Өркениет туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 4
Нақыл сөздер: 12
Әңгімелер: 2
Шығармалар: 1
Эсселер: 1

Күрделі өркениет адам себеп-салдары мен табиғаты мүлдем белгісіз езгерістерге бейімделе білуі керек деп есептейді.
©  Фридрих Август фон Хайек
Біз өркениет дағдарысы жайлы кез келген түсінікті қабылдауға əзірміз, бірақ бұл дағдарыстар біздің өзіміздің түбегейлі қателіктеріміздің салдарынан..
©  Фридрих Август фон Хайек
Өркениет принципі: жоғалтқаннан артық табу.
©  Элиас Канетти
Əр мəдениеттің өз өркениеті болады.
©  Освальд Шпенглер
Мəдениет пен өркениет дегеніміз – жанның тірі тəні мен өлі қаңқасы (мумия).
©  Освальд Шпенглер
Өркениет ірі қалаларда шоғырланған: өзін-өзі өлтіру де сонда.
©  Эмиль Дюркгейм
Ең өркениетті діндердің негізгі табынары – адам қасіретіне табыну екендігінен-ақ көп нəрсе аңғаруға болса керек.
©  Эмиль Дюркгейм
Американдық өркениет қаза мен ресми рəсімнен басқа жерде қара түстің не екенін білмейді. 
©  Жан Бодрийар
Газета - өркениеттің жойылуы мен велосипедтен құлаудың айырымын білмейтін баспасөз органы.
 
©  Бернард Шоу
Өркениеттің ең маңызды мақсаты – адамға ойлануды үйрету. 
©  Томас Эдисон
Өркениеттің ең басты міндеті — адамды дұрыс ойлауға үйрету. 
©  Томас Эдисон
Өркениет дегеніміз — мәдениетті қоғам қалыптастыру.
©  Джон Рескин