Ой туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 68
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 456
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 207
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 1
Поэмалар: 8
Шығармалар: 3
Аңыздар: 1

Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы. 
©  Ғабит Мүсірепов
Ойсыз сөзде көркемдік те жоқ. 
©  Ғабит Мүсірепов
Сөз қасиеті – көркемдігінде, ой қасиеті – шындығында. 
©  Ғабит Мүсірепов
Көз көргенді ой таниды. 
©  Ғабит Мүсірепов
Адам ойының портретін жүзінен көруге болады. 
©  Ғабит Мүсірепов
Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы. 
©  Ғабит Мүсірепов
Жетістіктің құпиясы ойдағы істі бастап кетуде 
©  Марк Твен
Жақсы дос бойға жарасады,Жақсы жолдас ойға жарасады. 
©  Әлішер Науаи
Ойлай білген ер - көзсіз батырдан көп артық. 
©  Құтып
Қаймақ қосылған бүлдiргеннiң принципi: «Өзiм қаймақ қосылған бүлдiргендi ұнатамын, бiрақ балық құртты дұрыс көредi. Сондықтан мен балыққа бара..
©  Дейл Карнеги
Өркениеттің ең басты міндеті — адамды дұрыс ойлауға үйрету. 
©  Томас Эдисон
Сенім — бұл ойлана алмайтындар үшін жұбаныш. 
©  Томас Эдисон
Түзу жүрсең, түңілген жаныңда еңсеңді көтерер, сары уайымды ойыңа алмасаң, санамен де сарғаймассың. 
©  Викентий Вересаев
Бірқалыпты тіршілікке үйреніп қалған адам ауық-ауық ой-санасын қалдықтардан тазартып отыруы керек.
 
©  Пауло Коэльо
Ойдың жанарға жеткен жылтылындай – жанардың жарығы да жанға түседі.
 
©  Асқар Сүлейменов
Ой ойнамай – сөйлем жоқ.
 
©  Асқар Сүлейменов
Сөз - құлын да, ой - жылқы.
 
©  Асқар Сүлейменов
Кәміл болу қиын, бірақ ой қашады: халық – екі ұғымның құлы: кеткен мен келердің. 
©  Асқар Сүлейменов
Түс — күндіз бұққан ойдың ойыны. 
©  Асқар Сүлейменов
Қанша сүмірейткенмен: ой ойнамай — сөйлем жоқ. 
©  Асқар Сүлейменов
Махаббат деген – ақылыңыз бен ойыңыздың, жаныңыз бен қызығушылығыңыздың бір арнада тоғысуы. Сондықтан ол ең әйгілі сезім. 
©  Александр Куприн
Кейде тәуелсіз ой біз ұйықтап жатқанда оянады. 
©  Леонид Сухоруков
Шовинизм тарихи ойды ғылыми зерделеуге бөгет жасайды. 
©  Олжас Сүлейменов
Егер сіз өзіңіз туралы жақсы зат ойласаңыз, өзгелердің өзіңіз туралы не ойлайтындарына басыңызды қатырмайсыз.  
©  Михаил Литвак
Көңіл - дария, ой - дауыл. 
©  Бернияз Күлеев