсы күреске бiрiккенiнен байқауға болады. 
©  Джонатан Свифт
Біздің әрқайсымыз-данышпан, бірақ әркім өз дәуірінде емес.
©  Леонид Сухоруков
Данышпандар туралы зерде - олардың өздері көтерген мәселелердің өзектілігі жойылғанша ғана ел жадында сақталады. 
©  Олжас Сүлейменов
Адам деген — әлемнің анық бағы,
Түсінер мұны олардың данышпаны.
©  Омар Хайям